Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

2017 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласында, Республика Сарайының ғимаратында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Байтерековтың шығармашылығына арналған «Жан досым» атты концерті өтеді. Концерттің бастылуы сағат 19.00-де.

Концерт 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада аясында өтпек.

Атақты композитордың әндерін Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Роза Рымбаева, Сүндет Байғожин, Бағдат Самединова, ЖеңісЫсқақова, Бақыт Шадаева, Әли Оқапов, Айгерім Қалаубаева, Серік Ибрагимов сынды әртістер, «Жетіген» және «Видмен» топтары, «Лүпіл» дуэты орындайды.

Көрсетілімдер Алматы қаласы Әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің, хордың, балалар ансамблінің және қаланың би ұжымдарының қатысуымен, жарқын заманауи шоу ретінде өтеді.

Дирижерлары: Александр Беляков пен Ерболат Ахмедьяров.

Сахна төрінен Сейдолла Байтерековтың шамамен 30 композициясы орындалады, олардың арасында «Өмір-өмір», «Дос туралы жыр», «Сары арқа», «Қазақстан», «Түркістан», «Күнге табыну», «Бip болайық» және аңызға айналған «Әлия» композициялары.

Бұл ән алғашқы рет 1977 жылы Болгариядағы «Алтын Орфей» фестивалінде шырқалды, оны орындаған Розы Рымбаева фестивальдің «Гран-при» жүлдесін ұтып алды. Кейінде, қаһарман отандасымыз Әлия Молдағұловаға арналған бұл композиция «Жылдың үздік әні» мәртебесін алды.

Биыл Сейдолла Байтереков жазған әйгілі «Әлия» әніне 40 жыл толады!

Қазақстан Мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері Сейдулла Байтереков – Қазақстанның және одан тыс елдердегі көптеген тыңдаушылардың ең сүйікті әндерінің авторы. Ол эстрадалық, симфониялық, тіпті джаз шығармаларының бай музыкалық мұрасын қалдырды.

Концерттің билеттері Республика Сарайының кассаларында, сондай-ақ kassir.kz портал сайтында сатылымда.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады:

+7 707 31 77 428

+7 777 61 82 229

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту