Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Басты жаңалықтар

 

Название мероприятия

Место проведения

Дата и время проведения

Ответственные

1

«Ұлы Дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі в рамках Дня столицы

ТТИ «Алатау»

5 июля

16.00 ч.

Управление культуры и архивов города Алматы

2

Празднование Дня столицы –Молодежная дискотека

Площадь им. Абая

6 июля 20.00 ч.

Управление культуры и архивов городаАлматы

Алатауский район

3

Празднование Дня Столицы

Площадь перед акиматом Алатауского района

05.07.2017 г. 17.00 ч.

Аппарат акима Алатауского района

Алмалинский район

4

Праздничноемероприятие, посвященноеДню Астаны

 

ТРЦ «Мега Парк»

06.07.2017 г.

17.00 ч.

Аппарат акима Алмалинского района

Ауэзовский район

5

«Город мечта – Астана!»

Парк «Фэмели»

05.07.2017 г. 11.00 ч.

Аппарат акима Ауэзовского района

Бостандыкский район

6

Празднование Дня Столицы

ТРЦ Мега Алматы, амфитеатр

06.07.2017 г.

18.00

Аппарат акима Бостандыкского района

Жетысуский район

6

Празднование Дня Столицы

Площадь перед зданием акимата района

06.07.2017 г.

11.00 ч.

Аппарат акима Жетысуского района

Наурызбайский район

7

Торжественное мероприятие "День Столицы"и 3-летие Наурызбайского района

Микрорайон «Шугла»,

пр. Абая (площадь перед новым зданием акимата района)

04.07.2017 г.

17.00

Аппарат акима Наурызбайского района

Медеуский район

8

«Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі»

ЦПКиО г. Алматы

06.07.2017 г.

12.00

Аппарат акима Медеуского района

Турксибский район

9

Празднование Дня Столицы

Парк им. С. Сейфуллина

(ул. Шолохова, угол

ул. Щербакова)

05.07.2017 г.

18.00 ч.

Аппарат акима Турксибского района

 

Құрметті жыр сүйер қауым, Алматы қаласында 5-ші шілде күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» атты Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді. Фестивалда танымал жыршылар Берік Жүсіпов, Ақылбек Өтешов бастаған өнер майталмандары және Өзбекстан, Башқұрт, Қырғыз елінен келген өнер иелері ұлттық мұрасымен сусындатпақ. Қазақ-қырғыз өнерінің тарихи сабақтастығын жаңғыртып жүрген Роза Аманова да дүбірлі кештің құрметті қонағы болмақ. Өнер кешінде жас жыршылар да халық алдында өнер көрсетеді.

Өтетін уақыты: 05.07 2017ж.  

Басталуы: 16.00

Өтетін орны:  Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театры

Қосымша ақпарат: 

Ыбыкенова Арай  8778 859 88 95.

Астанада «ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесі аясында «Алматы қаласының мәдени күндері» бағдарламасы ұсынылады.Аталған шара 10 - 19 маусым аралығында өтеді, оған 400-ден астам адам қатысады, олар - эстрада жұлдыздары, артистер, қолөнершілер, шығармашылық ұжымдар және басқалары.

11 маусымда «Қазақстан» ОКЗ-да мәдени күндер салтанатты түрде ашылады жәнеРоза РымбаеваныңҚайрат Нұртастың,«Дос-мұқасан»,«Салтанат» ансамбльдерінің, Айқын мен Луинаның, «Бала дауысы» балалар байқауы жеңімпаздарының,«Рензо», Аюми», «Кешью», «Жігіттер» топтарының, Мәдина Араппаева мен Мәдина Сәдуақасованың және «Сарын» дуэтінің қатысуымен «Махабатпен, Алматыдан!» атты концерт қойылады.

12 - 16 маусым аралығында Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында күніне екі реттен өзінің«Құлыншақ пен Бөлтірік», «Веселые медвежата» атты үздік қойылымдарын қазақ және орыс тілдерінде көрсетеді.

16 - 17 маусым аралығында «Алатау» дәстүрлі театрының «Жастар» театрында «Асқақтай бер, қазақтың сазды әуені» атты мәдени кеші өтеді.

17 маусымда сағат 11:00-де көрмеге келушілерге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынады.

Алматының 50 үздік суретшісі мен қолөнершеберлері бұйымдарын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізетін «Алматының этно-ауыл» көрмесі үздіксіз жұмыс істейді.

Мерекелік шаралар 18 маусым күні «Астана ЭКСПО -2017» халықаралық арнайы көрмесінің амфитеатрында «Асқар таулы Алматы!» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланады. Оған Ерболат Шалдыбеков, Рамазан Стамғазиев, Бейбіт Мұсаев, «Жетіген»,«Сазген сазы»,домбырашылар және «Салтанат» ансамбльдері,Шолпан Даржанова, Сауле Жұмабай, Н. Аширова, Еділ Құсаинов, Ғазиза Габдахимова, «Арлан» театры, Азамат Асқаров, Асылбек Еңсепов, «Арт Дала», «Ұлытау»,«Алашұлы» топтары және басқалары қатысады.

Қазақстан жерінде қолға алынып, бүгінде ұлттық маңыздағы мәдени бренд мәртебесіне ие болған The Spirit of Tengri халықаралық жобасы биылғы жылдың көктем, жаз, күз мезгілдерінде Астана мен Алматыда бірнеше музыкалық іс-шара ұйымдастырмақ. Концерттер қатарын Алматының басты open-air алаңында өтетін және бүгінгі күні дәстүрге айналған ауқымды фестиваль бастайды. Мамырдың 20-21 күндері The Spirit of Tengri 2017 фестивалінің сахнасына Жапония, Африка, АҚШ, Башқұртстан, Бурятия, Тува, Ішкі Моңғолия (Қытай), Қазақстан және басқа да елдерден келген музыкалық ұжымдар шығады. Керемет музыка мерекесінің қонақтары бас-аяғы 13 ұжымның өнерімен танысып, тәнті бола алады.

The Spirit of Tengri 2017 фестиваліне қатысушылар тізімі:

Oki Dub Ainu Band (Жапония)

DJ Carmen Rizzo (АҚШ)

Huun Huur Tu (Тува)

Sekou Kouyate (Гвинея)

Folk Project Katya Yamshchikova (Башқұрстан)

Speed Caravan (Франция/Алжир)

Robert Yuldashev & Kuraisy (Башқұрстан)

Shono (Бурятия)

Dudu Tassa & The Kuwaitis (Израиль)

Marga Muzika (Литва)

Барабаны Алматы Жобасы (Қазақстан)

«Тиграхауд» (Қазақстан)

DJ Almaty Drums Project (Kazakhstan)

«Tigrahaud» (Kazakhstan)

DJ Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov(Қазақстан)

Мейрам қонақтары үшін ауқымды, әрі мазмұнды музыкалық бағдарлама әзірленіп жатыр.

Қазақстан атынан «Тиграхауд» этно-рок тобы,диджеи Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, пенұрмалы аспапшылардан құрылған «Барабаны Алматы» жобасы өнер көрсетеді.

Көрермендер әлемге әйгілі тувалық «Huun Huur Tu» тобындағы көмеймен ән айту шеберлерінің өнерін бағалай алады. Бұл топ сахнаға «Грэмми» жүлдесін 2 мәрте иеленген америкалық атақты ди-джей Кармен Риццомен бірге шығады.

Ал, Башқұртстаннан келген Folk Project Katya Yamshchikova музыкалық ұжымы орыстың халық әндерін шырқайды. Қалған топтар The Spirit of Tengri жобасына алғаш рет қатысқалы отыр.

Мәселен, жапониялық Oki Dub Ainu Band тобы – жергілікті айну халқының өкілдері.

Литвалық Marga Muzika тобы фестивальда ЮНЕСКО тарапынан қорғалатын әндерді орындайды. Өнер ұжымы шараға Алматыдағы литвалықтар Қауымдастығының және StudioDA дизайн мен сәулет студиясының қолдауымен қатысқалы отыр.

Гвинеялық Sekou Kouyate тобының орындауында Алматы аспанында африкалық әуендер әуелейді.

Роберт Юлдашевтың ұжымы, Башқұртстаннан келетін "Курайсы" тобы өзгелерге ұқсамайтын керемет əуезді əуендер шығарады. Топ мүшелері фестивальда көне аспап - курайдың үнін назарларыңызға ұсынбақ.

Алжир мен Франция өкілдерінің басы қосылған Speed Caravan тобы Алматыға заманауи араб музыкасын әкелсе, Shono тобы Бурятия халқының музыка өнерін паш етеді.

Сахна төріне израильдік қонақтар - Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы да шығады. Олар фестиваль қатысушылары қатарына Израильдің Қазақстандағы елшілігінің белсенді қолдауымен қосылып отыр.

Биыл фестиваль сахнасының орналасуына ерекше мән беріледі. Сахнадағы көріністер алаңның кез-келген жерінен көрінеді.

Сондай-ақ, шоу барысы сахнаның екі жағына қойылатын Led-дисплейлер арқылы көрсетіледі.

Алаңда этникалық ауыл тұрғызылады. Ол жерден шараға келушілер шеберлердің қолынан шыққан киім-кешектер, музыкалық аспаптар мен кәдесыйлар сатып ала алады.

Алаңның логистикасы, сахнаның ерекше орнатылуы, аумақтардың функционалдылығы – мұның барлығы көрермендердің жақсы демалып, көңіл көтеруі үшін ойластырылып отыр.

Мерекенің тосынсыйы – екі дисктен тұратын арнайы DVD-топтаманың тұсаукесері. Таспаларға өткен жылғы фестивальдің бейненұсқасы мен үздік тректер жинақталған.

The Spirit of Tengri 2017 – керемет концептуалды шоу, жарық пен музыка үйлесім тапқан көріністер, жаңартылған құрам, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған әйгілі әртістер. Алматы тұрғындары мен Оңтүстік астана қонақтарының сүйікті отбасылық мерекесіне айналған дәстүрлі шара! Өткізіп алмаңыздар!

Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді

Жарық пен дыбыс ұсынған - KZ Sound компаниясы

Жобаның Бас серіктесі — Kaspi.kz

Басталуы – сағат 17.00-де. Кіру тегін

The Spirit of Tengri 2017 халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалінде кездескенше!

Жалпы ақпарат

The Spirit of Tengri - мульти-мәдени жобаОның мақсаты – Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнері өкілдерінің басын қосып, Ұлы Дала және бүкіл әлем халықтарының бай мұрасымен таныстыру. 2012 жылы Tengri FM Ұлттық радиостанциясы жобаның негізін қалады. Өткен төрт жылда фестиваль сахнасында әлемнің 40 елі және аймағынан жиналған этно-ұжымдар мен орындаушылар өнер көрсетті. Жоба басталғалы концерттерді 70 мың адам тамашалап үлгерді.Жоба шет мемлекеттерде де танымал. Жыл сайын The Spirit of Tengri жобасының қатысушылары Womex әлемдік музыка форумында таныстырылып тұрады. The Spirit of Tengri әртістері мен ұйымдастырушылары әлемнің түкпір-түкпірінде белсенді түрде концерт беріп тұрады.


Бізбен байланысу:

Фестивальдің пресс-атташесі - Мария Мирная
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тел: +7 777 666 000 5

www.thespiritoftengri.com
www.tengrifm.kz

Энергетика –заманауи әлемдік экономиканың негізгі элементі. Ондағы жағымды және жағымсыз трендтерді дәл анықтап, оның қолжетімділігіне тек жеке аумақтардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттердің де  даму қарқындары байланысты.

Бүгін бүкіл әлемдегі ең келешекті бағыт – «жасыл энергетика», яғни  жаңартылған көздерден (ЖЭК) энергия алутехнологиялары. Оларды дамыту  және жетілдіру энергия тапшылығын толтыру, экологиялық проблемаларды шешу және әлемдік экономиканың технологиялық дамуының жаңа кезеңінің қажеттігімен шартталған. ЖЭК спектрі мен ауқымы өте кең – жергілікті жел қондырғыларынан бастап ғарыштан энергия алудың жаһандық жобаларына дейін.

Жасыл энергетика энергияны алу, беру және пайдаланудың келешекті тәсілдерінің жиынтығын білдіреді, олар дәстүрлілер сияқты кең таралмаған. Алайда олардың келешегі даусыз.

«Жасыл энергетика» экологиямен тығыз байланысты. Дәстүрлі көздерге, мысалы, көмірсутектерге қарағанда, ЖЭК қолдану климаттың өзгеруі сияқты ғаламшардың экожүйесі үшін зиян келтірмейді. Заманауи постиндустриялық әлем экономикаға көңіл бөлуді қоршаған ортамен өзара әрекеттесуді есепке алумен адам қажеттіліктеріне өзгертуді талап етеді. «Жасыл» энергетиканың дамуы тұрақты дамудың міндетті шартына айналып, табиғи жүйенің сақталуының және қоршаған ортаның тиісті сапасының қолдау негізі болуы тиіс.

«Астана ЭКСПО- 2017»  93 күн ағымында жергілікті аумақта болашақ энергетикасының қандай болу керектігін және болатындығын ғана емес, сондай-ақ дамушы елдердегі қажеттіліктермен байланысты проблематиканы  көрсету үшін осы саладағы үздік әзірлемелерді жинау мақсатын алға қояды. Астанада жиналған жетекші әлемдік сарапшылар «жасыл энергетика», оның қолжетімділігі, экологиялығы және үнемділігі алдағы онжылдыққа дамудың негізгі трендіне айналу үшін не істеу керектігін талқылайды. 

Фильм  отбасылық құндылықтарды дәріптейтін әлеуметтік драма. Өмірінің маңызды, басы таңдаулары алдына келген бас кейіпкер Асқар, өмірдің ащы заңдылықтарына қарамай отбасы құндылықтарын сақтауға тырысады.  Басына түскен ауыр-соқпақ қиыншылықтар оның рухына күш беріп, отбасын сақтауда бар күш-жігерін жұмсайды

Фильм үлкен экранға 27 сәуір 2017 жылы жол тартады.


Бас продюсер и идея авторы: Азамат Сатыбалды

Қоюшы-режиссер: Ардак Толеубай

Қоюшы-оператор: Жантай Кыдыралиев

Басты рөлдерде: Азамат Сатыбалды,  Зарина Карменова, Оразхан Кенебаев, Айжан Байзакова, Алимхан Мырзахан, Еркебулан Дайыров, Тынышгуль Султанбердиева

Өндіруші: «CINEMA COMPANY 28»

Жанр: мелодрама

Ұзақтығы: 90 мин

Шығарылым жылы: 2017 ж.

Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен ағымдағы жылдың 13 сәуір күні сағат 14.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Алматыфильм» киностудиялары бірлесіп, Гүлсім Оразалиеваның «Нұртас Оңдасынов» атты кітабының желісі бойынша түсірген, Қазақстан Үкіметін ең ауыр жылдарда (1938-1951) 13 жыл табан аудармай басқарған республикамыздың экономикасы мен өнеркәсібінің, мәдениеті мен ғылым-білімінің дамуына ұланғайыр үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың өмірі мен қызметін баяндайтын деректі фильмнің тұсаукесері өткізіледі. Режиссеры: Оңласын Тастанов.

Деректі фильмнің мақсаты халқы үшін қалтқысыз еңбек еткен ердің атын ұмытпай, оның өнегелі істерін бүгінгі өскелең ұрпаққа дәріптеп үлгі ету.

Деректі фильмнің тұсаукесеріне жазушы-драматург Д. Исабеков, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т. Медетбеков, академик С. Қирабаев, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Оңдасыновтанушы Г. Оразалиева т.б. бірқатар беделді тұлғалар қатысады.

Нұртас Оңдасынов Қазақстан Үкіметін ең ауыр –Ұлы Отан соғысы кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда республиканың ішкі экономикасы мен мәдениетінің, ғылым-білімінің дамуына барынша күш сала отырып жан-жақты дамыта басқарған дара басшы.

Ол 1938 жылы Шығыс Қазақстан облысы Атқару комитетінің төрағасы, 1938-1951 жылдар аралығында (13 жыл) Қазақ ССР Үкіметінің Төрағасы, 1951-1953 жылдары КПСС ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқып, 1953-1954 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Төрағасы, 1955-1962 жылдары Гурьев облыстық Атқару комитетінің төрағалық қызметінен кейін 5 жыл облыстық КП ОК бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Соғыс жылдарында, республикамызда Ғылым Академиясының жеке шаңырақ көтеруіне, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институты мен Ұлттық Консерваториясын құруға, Шет тілдер, Дене тәрбиесі және барлық облыс орталықтарында Мұғалімдер институтының ашылуына бірден бір ұйтқы болған қайраткер тұлға.

Сонымен қатар, еліміздегі ірі құрлыстар: Ертіс-Қарағанды, Арыс-Түркістан, Мырзашөл каналдарының, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбедегі ірі зауыттардың, сонымен қатар Мойынты-Шу темір жолының салынуына басшылық жасап, ерекше іскерлігімен танылды.

Ал, бүгінгі «Қазақфильмнің» де негізі сол уақыттан бастау алады. Басқа республикаға эвакуациямен кетіп бара жатқан «Мосфильм» мен «Ленфильмді» Қазақстан Үкіметі атынан арнайы Қазақстанға шақыртқан Нұртас Оңдасынов екенін қазір біреу біліп, көбіміз білмейміз. Екі киностудияның хас шеберлерінің қолдауымен «Райхан», «Абай әндері» фильмдері түсірілді.

«Зейнеткерлікке шыққаннан соң шығармашылық қызметпен айналысып, 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді» — дейді Д. А. Қонаев өзінің «Өтті дәурен осылай» кітабында.

Н.Д. Оңдасынов - үш рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медельдармен, Құрмет грамоталармен марапатталған.

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Алатау дәстүрлі өнер театры».

Мекен-жайы: Алғабас-1, 6 үй. Т. Рысқұлов және Б. Момышұлы көшелерінің қиылысы.

Анықтама телефондары: 7047 47 300, 8 705 879 67 26. 272-22-08, 271-65-34.

Эл. почтаundasinova86@mail.ru

MUSIQ SUMMIT – Қазақстандағы тұңғыш спорттық-музыкалық фестиваль. Оның мақсаты – Қазақстандағы жас ұрпақты белсенді өмір сүруге дағдыландыру, сонымен қатар, осы заманның сан алуан музыкалық бағыттар әуесқойларын бір ортаға жинау. Фестиваль спорт пен әсем әуенге толы, баршаға қуаныш сыйлар өте қызықты орын болуға тиіс.
Фестивальде әлемге әйгілі диджейлер мен Хип-хоп музыкасының ең үздік орындаушылары өнер көрсетеді. Фестиваль аясында сондай-ақ, батылдықты талап етер жарыстар мен бишілер байқауы өткізіледі.

Өткізілер орыны – «Алматы Арена».
Мерзімі - 21 наурыз.
Әртістер - Headhunterz, L'one, Александр Попов, Lucky Charmes, Скруджи.
Күндізгі спорттық бағдарламаның басталуы - 12:00 (еркін кіруге болады).
Кешкі спорттық бағдарламаның басталуы - 17:00 (билетпен кіргізіледі).

  2017 жылдың 22 наурызында Астана алаңында және Атлетикалық ауылда Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі тойланады.  

Астана алаңына киіз үйлер, әр түрлі қостар, шатырлар тігіліп, Наурыз тақырыбына орай жасалған инсталляциялар орнатылады. Мерекеде «Мүшел» атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан  салт-дәстүрлік, ритуалдық «Самалық», «Түлік жыры» сияқты ән-жырлар орындалады. «Самалық», «Түлік жыры» - наурыз күні қазақтың көнеден келе жатқан жыр айту дәстүрі.

Мерекелік қойылым өтетін алаң біртұтас сахналық кеңістік принципімен безендіріледі. Барлық мерекелік іс-шаралар, ән-би, театрландырылған қойылым КБТУ ғимаратының алдына жиналған бүкіл жұртшылық бірдей көретін сахнада өтеді. 

Ал Атлетикалық ауылдағы мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қонысқа қонған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады. 

Мереке өтетін алаңға «шамдал», «қос», «көне сауда арбалары», «таңбалы тастар», «тарих тегершігі» атты инсталляциялар және ұлттық нышандағы әр түрлі мүсіндер қойылады. 

Ұлыстың ұлы күні мерекесінде Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркін Шүкіман, Айгүл Қосанова сынды қазақтың айтулы әншілері, Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі, «Қоңыр», «МузАрт», «Алашұлы»  топтары, Айқын, Әли Оқапов,Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева сияқты танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Алматыда 2 наурызда «Ұлы даланың Наурызы» мерекеленеді. Алғаш рет салтанатты шаралар бірден екі алаңда: «Астана» алаңы мен Атлеттер ауылында өтеді.

Салтанатты шараларға 700-ден астам артистер қатысады, олардың арасында шығармашылық ұжымдар, ходулистер, дәстүрлер театрлары,солистер, би топтары және басқалары бар. Бұлардан өзге бұқаралық «Көрісу» би флеш- мобы да өтеді.

Концерттерге “Ялла” тобы, Айқын Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова, Әли Оқапов, Әлішер Каримов, Маржан Арапбаева, Индира Еділбаева,«МузАРТ»,«Аюми»,«Voice» топтары, Рамазан Стамғазиев, Жасұлан Сақаев, Нұржан Жанпейісов, Еркін Шүкіманов, “Сазген Сазы” фольклорлық- этнографиялық ансамблі, Айгүл Қосанова,«Қоңыр» тобы,«БАХЫТ KIDS» балалар хоры, “Отырар Сазы” фольклорлық -этнографиялық ансамблі,“Алашұлы” тобы,“Жорға” би тобы, “Туған жер” би ұжымы, “Алан” тобы, Малика Есмұханбетова, “МузАРТ лайф» тобы және басқалары қатысады.

Астана алаңына киіз үйлер, әр түрлі қостар, шатырлар тігіліп, Наурыз тақырыбына орай жасалған инсталляциялар орнатылады. Мерекеде «Мүшел» атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан « Самалық», «Түлік жыры» атты салт-дәстүрлі, ритуалды ән-жырлары орындалады.

Ал, Атлеттер ауылындағы мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қоныстанған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады.

«Номад» каскадерлар тобы «Жігіттер», «Қыз қуу», «Аударыспақ»,«семсерлесу» көріністері арқылы өз өнерлерін көрсетеді. Бағдарламаға «Қой көтеру», «Ләңгі тебу», «Арқан тарту» сияқты шеберлік пен ептілікті паш ететін қазақ ұлттық ойындары да енгізілген.

Екі мерекелік алаңда да музыка аспаптарының, бүркіт пен тазының көрмесін және арқанмен жүретіндер мен ходулистердің өнерін көрсету де жоспарланған.

«Наурыз» мерекесі барысында бауырсақ пен «Наурыз көже» тегін беріледі.

Мереке соңы кешкі бағдарлама мен отшашуға ұласады.

Алматыда Универсиада 2017 арналған «Спорт Әлемді біріктіреді» өнер фестивалі өтті, фестивальды «Дети рисуют мир» ҚҚ ұйымдастырды. Фестиваль 4 жобадан тұрды: «Өнер әлемді біріктіреді», «Балалар әлемді біріктіреді», «Спорт Әлемді біріктіреді» және «Универсиада сәттері». 2017 жылдың 29 қаңтарынан 8 ақпанына дейін спорт жарыстарына келушілер, Универсиада спортсмендері мен қонақтары аталған Фестиваль аясында өткен бірқатар іс-шараларды тамашалай алды.

«Спорт Әлемді біріктіреді» өнер фестивалінде көркемсурет және декоративтік-қолөнер жанрындағы жұмыстар, заманауи өнер мен монументалды өнер, инсталляциялар мен фотосуреттер қойылды. Универсиаданың спорттық нысандарында қойылған жылжымалы көрмелерде ересек суретшілер мен жас дизайнерлердің туындыларымен қатар, жас дарындардың да туындыларын көру мүмкіндігі болды. Оған қоса шығармашылық шеберлік сабақтары мен интерактивтер ұйымдастырылды. Алайда, рет-ретімен баяндайық.

«Спорт әлемді біріктіреді» жобасы ҚР Суретшілер одағымен бірігіп ұйымдастырылды, жоба бірнеше бөлімнен тұрды: көрмелер, пленэр, байқау және пленэр жұмыстарының қорытынды көрмесі. «Алматы Арена» Мұз Сарайының 1-ші қабатында заманауи көркемсурет өнерінің көрмесі орналасты, онда қазақстандық суретшілер туындыларының ретроспективасы көрсетілді. Экспозиция сүйікті қаламызға және сүйікті елімізге арналған Қазақстанның әйгілі суретшілерінің бірегей еңбектерінен құралды.

Сондай-ақ, Фестиваль аясында Республикалық пленэр-байқау өтті, онда Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген қылқалам шеберлері спорттық ойындарды шынайы режимінде суреттеді, этюдтар жазды. Барлық спорт нысандары, жеке жарыстардың сахналары қысқы пленэрдың нысандарына айналды. Универсиада соңына пленэр жұмыстары «Ұлар» галереясында қойылды, онда пленэр-байқаудың қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

«Балалар әлемді біріктіреді» жобасы Орталық Азиядағы мәдениетаралық және шығармашылық білім бойынша ЮНЕСКО Обсерваториясымен бірігіп ұйымдастырылды, жоба балалар суреттерінің үлкен экспозициясын ұсынды, экспозиция «Халық Арена» Мұз Сарайында орналасты. Көрермендердің назарына балалардың көркемсурет және декоративті-қолөнер саласындағы еңбектерінің көрмесі ұсынылды. Бұл Ә.Қастеев ат. Сурет өнері және техникалы дизайн мектебі – ЮНЕСКО-ның І Қазақстандық клубы - оқушыларының еңбектері, олардың жұмыстары еліміздегі және шетелдегі көптеген көрмелерге қатысқан.

Экспозиция түрлі техникаларда және түрлі материалдарды қолданумен жасалған суреттерден тұрды. Бұл жерде көркемсурет, графика, аппликация мен коллаж, пастель мен граттаж болдыДекоративтік-қолөнер экспонаттары арасында шыныдан, металдан, қыштан, киізден, сазбалшықтан, фольгадан, сымнан жасалған еңбектер кездесті.

«Дети Рисуют Мир» ҚҚ ұйымдастырған «Өнер әлемді біріктіреді» жобасы үш спорт нысанын қамтыды: «Алматы Арена», «Халык Арена» және «Медал Плаза». Жоба экспозицияларының бірі Медал Плазада қойылған "I love Universiade" көлемді әріптері болды. Республика Сарайы алдындағы Абай алаңына келген әр демалушы өзін шығармашыл-суретші тәрізді сезініп көрді. Ерекше батылдылар бірден қолдарына қылқалам алып, әріптерді бояу арқылы өз өнерлерін көрсетуге ұмтылды. Осылайша олар қала өміріндегі өздерінің қайталанбас іздерін қалдырды.

Фестиваль аясында, сондай-ақ Медал Плазада, балалар мен ересектерге арналған шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды, оларды «Балалар Әлемді суреттейді» Қоры «Art Invest» Оқу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Ол жерде мүсіндеу, қыш ісі, көркемсурет пен қолөнер болды. Ұйымдастырушылар Фестивальдың көптеген іс-шаралары арасынан әркім өзіне қажеттісін табарына сенімді еді!

«Алматы Арена» Мұз Сарайында Алматының жас дизайнерлерінің «Снежки – Қар кесектерін лақтыру» атты инсталляциясы орналасты. Бұл қыс ойыны әркімге де танымал. Аталған еңбегі арқылы автор бізді бейқам балалық шақ, ойын мен сауық туралы сағыныш естеліктерге бөлегісі келді. Кешкі уақытта бұл инсталляция аса қызықты болды, себебі «кесек қарлар» ішінен жанып тұрды.

«Шығармашылық әлемді біріктіреді» жобасының тағы бір экспозициясы -бұл атақты қазақстандық суретші Ботакөз Ақанаеваның көрмесі еді, оның еңбектері көрермен жанарын қайталанбас сұлулығымен және бірегейлігімен жаулап алды. Көптеген отандастарымыз, Универсиадаға келген шетелдік қонақтарымыз суретшінің еңбектеріне ұзақ уақыт үңіле, көлемді еңбектерінің әр бөлшегін талдай қарады. Таңғажайып тантамарескалар экспозицияның ерекше бір бөлігі болды, онда жаны нәзік жандар өздерін венециялық дәуірдің ханзадалары сезінді, сол дәуірдің бірегей бейнелерін өлшеп көрдіҚолөнер көрмесі «Халық Арена» Мұз Сарайының 2-ші қабатында өтті.

«Дети Рисуют Мир» қоры декоративті-монументалды өнерді де ұсынды. Алматының жас суретшілері «Халық арена» спорт кешенінің бір қабырғасына сурет салды. Сұлба мәскеулік райтер Костя Zmogkтікі, ол Универсиадаға арнап қызықты энергиялы геометриялы дизайн жасады. Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары өз көздерімен «тірі кенеп» жазылу үрдісін бақылады, әсіресе қабырғадағы суреттің күнбе-күн ауысуын тамашалады.

Бұл жобада фотоөнер де қамтылды. Қазақстанның бай әрі сан-алуан табиғаты фотокөрменің стендтерінде орнатылды. Экспозиция Қазақстанның әйгілі суретшісі - Деонисий Мить – жұмыстарынан құралды. Суреттердің авторы осынау ғажайып әлемді бізге фотографтың объективі арқылы көрсеткісі келді. Қазақстандықтарды таңқалдыратын табиғаттың тамаша көріністерімен шетелдік қонақтарды да таныстырғысы келді.

«Халык Арена» сарайында көптеген елдердің, соның ішінде қазақтардың ауыз әдебиетінде жиі кездесетін ежелгі образдар - «Балбалдар мен Тілек ағашы» инсталляциясы орнатылды. Біреулердің пікірінше, киелі ағаш тілектерді өзі орындайды, мыс, екіншілердің пікірінше – ағаштың бұтақтарында армандарды орындайтын мейірімді рухтар өмір сүреді, мыс. Не десек те - балалар да, ересектер де, ғажайыпқа және тілектердің орындалуына сенімін жоғалтқан емес, сол себепті күннен-күнге ағашқа байланған арман жіптердің саны артты. Ал «балбалдар» – оларды үнемі әрі шынайы зұлым рухтардан қорғайды...

"Дети Рисуют Мир" ҚҚ жанкүйерлермен бірге Қазақстанның хоккейден құрама командасын жақсы қолдады. Ойыншылар үшін қолдау аса маңызды екені рас! "Өнер әлемді біріктіреді" жобасында суретшілер қазақстанның рәміздерін жанкүйерлердің беттеріне суреттеді. Былайша айтқанда, аквагримды флешмобшықты, оған балалармен қатар ересектер де белсенді қатысты. Осындай науқан арқылы жанкүйерлер өз еліне және спортсмендеріне «Алға, Қазақстан!» деп ұрандап, қолдау көрсетті.

"Агентство Universal Media Service" ҚҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылған «Универсиада сәттері» жобасы Алматы музейінде қысқы фото-пленэрдің үздік суреттерінің қорытынды көрмесін ұсынды. Пленэрде жасалған фотосуреттер бәсекелесті шайқастың, командалық рухтың, жеңіс қуанышы мен жеңіліс мұңының эмоцияларын, көрермендердің уайымдау сәттерін, төрешілер мен тренерлердің реакцияларын, жарыстардың барлық түрлерінің жалпы атмосферасын, Универсиаданың Ашылу салтанатының тамашалығын, қоршаған табиғаттың әсемділігі мен кербездігін паш етеді.

Ойынды көруге келген көрермендер Универсиада тәрізді спорттық оқиғаға қоса, бірегей Мәдени Универсиаданың бағдарламаларын қоса тамашалағанға таңқалды, олар матчтар арасындағы үзілістерде өнерге қанып, сұлулыққа қолдарын тигізу мүмкіндігін иеленді. Ұйымдастырушылар: «Фестивальға келген әр адам өзіне керектісін таба алды», - деген сенімде.

Ескерте кетейік, Фестивальды "Дети Рисуют Мир" Қоғамдық Қоры Ә.Қастеев ат. Сурет өнері және техникалы дизайн мектебі жанындағы Орталық Азиядағы мәдениетаралық және шығармашылық білім бойынша ЮНЕСКО Обсерваториясымен, Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағымен және "Агентство Universal Media Service" ҚҚ бірлесе ұйымдастырды. Фестиваль Алматы қаласы Әкімдігінің және Алматы қ. Мәдениет басқармасының қолдауымен өтті.

Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада бойынша мәдени бағдарламалар аясындағы жобаның презентациясы

«Universal Media Service» агенттігі» қоғамдық қоры, «Алматы музейі» мен Алматы қаласы әкімшілігінің«Спорт объединяет мир» фестивалінің аясында «Универсиаданың сәттері» атты біріккен жобасы.

Жоба, Универсиаданың ашылу салтанаты, спорттық сайыстардың ең қызықты сәттері көркем деңгейде суретке түседі.

Көрмені ұйымдастырудың және өткізудің басты мақсаты Қазақстан Республикасының 2017 жылғы басты спорт ойындарының көркем деңгейде түсірілген фотосуреттерді көпшілік назарына паш ету.

Фотошеберлердің өз туындылары арқылы бәсекелеске толы күрестің тірі эмоциясын, топтық рухты, жеңістің тәтті дәмі мен жеңілістің күйзелісін, жанкүйер көрермендердің жанкешті қобалжуын, төрешілер мен жаттықтырушылардың көңіл күйлерін, барлық жарыс түрлерінің жалпы атмосферасын, Универсиаданың ашылу салтанатының қайталанбас көріністерін жеткізіп, сондай-ақ айналадағы табиғаттың сұлулығы мен ұлылығын айшықтай түседі.

Фотосуреттердің басты ой өзегі достық, ынтымақ, жастық және белсенділік болуы тиіс. Көрме жастардың назарын спортқа және саламатты өмір салтын ұстануға аудару, ой-өрістерін кеңейту мақсатын көздейді.

Өткізілетін күні: 07 ақпан 2017 ж.

Уақыты: 11.00

Өткізілетін орны: «Алматы музейі», Қабанбай батыр к-сі,132

Үйымдастырушы: «Universal Media Service» агенттігі»ҚҚ

Алматы қаласы әкімдігі, КМҚК «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» көмегімен үйымдастыруда

Қымбатты журналист достар,Сіздерді мына мекен-жайда күтеміз:

«Алматы музейі»

Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 132

Құрметпен,Ұйымдастыру комитеті

Байланыстар:

Тел: +77014163342, +77021538080, +77017571070

E-mail

https://www.facebook.com/almatymuseums

«Мәдени Универсиада-2017»

Атауы

Күні

Өтетін орны

Сипаты

Ресми іс-шаралар

 

Алматы қаласындағы

Универсиада алауының эстафетасы

29 қаңтар

сағат 10.00 – 16.00.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Алматы қаласында алауды жағу,

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ;

- «Медал Плаза» Салтанатты ашылуы;

Ашылу рәсімінде Алаумен кубокты тұтандыру

 

28-ші қысқы Бүкіләлемдік Универсиаданың ашылу салтанаты

29 қаңтар

сағат 19.00.

«Алматы Арена»

 

Мәдени-көпшілік іс-шаралар

 

«Алатау алабында»

этно-фестивалі

30 қаңтардан 8ақпанға дейін

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының аумағында

- павильондар (салалар)

ұлттық киіз үйлер

дәстүрлі инсталляциялар

қолөнер көрмесі

ұлттық тағамдар

 

«Медал Плаза»-дағы мәдени бағдарлама

29 қаңтардан 8 ақпанға дейін

сағат 16.00-23.00

Республика Сарайы алдындағы Абай алаңы

Универсиаданың мәдени бағдарламасы (16.00 23.00.)

Күннің тақырыптық бағдарламасы

(19.00 20.00.)

Хаттамалық бағдарлама/ медальтапсыру рәсімі ( 20.00 )

Тақырыптық көрмелер

 

«360 градус» проекциялық киіз үйі

29 қаңтардан 8ақпанға дейін

сағат 10.00-18.00

«Сұңқар» ХШТК

Проекциялы экрандары бар киіз үй, экрандарда заманауи Алматының табиғатының көріністері: Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, «Шымбұлақ» ТК, Абай ат. МАОБТ, РЕспублика алаңы, Тұңғыш Президент саябағы т.б. көрсетіледі.

 

«Спорт әлемді біріктіреді» көрмесі

30 қаңтардан 8ақпанға дейін

«Алматы Арена»

көркемсурет көрмесі

- пленэрлер

 

«Шығармашылық әлемді біріктіреді» көрмесі

29 қаңтардан 8ақпанға дейін

сағат 10.00-18.00.

«Халық Арена»,

«Медал Плаза»

(Абай алаңы)

Қазақстанның заманауи өнері көрмесі:

-инсталляциялар

- граффити

-мүсіндер, көлемді пішіндер

- фотокөрме

 

«Балалар әлемді біріктіреді»көрмесі

29 қаңтардан 8ақпанға дейін

сағат 10.00-18.00

«Халық Арена»,

«Медал Плаза»

(Абай алаңы)

сәндік-қолөнер бойынша шеберлік сағаттары

балалар еңбектерінің көрмесі:

  • экопластика

  • қыш

  • шыны

  • металл

 

«Универсиада сәттері» көрмесі

20 қаңтардан 15ақпанға дейін

сағат 10.00-18.00.

Алматы мұражайы

- фото-пленэр;

- фотокөрме.

 

«Қазақстан спортының тарихы» көрмесі

20 қаңтардан 26 наурызға дейін

ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайы

 

Фестивальдар

 

Балет фестивалі

3, 4, 5 ақпан

сағат 18.30.

Абай ат. Мемлекеттік академиялық опера және балет театры

03.02. Балет «Жизель»( Париж операсының Балет тобының премьері Жозуа Хоффальт жәнеКовент-Гарден Корольдік балетінің Прима-балеринасы Евгения Образцова)

04.02. Балет «Лебединое озеро»(Америкалық Балет Театрының премьері Кори Стернз жәнеАмерикалық Балет ТеатрыныңПрима- балеринасы Джиллиан Мерфи)

05.02. Балет «Ромео и Джульетта»(Үлкен Театрдың Премьері Артем Овчаренко және Үлкен Театрдың Прима- балеринасы Нина Капцова)

 

Универсиада аясында театрлар репертуары

20 қаңтардан

13 ақпанға дейін

Қала театрлары

56 спектакль

 

Музыкалы Универсиада

дәстүрлі музыканың күнделікті концерттері

17 қаңтардан 10ақпанға дейін

«Алатау» дәстүрлі өнер театры,

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы

20 концерт

 

Универсиада аясында кино көрсетілімдер

29 қаңтардан ақпанға дейін

сағат 15.00

«Алатау» дәстүрлі өнер театры

 
 

«Универсиада алауын жақ!» кітап-суретті көрмелер мен тақырыптық ойындары

29 қаңтардан ақпанға дейін

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Фотокөрме, спорттық ойындар,спорт жұлдыздарымен кездесулер, балалар ұжымдарының концерттері, кітап көрмелері,дауыстап оқулар, спорттық мини-оқу залы

 

Универсиада аясында цирк бағдарламасы

28 қаңтардан 28ақпанға дейін

Қазақ мемлекеттік циркі

Ресей циркінің арнайы бағдарламасы

 

28-ші қысқы Бүкіләлемдік Универсиаданың жабылу салтанаты

8 ақпан

сағат 19.00.

«Алматы Арена»

 

2017 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласында, Республика Сарайының ғимаратында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Байтерековтың шығармашылығына арналған «Жан досым» атты концерті өтеді. Концерттің бастылуы сағат 19.00-де.

Концерт 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада аясында өтпек.

Атақты композитордың әндерін Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Роза Рымбаева, Сүндет Байғожин, Бағдат Самединова, ЖеңісЫсқақова, Бақыт Шадаева, Әли Оқапов, Айгерім Қалаубаева, Серік Ибрагимов сынды әртістер, «Жетіген» және «Видмен» топтары, «Лүпіл» дуэты орындайды.

Көрсетілімдер Алматы қаласы Әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің, хордың, балалар ансамблінің және қаланың би ұжымдарының қатысуымен, жарқын заманауи шоу ретінде өтеді.

Дирижерлары: Александр Беляков пен Ерболат Ахмедьяров.

Сахна төрінен Сейдолла Байтерековтың шамамен 30 композициясы орындалады, олардың арасында «Өмір-өмір», «Дос туралы жыр», «Сары арқа», «Қазақстан», «Түркістан», «Күнге табыну», «Бip болайық» және аңызға айналған «Әлия» композициялары.

Бұл ән алғашқы рет 1977 жылы Болгариядағы «Алтын Орфей» фестивалінде шырқалды, оны орындаған Розы Рымбаева фестивальдің «Гран-при» жүлдесін ұтып алды. Кейінде, қаһарман отандасымыз Әлия Молдағұловаға арналған бұл композиция «Жылдың үздік әні» мәртебесін алды.

Биыл Сейдолла Байтереков жазған әйгілі «Әлия» әніне 40 жыл толады!

Қазақстан Мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері Сейдулла Байтереков – Қазақстанның және одан тыс елдердегі көптеген тыңдаушылардың ең сүйікті әндерінің авторы. Ол эстрадалық, симфониялық, тіпті джаз шығармаларының бай музыкалық мұрасын қалдырды.

Концерттің билеттері Республика Сарайының кассаларында, сондай-ақ kassir.kz портал сайтында сатылымда.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады:

+7 707 31 77 428

+7 777 61 82 229

В этом году празднуется знаковое для нашей страны событие –25-летие Независимости Республики Казахстан.

За 25 лет суверенного развития Казахстан достиг больших успехов и стал лидером модернизации и развития среди стран СНГ.

В целях дальнейшего укрепления Независимости и государственности, духовно-культурной консолидации народа Казахстана, обеспечения преемственного и прогрессивного развития, был принят Указ Президента РК «О праздновании 25-летия Независимости Республики Казахстан».

В рамках празднования 25-летия Независимости Казахстан, акимом города Алматы был утвержден сетевой график празднования 25-летия Независимости по городу Алматы, согласно которому Управлением культуры и архивов города Алматы было запланировано проведение более 70 разноформатных мероприятий.

В настоящее время проведено более 60 культурно-массовых мероприятий. Среди них 23 концертов и фестивалей, 6 творческих конкурсов, 4 постановок спектаклейи 2 айтыса, 25 музейных и книжных выставок, 5 благотворительных акций и т.д..

Основные мероприятия были реализованы в рамках празднования Дня города Алматы: празднование Дня семьи – 10 сентября в Центральном парке культуры и отдыха, городской конкурс традиционной музыки «Күміс көмей–жез таңдай» - 15 сентября в Театре традиционного искусства «Алатау», Концерт «Алматым жүрегімде» - в здании «Казахконцерт», фестиваль казахстанской музыки «Gakku дауысы» - 17 сентября на площади Астана, торжественный гала-концерт, посвященный 1000-летию города Алматы - 18 сентября в Ледовом Дворце, и многое другое.

Помимо этого, по всей стране дан старт 25 звездным дням «Ұлы Дала Елі – 25 основ Независимости».

Так, до конца года управлением планируется торжественное открытие здания Музея истории города Алматы и новой экспозиции музея, установка памятной доски на бывшем здании Верховного Совета как места принятия декларации о Суверенитете Республики Казахстан, проведение Дня казахстанского кино «Золотая коллекция», организация фотовыставки «Арман қала», а также фестиваль художественного рисования на снегу «Яркие краски Независимости».

 

«Моана»  «Болашақ» корпоративтік қоры 2016 жылы қазақ тілінде дубляждаған үшінші кинокартина және 2011 жылдан бері он алтыншыдубляждалған фильм. Моана –Дисней студиясының жаңа ханшайымы, Туи көсемінің қызы, 14 жасар қиялшыл қыз, ол жартылай құдай-трикстер Мауимен бірге мұхитқа саяхатқа аттанады. Әрекет Тынық мұхитының аралдарында уақыт кеңістігінде 2000 жыл бұрын өтеді. Үлкен экранға Дисней студиясының толық метражды «Моана» мультфильмінің қазақ тіліндегі трейлері шығып жатыр. Мультфильмнің Қазақстандағы премьерасы 2016 жылғы 1 желтоқсанда өтеді.

Дубляжға 35-тен артық актер қатысты. Басты кейіпкерлерге өз дауыстарынЛидия Кәден, Назерке Серікболова, Мақпал Исабекова, әнші Бүркіт, Жәнібек Мұсаев, Сырым Қашқабаев, сондай-ақ басқа актерлер мен қазақстандық эстрада әртістері сыйлады.

Қазақ дубляжының режиссері - Рита Әбішева, жобаның музыкалық жетекшісі - Борамбаева Күнімгүл.

Жобаны ұйымдастырушылар: «Marwin» компаниясының қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры.

Дубляждың демеушісі: «АCD Group» ЖШС.

24 қараша күні Алаш ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен сағат 10:00-де "Ғылым Ордасының" кіапханасы конференц-залында (мекен-жайы: Шевченко көшесі, 28) "Алаштың Әлиханы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, сағат 18:30-да М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында салтанатты кеш өтеді.

Ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы Әлихан Бөкейханов қазіргі Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай елді мекенінде 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келді. 
Патшалық Ресейдің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты киюге мәжбүр күйде отырған өз халқының салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл көзқарасы да ерте қалыптасты.
Семей түрмесінде сегіз ай отырған кезінде ол «Қазақтың суармалы егістік жерлерінің алынуы», «Дала өлкесінің түкпірлеріндегі орыс қоныстары», «Ақмола облысындағы переселендердің жер үлестері» - деп аталатын мақалалар жазды. Әлихан Бөкейхан бұл еңбектері басқа емес, отаршыл метрополияның дәл жүрегінде – Петербург қаласында, «Сибирские вопросы» журналында жарияланды.

Алып Ресей империясымен алысып, байырғы тәуелсіздікті қарулы көтеріліспен қалпына келтіру мүмкін емес деп тұжырған Әлихан Бөкейхан «бұл жолды халықтың жаппай қолдауы да неғайбыл, Кенесары көтерілісінің жеңіліске ұшырауы – соның бір көрінісі» - деп есептеді.
Алаш жетекшісі отаршыл империяны саяси тұрғыдан реформалап, федеративтік демократиялы мемлекетке айналдыру арқылы ғана қазақтың әуелі өзін-өзі билеп, кейін толық тәуелсіздікке қол жеткізуіне болады деп санады.
Ол мұның ұзақ та азапты жол болса да, ең дұрыс жол екенін көре білді. Сондықтан да 1905 жылы «Халық бостандығы» немесе Конституциялық-демократиялық партияның Ақмола облыстық және Омбы қалалық комитеттерінің ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің бірі болды.
Партия 1905 жылы 23 сәуір мен 17 қазандағы манифестердің аралығында дүниеге келді, бірақ аз уақытта-ақ Ресейдегі ең ірі әрі аса танымал оппозициялық ұйымға айналды. Кадеттердің бағдарламасы мен алға қойған мақсат-міндеттері қазақ халқының арман-тілегіне сай келді.

Тәуелсіздікті байырғы хандық басқару институттары негізінде қалпына келтіруді Әлихан Бөкейхан дұрыс деп санамады. Сол себепті де ол өзгеше стартегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға ұмтылды. Бұл ұмтылыстарының бір парасы «Қарқаралы петициясы» деген атпен тарихта қалған 1905 жылғы «Қазақтардың петициясында» көрініс тапты.
Әлихан Бөкейхан бұл талаптарды Петербургтің «Сын отечества» газеті мен Омбының «Иртыш» газетінде жариялап, оларды өзі редакциялап шықты. «Қазақтардың петициясының» төртінші тармағында «қазақ отырған жерлердің қазақтың меншігі болып саналатынын патша өкіметінен мойындауды» талап еткен Әлихан Бөкейхан «жерсіз мемлекет болмайды» деген ұстанымда болды. Қазақ жерін сақтап қалу және Ресейдің қазақ жеріне орыс шаруаларын орналастыруына жол бермеу мақсатындағы қажырлы күресті ол Санкт-Петербургтегі оқуынан Омбыға оралысымен бастап кетті.
Қазақ халқы петицияда қазақ балалары білім алатын барша бастауыш мектептерге ана тілі мен жазуын енгізуді, қазақ тілінде газет шығарып, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді талап етті. Әлихан Бөкейханов қазақтың көне жыр-дастандарын, ел аузындағы аңыз-әңгімелерді жинақтады. Оның қазақ ұлты алдындағы өлшеусіз, өшпес еңбегінің бірі - Санкт Петербургта 1909 жылы жарық көрген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағы еді.
Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен болатын.
1917 жылы қараша айында өткен Құрылтай жиналысының сайлауында қазақтардың басым көпшілігі «Үш жүз» партиясын емес, «Алаш» партиясын қолдады, сөйтіп «Алаш» партиясы 43 депутаттық мандатты иеленді. «Алаш» партиясы Қазан төңкерісінің қарсаңында Ресейдегі елуге жуық партияның ішінде сегізінші орында тұрған еді.
Әлихан Бөкейхан қарапайым өмір сүрді. Ол тұтқынға алынып, 1937 жылы атылып кеткенде, қызы Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбалар ғана қалды.
НКВД-ның тергеуінде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Бөкейханов ақтық сөзінде «Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» - деп мәлімдеді. Үкім сол күні-ақ жүзеге асырылды. Қошке Кемеңгерұлы «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.
Негізінде Әлихан Бөкейханов 1955 жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Бірақ КГБ осы жаңалықты халықтан 34 жыл бойы жасырып келді. 1989 жылы қайта отырыс өтіп, Бөкейханов тағы да ақталады.

Тіршілігінде қазақтың азаттығын арман қылған асыл текті, арда туған Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын бүгінде Тәуелсіз Қазақ Елі кең көлемде атап өтуде.

 Социальный проект пройдет с участием автора идеи Алией Назарбаевой. В мероприятии примут участие как победители так и их наставники из 14 областей и городов Алматы и Астана. А также на гала-концерте выступят давно полюбившиеся зрителями группы «Кешью» и «91».

Мероприятие начинается в17:30 13 ноября, прямую трансляцию осуществляет телеканал КТК. Адрес проведения конкурса: пр.Достык, 56,ДворецРеспублики.

О проекте:

«Бала дауысы» – национальный детский песенный конкурс, в котором принимают участие девочки и юноши 7-13 лет. На данном мероприятии впервые исполняются детские песни на государственном языке. А также благодаря этому конкурсу юные композиторы имеют возможность показать всей стране свой талант.

В связи с этим, с мая по сентябрь члены жюри конкурса – известные музыкальные продюсеры, композиторы и популярные исполнители – посетили без исключения все областные центры республики, чтобы провести кастинги. Решением творческой команды в финал конкурса прошли 23 участника – 3 трио, 1 дуэт и 12 исполнителей.

Список участников и их наставников, выступающих на гала-концерте:

  1. Участник группы «Арай» Медет Кужекбаев с ученицей Айлун Заушева.

  2. Маржан Арапбаева с группой «13».

  3. Али Окапов и его ученик Дулат Абдикарим.

  4. Медеу Арынбаев и Адина Сагынаева.

  5. Толкын Забира с дуэтом Мария Затворницкая&Мерхат Жолкыбаев.

  6. Макпал Исабекова с ученицей Дариной Магауин.

  7. Жанар Дугалова с Ермеком Канатулы.

  8. Асет Арыстанбек с трио Айым Елтайкызы, Абилкасым Нуржан, Амир Кайсарулы.

  9. Данияр Утеген и Малика Смагулова.

  10. Айкын Тулепберген и Елена Епифанцева.

  11. Әдемі с учеником Адильхан Махамбетов.

  12. Димаш Кудайберген и Ясмин Ибраева.

  13. Бейбут Кушкалиев и Айым Асхаткызы.

  14. Диана Шарапова и Алихан Кабдильманов.

  15. Жубаныш Жексенулы с Рауан Матаевой.

  16. Балжан Бидаш и трио Нурай Айбаркызы, Луиза Нуркуатова, Карина Шайгузова.

Спонсор проекта Акционерное общество  «TechnodomOperator».

 

Министерство культуры Российской Федерации, «Планета кино» и кинотеатр «Цезарь» в рамках года российского кино проводят Неделю нового российского кино в Казахстане.

В программе Недели - фильмы молодых российских кинематографистов, которые будут представлены актерами и режиссерами картин: Ренатом Давлетьяровым, Артёмом Темниковым, Стасей Милославской, Дмитрием Богданом, Александром Тютрюмовым и другими.

С видеообращением перед показом выступят Константин Хабенский, Гоша Куценко, Юрий Быков.

Модератор Недели — кинокритик Олег Борецкий.

Билеты можно приобрести в кассе киноцентра «Цезарь» и на сервисе Тикетон.

Стоимость билета — 800 тенге.

Программа Недели российского кино:

18 ноября (пятница)

19:00 Фильм открытия «Коробка», фильм представляет актриса Стася Милославская

21:00 «Чёрная вода» (международная премьера), фильм представляет актёр Дмитрий Богдан

19 ноября (суббота)

16:00 «Коробка» фильм представляет актриса Стася Милославская (после представления улетает в Москву)

20:00 «Искушение» (международная премьера), фильм представляет режиссёр Александр Тютрюмов

20 ноября (воскресенье)

18:00  «Искушение», фильм представляет режиссёр Александр Тютрюмов

20:00 «Чёрная вода» фильм фильм представляет актёр Дмитрий Богдан

21 ноября (понедельник)

19:00 «Врач» (видео-обращение режиссёра и актера Гоши Куценко)

21:00 «Коллектор» спецпоказ (видео-обращение актера Константина Хабенского)

22 ноября (вторник)

19:00 «Nocomment», фильм представляет режиссёр Артём Темников

21:00 «Врач» (видео-обращение режиссёра и актера Гоши Куценко)

23 ноября (среда)

19:00 «Чистое искусство», фильм представляет режиссёр Ренат Давлетьяров

21:00 «Nocomment», фильм представляет режиссёр Артём Темников

24 ноября (четверг)

19.00 «Дурак» - Киноклуб Олега Борецкого - обсуждение (видео-обращение режиссёра

Юрия Быкова)

22.00 Фильм закрытия «Чистое искусство», фильм представляет режиссёр Ренат Давлетьяров           

16 қарашада Алматы қаласындағы заманауи «Алматы Арена» мұз айдынында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен бұрын-соңды болмаған 5 сағаттан астам уақытқа созылатын шоу бағдарлама өтеді.

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорация» АҚ қазақ эстрадасы жұлдыздарының өнерін бағалап, тиісті марапаттайтын «Жыл таңдауы» - ұлттық телевизиялық музыкалық жүлде» жобасын ұсынады. Бұл ғаламат шара шоу-бизнес көшіне енді ілескен жаңа есімдер, сахна саңлақтары, хит-парад төрінен алыстамайтын жұлдыздардың бас қосып, көрерменге есеп беретін кеш болмақ. Сонымен қатар, қой жылының қорытындысы – үздік әндер таңдалынады.

Елу адамнан тұратын қазылар алқасы ұсынылған нұсқалардан өз таңдауын жасайды. Дауыс беру онлайн форматқа ыңғайластырылған.

Кештің шетелден келетін сыйлы қонағы – «Istersen» әнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі - Бурай.