Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

2016 жылдың 3-6 маусым Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Almaty FEST 2016» атты фестивалі өтеді.

Аталмыш фестиваль кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерді, сауықтыру қызметтері мен дәстүрлі медицинаны, дамыту орталықтары мен өнеркәсіпті, өнер және би мектептерін, дизайнер-зергерлерді, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының авторларын және т.б. түрлі сала өкілдерін біріктіреді. Фестивальдың мақсаты – Қазақстандағы қолөнер мен шығармашылық индустриясын дамыту, хоббидің түрлі бағыттарын дәріптеу. «Almaty FEST» - халықаралық зергерлік көрме; сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының жәрмеңкесі; интерактивті, шығармашылық алаңдар.

Шығармашылық алаңдар халықтық өнеркәсіппен, отадық және шетелдік шеберлер мен дизайнерлердің көркемөнер туындыларымен, балаларды дамытатын бағдарламалармен таныстырады, жаңа дарындарды ашуға мүмкіндік береді.

Ал Халықаралық зергерлік көрмеде зергерлік компаниялар мен Ресей (Якутия, Москва, Махачкала, Кострома қалалары), Жапония, Қазақстан, Турция, Өзбекстан, Қырғызстанның өндірушілері көптеген тауарлар мен бұйымдар ұсынады, олар: жапон маржаны, күмістен жасалған якут бұйымдары, бельгия гауһар тастары, алтын әшекейлер және т.б.

Фестиваль аясында «Менің сүйікті қалам» атты балалар шығармашылық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 5 маусым күні сағат 15.00-де, ал зергерлік компаниялар ұсынған ұтыс ойындары 6 маусым күні сағат 15.00-де өтеді.

Балалар мен үлкендер үшін «Воздушные замки», «Ты - художник», «Top-laif.kz», «Леденцовый рай», «Сладко_кз», «ArtBota», «Искусство ремесла», Art studio «TESORO», «Syperman», Kidfox.kz, «Savitri” сияқты компаниялар мен орталықтар, мектептер мен студиялар кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, би және сиқыр бойынша шоу-бағдарламалар мен шеберлік-сабақтар ұйымдастырады. «Profiland» балалар қалашығы түрлі мамандықтардың артықшылықтарын көрсетеді.

Фестиваль қатысқысы келетіндер үшін шексіз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады, қандайда бір салада жеткен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар басқада шығармашылық адамдармен таныса аласыз, сондай-ақ сарапшылардың кәсіби бағасын аласыз.

Келушілерге фестиваль – мерекелік көңіл-күй сыйлап, шаттыққа кенелтеді, заманауи қаламыздың тұрмысымен таныстырады, шығармашылық адамдармен танысып, шет мемлекеттерден алып келінген заттардың жәрмеңкесін көріп, шеберлік-сабақтар мен байқауларға қатыса алады.

«Almaty FEST 2016» бағыттары: зергерлік бұйымдар, бижутерия, тастар мен минералдар; дизайнерлік киімдер, ойыншықтар, қуыршақтар, керек-жарақтар, кәдесыйлар; тоқыма, ыдыс-аяқ, керамика, кілемдер; өнер мен шығармашылық (сурешілер мен дизайнерлердің авторлық жұмыстары және т.б.); біліми интерактивті бағдарламалар, рухани дамыту орталықтар (кеңестер, диагностика, шеберлік-сабақтар); сауықтыру орталықтары, далаптар мен парфюмерия; ұлттық тағамдар.

Келушілер үшін 3-5 маусым күндері сағат 12.00-де «Golden Gate” академиясы, ал 4 маусым күні «MONEYКЕН» музыкалық тобы музыкалық бағдарлама ұсынады.

3-6 маусымда «Almaty Fest 2016» фестивальінің бағдарламасы

  • Контактілі хайуанаттар бағы
  • Цирк қойылымы, би
  • Fire - Show, фокустер, «Golden Gate» өнер академиясы атынан музыкалық бағдарлама
  • 4 маусым MONEYКЕН музыкалық тобының өнер көрсетуі
  • «Бормен сурет саламыз! Батыл сурет саламыз» бормен сурет салу байқауы
  • Мамандықтар бойынша Profiland атынан интерактивті квесттер
  • Savitri бағдарламасы: сб.: 13.30 «Чакрлер шындығы» діріс
  • жк.: 14.00 «Рухани дауалау» дәріс
  • Аура диагностика, йога
  • Литотерапия бойынша семинар (30 мин)- жк.: 15.00; дс.: 13.00
  • «Менің Алматым» арт-перформансы
  • «Жақын адамдар» Playback Театры
  • Аквагримм , тату мен мехенди жалтырағы
  • Шәйден дәм тату
  • Отандық суретшілер мен дизайнерлер жұмыстарының көрмесі
  • Фотоаймақтар мен фотосессиялар
  • Би бейне сабақтары

Компаниялар мен студиялардан шеберлік сабақтар:

  • «Воздушные замки» өнер мен кәсіп мектебі
  • «Top-Life.kz» кәсіби бейімдеу орталығы
  • «Super Men» балалар орталығы
  • «Ты художник» шеберханасынан жедел кескіндеме бойынша
  • digital - графика және кенеп бетінде интерактивті кескіндеме бойынша
  • «ArtBota»-дан құммен және су бетінде сурет салу
  • «Истоки ремесла» қолданбалы өнер бойынша
  • мұз кәмпит дайындау және тәтті тоқаштарды сәндеу бойынша
  • полимерлік саз балшықтан гүл жабыстыру бойынша
  • Kidfox.kz-тен кинетикалық құммен жұмыс
  • «Золотая рыбка» моншақ тізу бойынша

5 маусым, 15.00-де Балалар байқауы жеңімпаздарын марапаттау

6 маусым, 15.00-де Зергерлік компаниялардан лотерея ойнату

Соңғы жаңалықтарды www.almatyfest.kz сайты бойынша және Инстаграмм желісінде @fairexpo_almaty және @almaty_fest_2016 парақшаларынан бақылаңыздар.

+7 7773830454

+7 7714489086

ҚР Мемлекеттік орталық музейі, тел.:2644650

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту