Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

16 қарашада Алматы қаласындағы заманауи «Алматы Арена» мұз айдынында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен бұрын-соңды болмаған 5 сағаттан астам уақытқа созылатын шоу бағдарлама өтеді.

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорация» АҚ қазақ эстрадасы жұлдыздарының өнерін бағалап, тиісті марапаттайтын «Жыл таңдауы» - ұлттық телевизиялық музыкалық жүлде» жобасын ұсынады. Бұл ғаламат шара шоу-бизнес көшіне енді ілескен жаңа есімдер, сахна саңлақтары, хит-парад төрінен алыстамайтын жұлдыздардың бас қосып, көрерменге есеп беретін кеш болмақ. Сонымен қатар, қой жылының қорытындысы – үздік әндер таңдалынады.

Елу адамнан тұратын қазылар алқасы ұсынылған нұсқалардан өз таңдауын жасайды. Дауыс беру онлайн форматқа ыңғайластырылған.

Кештің шетелден келетін сыйлы қонағы – «Istersen» әнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі - Бурай.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту