Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Алматы – Қазақстанның мәдени, ғылыми, инновациялық және туристік, қаржы орталығы. Қалада ежелден елдің қуатты экономикалық, қоғамдық-саяси интеллектуалдық әлеуеті шоғырланған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі: «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» деп баға берді. Еліміздің саяси өмірінің барлық кезеңдері Алматы қаласымен тығыз байланысты. Сондықтан Алматы барлық қазақстандықтар үшін болашақта да айрықша маңызға ие болып қала береді.

2016 жылы Алматының 1000 жылдық мерейтойы өтеді. Бұл әлемдік деңгейде мойындалып, ЮНЕСКО-ныңдүние жүзі бойынша аталып өтілетін мерейтойлар тізіміне енді. Ғалымдардың өзі Алматы тарихы 150 жылдық кезеңнен емес, сонау тамыры терең мыңжылдық құндылықтан бастау алатынын дәлелдеді. Осыған орай, Алматы қаласының әкімдігі ұлы мерейтой аясында бірқатар мәдени іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Соның бірі – «Ару қала-Алматы» атты ақындар мүшәйра. Бұл байқау Алматының 1000 жылдық мерейтойына арналады.

Мүшәйраның мақсаты: Алматы қаласына деген сүйіспеншілік пен ықыласты дамыту, мәдени құндылықтарды көтеру, қазақ әдебиетін насихаттау, жаңа таланттарды анықтау.

Мүшәйраға қазақ тілінде жазатын, 18 жастан асқан кез-келген дарын иесі қатыса алады. Үміткердің жынысына, дініне шектеу жоқ. Байқау комиссиясы қоғам және мәдениет қайраткерлерінен, белгілі ақындардан, әдебиет сыншыларынан, танымал тұлғалардан тұрады.

Жеңімпазды марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтеді. Байқау лауреаттары салтанатты түрде ақшалай сыйлықпен, дипломдармен марапатталады:

Бас бәйге – 1 млн теңге,
1-орын – 600 000 теңге,
2-орын екеу – 350 000 теңгеден,
3-орын үшеу – 200 000 теңгеден.

Мүшәйраға келіп түскен шығармалар жинақ болып шығарылады.

Өтетін орны: Қазақстан Жазушылар одағы, Әдебиетшілер үйі.

Өтетін уақыты: 2016 жылдың 22 сәуірі, сағат 15.00.

Мүшәйраны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігі; Қазақстан Жазушылар одағы; «Ел-Шежіре» қайырымдық қоры» қоғамдық қоры.

Қосымша ақпарат үшін:
«Degdar.kz» сайты
Дина Имамбаева – 8 747 536 10 49
Нұргүл Өнербекқызы – 8 747 325 6874

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту