Жеке кабинетке кіру

dalmatyday 

      Мыңжылдық бойы Жетісу аумағы Қазақстанның саяси және рухани өмірінің нысанасы болды, Алматының республикамыздың астанасы болғаны да кездейсоқ емес. Қалада тарих, мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлері өмір сүріп, қызмет етті. Қаламыздың тарихи еліміздің жүріп өткен өмір жолында барынша толығымен сипатталады. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Алматы қаласы – қазақ мемлекетінің алтын бесігі. Біздің тәуелсіздігіміз ұшып шыққан ұя. Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастыққа танымал болды» деп атап өткен. Алматы басқа қалалар секілді тарихи көп қабатты. Бұл өзіндік тарих аккумуляторы, көрнекті оқиғалардың куәгері және қатысушысы. Қолайлы географиялық орналасуы, климаты, бірегей табиғи сұлулығы мұнда адамдарды тартқан. Қазіргі Алматы аумағында бірнеше қорғандардың болғаны туралы мәліметтер аз емес, бірақ кейбірі ғана біздің заманымызға дейін сақталған. Бұл 2500 жылдан аса уақыт болған сақтардың жерленген жері. Соңғы жылдары археологтар қала аумағынан қола дәуірінің көне елді мекені Бұтақтыны тапқан (3000 жылдан аса). 6-8 ғасырларда Жетісу аумағында көне түркі мемлекеттерінің қалыптасуына негіз болған мал-жер игеру экономикасы қалыптасқан. Дәл осы уақытта мұнда көптеген елді мекендер пайда болып, тұрғындар жер игерумен, оның ішінде жер суарумен айналысқан. Мұның бәрң 10-14 ғасырлардағы қала шоғырланудың гүлденуіне негіз болды. Осы ретте қолөнершілік қарқынды дамыды: қыш және әйнек, ұсташы және медициналық, зергерлік іс, құрылыс техникасының ілгерілеуі, сәулет және өнер. Халықаралық сауда қала өмірінің, экономиканың, ақша айналымының, коммуникациялардың дамуын ынталандырды. Жазба деректер Жетісудың бірнеше ірі қалалары туралы хабарлайды, олар Тальхир, Ики-Огуз (Эквиус), Лабан, Қаялық (ҚайлаҚ), ИланбалыҚ. Олардың арасында «Алмалық» - «Алмату» - Алматы» атауы болған. Қала аттары бұрын Рашид-ад Диннің еңбегінде кездескен (1274-1318). Ол Алмалық облысы туралы жазады. Сондай-ақ Алмалық атауы 1390 жылы Шереф ад-Дин Йездидің естеліктерінде көрсетілген. 16 ғасырдағы Захирид-дин Мұхаммед Бабырдың шығармаларында Алмату моңғолдар талқандаған қалалардың арасынан табылған. Алматы қаласы туралы Бабырдың замандасы, «Тарих-и-Рашиди» шығармасының авторы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тимур, Тимуридтердің әскер іс-қимылдарына байланысты» қаланы «Моғолстанның танымал орындарының бірі» деп атайды. 10-12 ғасырларда орын алған оқиғалар туралы айта келе, ол Оғыз-хан өз жорықтарының бірінде Алатагка жетіп, Алмалық облысында, Ақ-Қая жерінде әскери ардагерлер тобына барған деп жазады. Алмалық және Алатаг атауларын Іле Алатау мен Алматы ауданымен байланыстаруға болады. Осылайша, орта ғасырлық жазбаша көздер жиынтығы 10-14 ғасырларда қазіргі Алматы ауданында орналасқан Алмату-Алмалық қаласы туралы куәландырады. Алматы туралы даусыз деректер нумизматикалық көздерден алынған. 1979 жылы бұрынғы шекара училищесінің аумағынан күміс монеталар табылған. Тамғалы таста бұрын кездеген бейнелер назар аудартты. Осының негізінде шығыстанушы және нумизмат В.Н.Настич бұл монеталардың жергілікті, жетісулық екені туралы болжам айтты және қазіргі Алматы аумағында монета ауласының 13 ғасырда болғанын жорамалдады. Бұдан басқа, монеталардың бірінде монета ауласының атауы мен күні жазылғанын айқын аңғаруға болады: «чеканен этот дирхем в области (балад) Алматы в году пять…». Монета графикасы оны «Алматы» деп сенімді түрде оқуға мүмкіндік беріп, қазіргі мегаполис жерінде 13 ғасырда орналасқан, бүгінде Алматы деп аталатын қала атауын көре алуға болады. Алматының жасын анықтайтын белгі қала аумағындағы архологиялық қазбалардан табылған. Археологиялық зерттеулердің негізінде 7-9 ғасырларда қала аумағында бірнеше шағын елді-мекендердің орналасқанын, 9-10 ғасырларға қарай қазіргі Алматы жерінде бірнеше қалашықтар болып дамыған. Олардың ішіндегі ең ірісі қаланың оңтүстік бөлігінде, бұрынғы шекара училищесінің ауданында орналасқан. Мұнда саз-балшықтан жасалған ыдыс, қола мен темірден соғылған бұйымдар табылған. Мысалы, 1980 жылы мұнда орта ғасырлық ұсташы шеберханасының қалдықтары анықталған. Осы қаламен 13 ғасырдағы жоғарыда атлағн монеталардың табылуы байланыстырылады. Осылайша, археологиялық зерттеулердің, жазба және нумизматикалық көздердің негізінде, Н.Ә. Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» кітабында «... Алматы 10-11 ғасырларда қалыптасқан, және бұл өзіне тән барлық белгілерімен Қазақстанның ірі саяси, экономикалық және мәдени орталығы болған» деп атап өткендей, сеніммен дәлелдеуге болады. Алматының жасы туралы айта келе, оның мыңжылдығын анықтай отырып, қола және ерте темір дәуірінде Алматы ауданында адамдардың мекендеген уақытын емес (3000, 2500 және 2000 жыл емес), әкімшілік билік, қолөнер, сауда, оның ішінде халықаралық, мәдениет және идеология орталығы секілді ғылымда қала дефинициясы белгілері деп танылған елді мекеннің қалыптасқан уақытын атап өту қажет. 14 ғасырда Жетісудың қала өмірінде дағдарыс орын алады. Алматы құлдырайды. Алайда мұнда өмір ешқашан тоқтап қалған емес. Алматы өзінің мәнін Жетісу аумағындағы ірі елді мекеннің бірі және Қазақ хандығын қалыптастыру орталықтарының бірі ретінде сақтап қалды. Елді мекен көне Алматының дәстүрі мен оның атауын сақтап қалды. Қала тарихындағы жаңа кезең қазақ жерлерінің Ресей империясының құрамына кіруінен кейін басталды және мұндағы негіздеме 1854 жылғы Іле әскери бекінісі еді, ол кейін Верный деген ресми атауға ие болды. 1993 жылы Алма-Атаға оның тарихи атауы – Алматы қайтарылды. Соңғы он жылдық ішінде Алматыда тарихи және археологиялық зерттеулер өткізіліп, нәтижелері ғылыми конференцияларда талқыланды. 2006, 2010 және 2014 жылдары ғалымдар қаланың мыңжылдық тарихы туралы деректер келтіре отырып, оның жасы туралы мәселені талқылады. 2014 жылы «ЮНЕСКО-ға Алматының жасы туралы өтінім білдіру» бойынша «Алматы Халықаралық мәдени форумның» алғашқы қарары қабылданды. 2015 жылы ЮНЕСКО 2016 жылғы мерейтойлық даталарға «Алматының мыңжылдығын» енгізу туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы қарашада Парижде ЮНЕСКО-ның 38-ші сессиясында сөз сөйлеп, бұл оқиғаны Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығының маңызды кезеңі деп атап өтті. Осыған байланысты алдағы мерейтой халықаралық мәртебеге ие болады.