Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

1967 жылы 2 сәуірде атақты неміс жазушысы Йелле Лепман және жастарға арналған кітаптардың Халықаралық кеңесінің шешімімен ұлы дат ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күнінде (International Board on Books for Young People) «Халықаралық балалар кітабы» күнін атап өту ұсынылды. Содан бері жылда 2 сәуірде «Халықаралық балалар кітабы» күнін - International Children’s Book Day – бүкіл әлем атап өтуде.

Атаулы күннің демеушісі ретінде байқау бойынша жылда ұлттық IBBY секциясы бар бір елді таңдап алады. Демеуші ел - (спонсор) Халықаралық балалар кітабы күнінің тақырыбын анықтап, плакат шығару үшін атақты суретші - иллюстраторды, жолдау жазу үшін авторды шақырады.

Биылғы жылы Жолдау жазу және Плакат шығару құқы Ресейге бұйырып, балалар жазушысы Сергей Махотин және суретші -иллюстратор Михаил Федоров таңдап алынды.

Шараны ұйымдастырушылар Жер бетіндегі жас ұрпақтың рухани байлығын қалыптастыруда балалар кітабын ерте жастан оқу, оны насихаттау ерекше құлшыныспен атқару керек екендігін атап өтеді.

Осы күні мереке қонақтарын қызықты да таңқаларлық шаралар кітапхананың алты бөлімінде күтіп тұрады:

  • 11.30-да: шет тілдер әдебиеті бөлімінде «Когда книга оживает» Арт- сағаты орыс және ағылшын тілінде өтеді;

  • 11.30-да: бастауыш сынып оқушыларына қызмет ету бөлімінде «По дорогам добрых сказок...» ойын – викторина орыс тілінде өтеді

  • 11.30-да: кітапхананың акт залында «Ғажайып ертегілер ізімен...» ойын –викторина қазақ тілінде өткізіледі;

  • 12.00-де: Владимир Высоцкидің, Белла Ахмадулиннің, Эмиль Лотяннің, Аркадий Райкиннің белгісіз шығармашылық беттерін білгіңіз келсе, көпшілік іс-шара залында өтетін жазушы-публицист, деректі кино режиссер, тележурналист Анвар Мамраимовтың «Взгляд» кітабының тұсаукесері және Шығармашылық кездесуіне шақырамыз. Болашақ тележурналист – Анвар танымал тұлғаларды деректі фильмдерге түсіреді. Жазушы, Қажа Ахмет Яссауи кесенесінің жоғалып кеткен шырақшыларын іздестіруге қатысқаны жайлы журналистік зерттеулерін әңгімелейді. Ол париждік Лувр мен питер- лік Эрмитажға да барып әулиелер тағдырын жазады.

  • 13.00-де: кітапхананың акт залында мереке қонақтары Самуил Маршактың «Он екі ай» ертегі спектаклін#Бегалинканың драма үйірмесі балаларының қойылымы бойынша тамашалайды;

  • 15.00-де: көпшілік іс - шаралар өтетін залда «Кітаптар әлеміне саяхат» атты фольклор сағаты қазақ тілінде өтеді.

Анықтама Тел. , БАҚ аккредитациясы : 291 40 52, 291 73 4

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту