Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

2016 жылы SONY DADC фирмасында “NOMAD” (“Көшпенділер”) дискілерінің жиынтығында альбом шығарылды – бұл Марат Бейсенғалиев пен Алматы Симфониялық оркестрінің соңғы жылдардағы жұмысының нәтижесі.

Марат Бейсенғалиев Қазақстан, Еуропа және Үндістан арасында үнемі «көшіп» жүріп, уақытының көп бөлігінде жолда өткізіп, өзінің шығармашылық өмірі мен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін байланыстыра отырып бұл дискіні осылай атаған.

Дискінің музыкалық материалы атауына сәйкес келеді – бұл түрлі жанрлар, стильдер (барокко, классицизм, романтизм, неоклассика) және ұлттық композиторлық мектептер (Италия, Германия, Англия, Франция, Испания, Ресей, Қазақстан) туындысы.

Осы дискіні тыңдай отырып, біз ыстық Испаниядан жасыл-желек Алматыға, итальяндық монастрьдан сығандар таборына, орталық Ресей кеңістігінен Темзаның тұманды жағалауына саяхаттаймыз.

Бірақ ең бастысы осы дискілерде жинақталған туындыларды байланыстыратын нәрсе – ол композиторлар шеберлігінің ең жоғары деңгейі, жеке орындалатын скрипкалық материалдың тамаша шығуы және Марат Бейсенғалиевтің айқын, қызуқанды және жоғары кәсіптік деңгейде орындауы.

Дискілерді Лондондағы студияларда және Мумбай, Лондон және Алматының концерттік залдарында ең үздік дыбыс режиссерлары жазған және тираждалған.

"Sony" продюсерлері «Алматы Симфониялық оркестрінің» «Nomad» атты 2-ші альбомы Еуропа, Америка және Азия елдерінде барынша танымал болады деген сенімде.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту