Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру
Алматы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 72 жылдығын, сонымен қатар Отан қорғаушылар күні мен ҚР Қорғаныс Күштерінің 25 жылдығын мерекелеуге  қызу дайындық  үстінде. 
7- 9 мамыр аралығында  әскери мектептердің, колледждер мен жоғары сыныптардың құрметті қарауылдары ҰОС-на қатысушылар ескерткіштері жанында «Ескерткіш вахтасында» тұратын болады. Қаланың 8 ауданында патриоттық акциялар өтеді. 
7- 9 мамыр аралығында   таңғы  сағат 9- дан  28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағында әскери  техникалар көрмесі өтеді.Түрлі перфоманстар ұйымдастырылады, мұнда Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының 12 актері Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Маметованың,Иван Панфиловтың, Талғат Бигелдиновтың, Рақымжан Қошқарбаевтың, Мәлік Ғабдуллиннің, Сергей Луганскийдің және басқаларының тірі образдарын сомдайды.
     Даңқ мемориалы  алдындағы алаңға алғыс айту стенді,фотоаймақтар, «Біз – батырлар_ ұрпағымыз!», «Біз - жеңімпаздар ұрпағымыз»  атты көлемді хэштегтер орнатылады.
7- 9 мамыр аралығында  Ә. Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің қатысуымен 28-ші  гвардияшыл- панфиловшылар саябағында, Арбатта және ҚР Тұңғыш Президенті  саябағында әскери  тақырыпта суретшілер  плэнері ұйымдастырылады, оған  302 оқушы - суретшілер қатысады. 
 7-9 мамыр аралығында  екі үрлемелі  оркестрлер  Арбатта, 28-ші  гвардияшыл- панфиловшылар саябағында, ҚР Тұңғыш Президенті  саябағында өнер көрсетеді, оған Жұбанов атындағы музыка мектебі мен Чайковский атындағы музкалық колледждің оркестрлері қатысады. 
7 мамырда  таңғы сағат 10:00-де 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Отан қорғашуы күні мен Алматы қаласының Әскерге шақыру күніне орайластырылған мерекелік шара өтеді.
Шара барысында әскер қатарына жаңадан шақырылғандарға арналған салтанатты  рәсім ұйымдастырылады, ҚР Мемлекеттік Үрлемелі оркестрі В. Парпибаевтың « Марш «Алматы», С. Никитиннің«Рио- рита», А. Гурьяновтың «Құдаша- дикси», 
Д. Браунның «Дубовое дерево», А. Оренбургскийдің «С любовью из Казахстана», А. Бестыбаевтың «Марш – шествие», Н. Руновтың «На страже Казахстана»  және  басқа да музыкалық дефилелерді орындайды. 
Мерекелік шара Астанадағы «Қазақ елі» алаңында өтіп жатқан Әскери шеруден көрсетілетін видеотрансляциямен аяқталады. 
 
 9 мамырда таңғы сағат 10.00-де 28-ші  гвардияшыл- панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау алдындағы алаңда Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. 
Салтанатты шараға ҰОС-ның ардагерлері, құрметті қарауыл ротасы, әскери-үрлемелі оркестр және басқалары қатысады.Шара барысында қала тұрғындары қаза болғандарды  бір минут үнсіздікпен еске алады, бұдан соң құрметті қарауыл ротасының  мерекелік  шеруі өтеді және концерт болады.
Концерттік бағдарламаға «Поклонимся великим тем годам», «Священная война», «Жас қазақ», «Әлия», «Тальяночка», «Сағадат», «Смуглянка», «В землянке», «Ана туралы баллада» және басқа да композициялар енген. Сахнада ҚР Мемлекеттік үрлемелі оркестрі, Роза Рымбаева, Талғат Күзембаев, «ILCanto », «Арт-классик» квартеттері,Береке Еңкебаева, Алексей Тимофеев, Төлеген Рахимбаев және басқалары өнер көрсетеді. 
9 мамырда  сағат 12:00-ден  «Мәңгілік полк»  шеруі «Астана» алаңынан басталып,  Төле би көшесінен Достық көшесіне дейін барып, төмен қарай 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағына бет бұрады. ҰОС қатысушылардың суреттерінен өзге шеруде әскери қызметкерлер жинаған 164 суреттінің ішінен іріктеліп алынған 1941-1945 жылдардағы ҰОС батырларының  10 фотомозаикасы болады.  
9 мамырда  «Астана» алаңында кешкі сағат 20:00-ден  түнгі сағат 22:00-ге дейін «Тағзым!» атты мерекелік концерт көрсетіледі,онда Олег Татамировтың Талғат Күзембаевтың, Игорь Благодарныйдың орындауындағы «Поклонимся», Алексей Тимофеевтің орындауындағы «Память»,«ill-Canto» квартетінің орындауындағы «Тальяночка»,Жанна Орынбасарованың орындауындағы «Катюша», Толқын Забированың орындауындағы «Ана туралы баллада»  сынды әскери әндер айтылады.Сағадат», «Темная ночь», «На безымянной высоте», «Кестелі орамал», «Соғыстан қайтқан солдаттар»  композициялары қойылады. 
Сағат  22:00-де мерекелік салют болады. 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту