Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

     2017 жылдың 22 наурызында Астана алаңында және Атлетикалық ауылда Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі тойланады. Астана алаңына киіз үйлер, әр түрлі қостар, шатырлар тігіліп, Наурыз тақырыбына орай жасалған инсталляциялар орнатылады. Мерекеде «Мүшел» атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан  салт-дәстүрлік, ритуалдық «Самалық», «Түлік жыры» сияқты ән-жырлар орындалады. «Самалық», «Түлік жыры» - наурыз күні қазақтың көнеден келе жатқан жыр айту дәстүрі.

Мерекелік қойылым өтетін алаң біртұтас сахналық кеңістік принципімен безендіріледі. Барлық мерекелік іс-шаралар, ән-би, театрландырылған қойылым КБТУ ғимаратының алдына жиналған бүкіл жұртшылық бірдей көретін сахнада өтеді. 

Ал Атлетикалық ауылдағы мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қонысқа қонған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады. 

Мереке өтетін алаңға «шамдал», «қос», «көне сауда арбалары», «таңбалы тастар», «тарих тегершігі» атты инсталляциялар және ұлттық нышандағы әр түрлі мүсіндер қойылады. 

Ұлыстың ұлы күні мерекесінде Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркін Шүкіман, Айгүл Қосанова сынды қазақтың айтулы әншілері, Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі, «Қоңыр», «МузАрт», «Алашұлы»  топтары, Айқын, Әли Оқапов,Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева сияқты танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту