Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Жаңалықтар

Алматы қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Кітап живописінің шеберлері» атты науқанын өткізеді.   Осы науқан аясында Қазақстан суретшілері мен поляк суретшісі, Польша Өнер Университетінің профессоры Славомир Брзоскамен кездесу және балаларға арналған шеберлік- сыныбы болады. 

Біздің досымыз, Ануар Малик, хайуанаттар бағында өмір сүріп жатқан Мартин атты тапирге жаңа қоныс сыйлады.

Абаттандыру ауқымы 760 кв.м. құрайды. Өлшемі 90 кв.м. бетонды бассейн құйылды, сонымен қатар көлеңкелі және құмды аймақ, батпақты ванна жасалды.

Тапир (лат. Tapirus) – жылы шырайлы және мейірімді жануар, хайуанаттар бағында жақын арада үйлену тойы жоспарлануда! Қалыңдықты біз Новосибирск қаласынан алып келеміз.

Аумақ үлкен және әр түрлі жануардарды біріктіре алатындай жасалған. Жануарларды қыста орналастыруға арналған қысқы үйде тұрғызылады.

Сонымен қатар, жақын арада аюлар қатары мен амур жолбарысының экспозициясының құрылысы басталады.

Анықтамалық байланыс телефоны:

8701 415 25 52 Ниязбекова Айгерім

 

 

Название мероприятия

Место проведения

Дата и время проведения

Ответственные

1

«Ұлы Дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі в рамках Дня столицы

ТТИ «Алатау»

5 июля

16.00 ч.

Управление культуры и архивов города Алматы

2

Празднование Дня столицы –Молодежная дискотека

Площадь им. Абая

6 июля 20.00 ч.

Управление культуры и архивов городаАлматы

Алатауский район

3

Празднование Дня Столицы

Площадь перед акиматом Алатауского района

05.07.2017 г. 17.00 ч.

Аппарат акима Алатауского района

Алмалинский район

4

Праздничноемероприятие, посвященноеДню Астаны

 

ТРЦ «Мега Парк»

06.07.2017 г.

17.00 ч.

Аппарат акима Алмалинского района

Ауэзовский район

5

«Город мечта – Астана!»

Парк «Фэмели»

05.07.2017 г. 11.00 ч.

Аппарат акима Ауэзовского района

Бостандыкский район

6

Празднование Дня Столицы

ТРЦ Мега Алматы, амфитеатр

06.07.2017 г.

18.00

Аппарат акима Бостандыкского района

Жетысуский район

6

Празднование Дня Столицы

Площадь перед зданием акимата района

06.07.2017 г.

11.00 ч.

Аппарат акима Жетысуского района

Наурызбайский район

7

Торжественное мероприятие "День Столицы"и 3-летие Наурызбайского района

Микрорайон «Шугла»,

пр. Абая (площадь перед новым зданием акимата района)

04.07.2017 г.

17.00

Аппарат акима Наурызбайского района

Медеуский район

8

«Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі»

ЦПКиО г. Алматы

06.07.2017 г.

12.00

Аппарат акима Медеуского района

Турксибский район

9

Празднование Дня Столицы

Парк им. С. Сейфуллина

(ул. Шолохова, угол

ул. Щербакова)

05.07.2017 г.

18.00 ч.

Аппарат акима Турксибского района

 

 

Құрметті жыр сүйер қауым, Алматы қаласында 5-ші шілде күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» атты Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді. Фестивалда танымал жыршылар Берік Жүсіпов, Ақылбек Өтешов бастаған өнер майталмандары және Өзбекстан, Башқұрт, Қырғыз елінен келген өнер иелері ұлттық мұрасымен сусындатпақ. Қазақ-қырғыз өнерінің тарихи сабақтастығын жаңғыртып жүрген Роза Аманова да дүбірлі кештің құрметті қонағы болмақ. Өнер кешінде жас жыршылар да халық алдында өнер көрсетеді.

Өтетін уақыты: 05.07 2017ж.  

Басталуы: 16.00

Өтетін орны:  Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театры

Қосымша ақпарат: 

Ыбыкенова Арай  8778 859 88 95.

24-25 маусым, 2017 жыл

24-25 маусымда Алматы қаласындағы «Боралдай» археологиялық паркінде «Ұлы дала рухы-2017» Халықаралық этнофестивалі өтеді. Фестивальға әлемнің 10 елі қатысады. Басты мақсаты – қазақстандықтар мен шет елдік қонақтарға көшпенділер мәдениетін, қазақтың ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету.

Бағдарламаның ауқымы кең. Екі күнге созылатын фестиваль уақытты кері айналдырып, өткен тарихқа саяхат жасатады.

«Ұлы дала рухы-2017» екінші халықаралық фестивальда:

*Қаз-қатар тігілген он екі қанатты ақшаңқан 60 үй

*Көшпенділер шеруі

*10 мемлекеттен келген ат құлағында ойнайтын шабандоздардың сан түрлі өнері

*Ең үздік этномузыканттар

*көкпар

*аударыспақ

*қыз қуу

*асауға тұсау салу

*Қол өнерші мен шеберлердің , ұсталардың өнері

*Балалар алаңы

*Алтыбақан

*Күй тартыс

*Қыран құс

*Құмай-тазы т.б .ұлттық құндылықтар мен ата-баба мұрасы

*Түнгі алау басындағы ойындар мен музыка

Сондай-ақ,көрермендер арасынан «Ең әдемі ұлттық киім»таңдалып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, сан-алуан сайыстар ұйымдастырылады! Ыстық бауырсақ пен ұлттық тағамдардан дәм татасыз!

Тақырыпқа байланысты секторлар жұмыс істейді. Мәселен, «Алмалы» атты қолөнершілер ауылында шеберлік сабақтары өткізіледі. Көрермендер тек тамашалап қана қоймай, маманның көмегімен саздан құмыра жасап көреді. Ал «Шабыт» музыканттар ауылында байқау ұйымдастырылады. Көрермендер түрлі аспаптарда ойнап, бақтарын сынайды, ұлттық тағамдардан дәм татып, жасау құпиясымен танысады, кәсіби бүркітшілер мен палуандардың өнерін тамашалайды. Осылайша, келген көрермендер, меймандар көшпенділер өмірін өз көздерімен көріп, тұрмысымен танысады. Сондай-ақ, көрермендер арасынан «Ең әдемі ұлттық киім» таңдалып, сыйлық беріледі. Бұл – сіз бен біздің тарихымыз! Ұлы дала рухын көтеруге сіз де атсалысыңыз!

Фестивальға кіру тегін.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай» археологиялық паркі. Тұрғындарды жеткізу жағы да қарастырылған. Орталық стадион мен «Астана» алаңынан әр 20 минут сайын арнайы автобустар жүреді.

БАҚ өкілдеріне арналған арнайы көлік те бар. Ол 24 және 25 маусым күндері Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінің жанында күтеді. Кету уақыты: 9.15

Байланыс телефондары:+7 7013434371 Айгерім Асқарбаева

+7 7778221108 Аягүл Рысбекова

Фестиваль сайты: ulydalaruhy.kz

Астанада «ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесі аясында «Алматы қаласының мәдени күндері» бағдарламасы ұсынылады.Аталған шара 10 - 19 маусым аралығында өтеді, оған 400-ден астам адам қатысады, олар - эстрада жұлдыздары, артистер, қолөнершілер, шығармашылық ұжымдар және басқалары.

11 маусымда «Қазақстан» ОКЗ-да мәдени күндер салтанатты түрде ашылады жәнеРоза РымбаеваныңҚайрат Нұртастың,«Дос-мұқасан»,«Салтанат» ансамбльдерінің, Айқын мен Луинаның, «Бала дауысы» балалар байқауы жеңімпаздарының,«Рензо», Аюми», «Кешью», «Жігіттер» топтарының, Мәдина Араппаева мен Мәдина Сәдуақасованың және «Сарын» дуэтінің қатысуымен «Махабатпен, Алматыдан!» атты концерт қойылады.

12 - 16 маусым аралығында Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында күніне екі реттен өзінің«Құлыншақ пен Бөлтірік», «Веселые медвежата» атты үздік қойылымдарын қазақ және орыс тілдерінде көрсетеді.

16 - 17 маусым аралығында «Алатау» дәстүрлі театрының «Жастар» театрында «Асқақтай бер, қазақтың сазды әуені» атты мәдени кеші өтеді.

17 маусымда сағат 11:00-де көрмеге келушілерге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынады.

Алматының 50 үздік суретшісі мен қолөнершеберлері бұйымдарын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізетін «Алматының этно-ауыл» көрмесі үздіксіз жұмыс істейді.

Мерекелік шаралар 18 маусым күні «Астана ЭКСПО -2017» халықаралық арнайы көрмесінің амфитеатрында «Асқар таулы Алматы!» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланады. Оған Ерболат Шалдыбеков, Рамазан Стамғазиев, Бейбіт Мұсаев, «Жетіген»,«Сазген сазы»,домбырашылар және «Салтанат» ансамбльдері,Шолпан Даржанова, Сауле Жұмабай, Н. Аширова, Еділ Құсаинов, Ғазиза Габдахимова, «Арлан» театры, Азамат Асқаров, Асылбек Еңсепов, «Арт Дала», «Ұлытау»,«Алашұлы» топтары және басқалары қатысады.

 

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды.

Халық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмекті міндетті мединициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша ала бастайды.

Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудара бастайды.

Әлеуметтік-әлсіз санаттағы тұлғаларға жарналарды мемлекет 2018 жылдың 1 қаңтарынан аудара бастайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды аудармайтын азаматтар үшін медициналық көмек қолжетімсіз болуы қалуы мүмкін.

Экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылған азаматтар (жеке жүк тасу, құрылыс бизнесі, қызмет көрсету, сауда және т.б.) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі тиіс.

Жұмыссыз азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыс орнын алуы тиіс, нәтижесінде жұмыс беруші ол үшін аударымдар жасайды.

Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Ресми табысы жоқ азаматтар өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтау қажет:

  1. жалдамалы қызметкер

  2. жеке кәсіпкер

  3. әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы алушылар

  4. жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар

  5. нәтижесіз өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.

Өз әлеуметтік мәртебеңізді e-gov.kz «электрондық үкімет» порталынан, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан және Халықты жұмыспен қамту орталықтарын анықтауға болады.

Халықты ақпараттандыру және ақпараттарды жинақтау мақсатында мобильдік топтар мәртебесі анықталмаған азаматтар арасында аулааралық тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мобильдік топтар құрамына әкімдік, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім органдарының,сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік кірістер, жергілікті полиция қызметінің өкілдері кіреді.

Мобильдік топтар әлеуметтік саладағы реформалар жайындағы жадынамаларды таратады, азаматтардың аты-жөні, туған күні, ЖСН-і, әлеуметтік мәртебесі көрсетілетін сауалнамаларды толтырады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды аударудан келесі азаматтар босатылады:

  1. балалар;

2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;

7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

10) зейнеткерлер;

11) әскери қызметшілер;

12) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

13) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

15) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды аудармайтын азаматтар тек әлеуметтік-маңызды ауруларға шалдыққан кезінде медициналық көмекпен, жедел медициналық көмекпен, амбулаторлық-емханалық көмекпен ғана қамтамасыз етіледі.

Анықтау телефондары:

Алматы қаласы Жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Қонаев көшесі, 122, тел.: 261-75-56

Аудандық бөлімдер

Мекенжайы

Телефон

Алатау

Шаңырақ-2 ық.ауданы,

Жанқожа батыр көш., 26

393-91-20, 395-36-40

Алмалы

Сейфуллин көш., 577

272-86-84, 261-02-81

Әуезов

3-ші ықшам аудан,

41-в үй

277-48-83, 276-49-92

Бостандық

Жандосов көш., 2

392-24-13, 392-22-95

Жетісу

Мақатаев көш., 142/8

279-54-50, 279-37-72

Медеу

Төле би көш., 12

291-06-65, 291-75-55

Наурызбай

Қалқаман ықшам ауданы, 24үй

309-81-87, 309-83-99

Түрксіб

Рихард Зорге көш., 18

223-68-05, 232-74-13

Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы

Мақатаев көшесі, 117, Б корпусы, тел.: 279-81-91

Аудандық орталықтар

Мекенжайы

Телефон

Алатау

Шаңырақ-2 ық.ауданы,

Жанқожа батыр көш., 26

393-91-20, 399-83-52

Алмалы

Мақатаев көш., 117,

Б корпусы

385-10-66,

385-40-33

Әуезов

3-ші ықшам аудан,

41-в үй

276-09-58, 276-90-32

Бостандық

Жандосов көш., 2

392-15-80, 392-15-79

Жетісу

Мақатаев көш., 142/8

233-50-39, 239-82-29

Медеу

Төле би көш., 12

291-75-04

Наурызбай

Таусамалы ық. ауданы, Қонаев көш., 1А

279-43-83

Түрксіб

Рихард Зорге көш., 18

223-68-13, 299-59-29

 

 

Өтетін орны: Уақыты:

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК 18 мамыр

«Алматы музейі» 2017 ж.

Қабанбай батыр, көшесі 132 сағ.19.00

т\ ф. 272-43-21

тел.8702-153-80-80

18 мамыр 2017 жылы сағ. 19.00-23.00-де Алматы музейінде «Музей түні» атты мерекелік іс-шара өтеді.

Жылда 1977 жылдан бастап мамырдың 18-жұлдызында музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелері- Халықаралық музейлер күнін мәдени мереке ретінде атап өтеді. 1978 жылдан бастап әлемнің 150-ден астам елінде тойланатын болды. Бұл күні музейлерде қалалық «Музей түні» акциясы өтеді.

Мерекені атап өтудің басты мақсаты жалпы қоғам мен жеке адамның өміріндегі музейлердің алатын орны мен мәніне назар аудару.

«Музей түні» акциясы аясында Алматы музейі арнайы бағдарлама ұсынады: музейдің экспозициялық залдарында тегін экскурсиялар, концерттік бағдарлама, қолданбалы қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі, шеберлік сабақтар, викториналар, квест ойыны, «Музейдегі үздік Селфи» конкурсы, «жәдігерлер жерде қалмасын» акциясы және көптеген өзге шаралар.

Акцияға келушілер саны шамамен 3500 адам.

Алматы музейі барлық алматылықтар мен алматы қонақтарын мерекелік бағдарламаны көруге шақырамыз.

Қазақстан жерінде қолға алынып, бүгінде ұлттық маңыздағы мәдени бренд мәртебесіне ие болған The Spirit of Tengri халықаралық жобасы биылғы жылдың көктем, жаз, күз мезгілдерінде Астана мен Алматыда бірнеше музыкалық іс-шара ұйымдастырмақ. Концерттер қатарын Алматының басты open-air алаңында өтетін және бүгінгі күні дәстүрге айналған ауқымды фестиваль бастайды. Мамырдың 20-21 күндері The Spirit of Tengri 2017 фестивалінің сахнасына Жапония, Африка, АҚШ, Башқұртстан, Бурятия, Тува, Ішкі Моңғолия (Қытай), Қазақстан және басқа да елдерден келген музыкалық ұжымдар шығады. Керемет музыка мерекесінің қонақтары бас-аяғы 13 ұжымның өнерімен танысып, тәнті бола алады.

The Spirit of Tengri 2017 фестиваліне қатысушылар тізімі:

Oki Dub Ainu Band (Жапония)

DJ Carmen Rizzo (АҚШ)

Huun Huur Tu (Тува)

Sekou Kouyate (Гвинея)

Folk Project Katya Yamshchikova (Башқұрстан)

Speed Caravan (Франция/Алжир)

Robert Yuldashev & Kuraisy (Башқұрстан)

Shono (Бурятия)

Dudu Tassa & The Kuwaitis (Израиль)

Marga Muzika (Литва)

Барабаны Алматы Жобасы (Қазақстан)

«Тиграхауд» (Қазақстан)

DJ Almaty Drums Project (Kazakhstan)

«Tigrahaud» (Kazakhstan)

DJ Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov(Қазақстан)

Мейрам қонақтары үшін ауқымды, әрі мазмұнды музыкалық бағдарлама әзірленіп жатыр.

Қазақстан атынан «Тиграхауд» этно-рок тобы,диджеи Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, пенұрмалы аспапшылардан құрылған «Барабаны Алматы» жобасы өнер көрсетеді.

Көрермендер әлемге әйгілі тувалық «Huun Huur Tu» тобындағы көмеймен ән айту шеберлерінің өнерін бағалай алады. Бұл топ сахнаға «Грэмми» жүлдесін 2 мәрте иеленген америкалық атақты ди-джей Кармен Риццомен бірге шығады.

Ал, Башқұртстаннан келген Folk Project Katya Yamshchikova музыкалық ұжымы орыстың халық әндерін шырқайды. Қалған топтар The Spirit of Tengri жобасына алғаш рет қатысқалы отыр.

Мәселен, жапониялық Oki Dub Ainu Band тобы – жергілікті айну халқының өкілдері.

Литвалық Marga Muzika тобы фестивальда ЮНЕСКО тарапынан қорғалатын әндерді орындайды. Өнер ұжымы шараға Алматыдағы литвалықтар Қауымдастығының және StudioDA дизайн мен сәулет студиясының қолдауымен қатысқалы отыр.

Гвинеялық Sekou Kouyate тобының орындауында Алматы аспанында африкалық әуендер әуелейді.

Роберт Юлдашевтың ұжымы, Башқұртстаннан келетін "Курайсы" тобы өзгелерге ұқсамайтын керемет əуезді əуендер шығарады. Топ мүшелері фестивальда көне аспап - курайдың үнін назарларыңызға ұсынбақ.

Алжир мен Франция өкілдерінің басы қосылған Speed Caravan тобы Алматыға заманауи араб музыкасын әкелсе, Shono тобы Бурятия халқының музыка өнерін паш етеді.

Сахна төріне израильдік қонақтар - Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы да шығады. Олар фестиваль қатысушылары қатарына Израильдің Қазақстандағы елшілігінің белсенді қолдауымен қосылып отыр.

Биыл фестиваль сахнасының орналасуына ерекше мән беріледі. Сахнадағы көріністер алаңның кез-келген жерінен көрінеді.

Сондай-ақ, шоу барысы сахнаның екі жағына қойылатын Led-дисплейлер арқылы көрсетіледі.

Алаңда этникалық ауыл тұрғызылады. Ол жерден шараға келушілер шеберлердің қолынан шыққан киім-кешектер, музыкалық аспаптар мен кәдесыйлар сатып ала алады.

Алаңның логистикасы, сахнаның ерекше орнатылуы, аумақтардың функционалдылығы – мұның барлығы көрермендердің жақсы демалып, көңіл көтеруі үшін ойластырылып отыр.

Мерекенің тосынсыйы – екі дисктен тұратын арнайы DVD-топтаманың тұсаукесері. Таспаларға өткен жылғы фестивальдің бейненұсқасы мен үздік тректер жинақталған.

The Spirit of Tengri 2017 – керемет концептуалды шоу, жарық пен музыка үйлесім тапқан көріністер, жаңартылған құрам, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған әйгілі әртістер. Алматы тұрғындары мен Оңтүстік астана қонақтарының сүйікті отбасылық мерекесіне айналған дәстүрлі шара! Өткізіп алмаңыздар!

Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді

Жарық пен дыбыс ұсынған - KZ Sound компаниясы

Жобаның Бас серіктесі — Kaspi.kz

Басталуы – сағат 17.00-де. Кіру тегін

The Spirit of Tengri 2017 халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалінде кездескенше!

Жалпы ақпарат

The Spirit of Tengri - мульти-мәдени жобаОның мақсаты – Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнері өкілдерінің басын қосып, Ұлы Дала және бүкіл әлем халықтарының бай мұрасымен таныстыру. 2012 жылы Tengri FM Ұлттық радиостанциясы жобаның негізін қалады. Өткен төрт жылда фестиваль сахнасында әлемнің 40 елі және аймағынан жиналған этно-ұжымдар мен орындаушылар өнер көрсетті. Жоба басталғалы концерттерді 70 мың адам тамашалап үлгерді.Жоба шет мемлекеттерде де танымал. Жыл сайын The Spirit of Tengri жобасының қатысушылары Womex әлемдік музыка форумында таныстырылып тұрады. The Spirit of Tengri әртістері мен ұйымдастырушылары әлемнің түкпір-түкпірінде белсенді түрде концерт беріп тұрады.


Бізбен байланысу:

Фестивальдің пресс-атташесі - Мария Мирная
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тел: +7 777 666 000 5

www.thespiritoftengri.com
www.tengrifm.kz