Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

27 сәуір күні, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивімен бірлескен КСРО Халық әртісі, профессор Хадиша Бөкееваның (1917-2011) туғанына 100 жыл және оның жұбайы қазақ опера әншісі, педогог-профессор ҚазКСР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Байғали Досымжановтың (1922-1998) туғанына 95 жыл толуына байланысты олардың өмірі мен шығармашылық мұраларын насихаттау әрі дәріптеу мақсатында құрылған көрменің ашылу салтанаты өтеді.

Жұмыс істеп тұрған көрмелер:

  • ҚР Мемлекеттік Орталық музейі ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясымен бірлесіп, ЮНЕСКО клубы қозғалысының құрылуының 70 жылдығын және Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының 25 жылдығын мерекелеу аясында «Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa» атты Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі жеңімпаздары жұмыстарының көрмесі 2017 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.

  • Алматыда өткен XXVIII Дүниежүзілік қысқы универсиадаға арналған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің қор коллекциясы негізінде құрылған «Қазақстан спортының тарихы» атты көрмесі 2017 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады.

  • Дүниежүзілік жазушылар күніне арналған қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – М.Әуезовтың 120 жылдық, Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 115 жылдық, Д.Әбілев пен Ғ.Ормановтың 110 жылдық, Ә.Шәріповтың 110 жылдық және Ә.Нұршайықов пен С.Шаймерденовтың 95 жылдық мерейтойларына арналған «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» атты көрме 2017 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі тұрақты жұмыс жасайтын экспозициялар:

• 1 –Палеонтология және археологиязалы;

• 2-Тарихи этнографиялық залы;

• 3- Қазақстан Ұлы Отан соғсы жылдарында, диаспоралар мәдениеті залы;

• 4- Қазіргі Қазақстан залы;

• 5-«Ашық қор – Қазақстанның Археологиялық алтыны» экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1300 тг.

• 6 - «Антропология музейі» залы - экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1000 тг.

• 7 – «Н.Г. Хлудова» залы- экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1000 тг.

Мекен-жайы: Самал – 1 ы.а., 44 үй, т. 264-55-77, 264-46-50

Жұмыс кестесі: 9.30-дан 18.00-ге дейін, әр сейсенбі күні демалыс

Музейге кіру ақылы: ересектер үшін 300 теңге, студенттер үшін 200 теңге, зейнеткерлер үшін 150 теңге, оқушылар үшін 100 теңге, шетелдік турист қонақтар үшін 500 теңге.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту