Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен, Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу ресми түрде ЮНЕСКО-ның 2016 жылдың мерейтойлық және атаулы даталар күнтізбесіне енгізілген болатын. Мерейтой аясында 27 шілде мен 2 тамыз аралығында қаламызда «Менің қалама 1000 жыл» атты суретшілер конкурсы – пленэр өтті.

Бірінші іріктеу турдан өткен 12 суретші апта бойы этюдтарда жұмыс жасап, шығармашылық тәжірибесімен алмасты.

8 тамыз сағат 16.00-де «Белый Рояль» арт-галереясында конкурс – пленэрдің қорытындысы бойынша көрменің ашылуы өтеді. Конкурстың шешімі жарияланады және қатысушыларды марапаттау салтанаты өтеді. Конкурс-пленэр қатысушыларының ең үздік пленэрлік жұмыстары экспозицияда өзінің орнын табады. Көрме келушілері сүйікті қаланың көрікті жерлерін жиырма түрлі жақтан көреді. Өйткені, бір көріністі екі әр түрлі суретшілердің бірдей көруі сирек болатын жағдай.

Сонымен қатар, пленэрлік жұмыстармен бірге көрмеде суретші – қатысушылардың конкурстан тыс жұмыстары болады.

 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту