Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

«Игіліктің бастауы - балалар/Дети творят добро» бірінші қайырымдылық фестивалі Алматы қаласының мың жылдығына орайластырылды. Атаулы жоба бүгінгі күні өзекті болып отырған балалар мен жасөспірімдерді өзін-өзі шығармашылық жағынан танытуға ынталандыру – жеке тұлғаны қаалыптастыру тақырыбына қоғамның назарын аудару үшін құрылған көркемдік-мәдени шаралар кешені болмақ. Жыл сайын өтетін «Игіліктің бастауы - балалар/Дети творят добро» фестивалінің қайырымдылық миссиясы – мүмкіншілігі шектеулі және шығармашылық қабілеті ерекше дамыған балаларды қолдауға қаражат жинау. «Игіліктің бастауы - балалар/Дети творят добро» бірінші фестивалінің адресаты – туа біткен күрделі жүйелі аурумен күресіп жүрген дарынды қыз, екінші топтағы мүгедек Анар Лепесова.

Фестивальдың басты мақсаты – елде жақсылық жасап, қуаныш сыйлайтын адамдардың санын көбейту үшін қалалықтарды, ұйымдар мен мекемелерді қайырымдылық қызметке мүмкіндігінше көбірек тарту.

Фестиваль бағдарламасында – балалар концерті. Бұл түрлі балалар шығармашылық ұжымдарында оқитын балалардың орындауындағы би, ән және аспаптық нөмірлері.

Бағдарламада бұдан басқа да балалар шығармашылығының қайырымдылық көрме-сатылымы болады. Көрме экспонаттары – Анар Лепесованың авторлық тоқыма қуыршақтары және «Индиго» бейнелеу өнері студиясы оқушылары мен «Өнерленд» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен осының алдында болған «Сазға жазылған поэзия» әлеуметтік жобасында «Мейірім» балалар сауықтыру орталығының тәрбиеленушелерінің қолдан жасаған туындылары.

Осы оқиғаның шарықтау шегі ең үздік балалар жұмыстарының қайырымдылық аукционы және қайырымдылық купондарының таратылымы болмақ.

Жобаға қазіргі заманның әлеуметтік проблемаларына бейжай қарамайтын қазақстандық компаниялар мен отандық белгілі адамдар қатысады. Эстрада әртісі Рафаэль шараның жүргізушісі болса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері әнші Жанна Орынбасарова өзінің жеке нөмірлерін орындайды.

Шараның арнайы қонағы – КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегенова.

Шара қонақтарын ауқымды әрі тартымды бағдарлама күтуде, сонымен бірге билет бағасына кіретін фуршет-коктейль де қарастырылған. Билеттің құны 3000 теңге. Билет музей кассасында сатылады және жоғарыдағы телефондарға қоңырау шалып, алдын-ала тапсырыс беріп қоюға болады.

Жоба: «Игіліктің бастауы – балалар/Дети творят добро» бірінші қайырымдылық фестивалі

Өтетін уақыты: 2016 ж. 30 сәуір, сағат 15.00

Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ фойесі

Ұйымдастырушылар: Д. Машкееваның бастамасымен Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ және «Өнерленд» ҚҚ

Жобаның авторы: Динара Машкеева 8 701 720 37 22, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жобаның жетекшісі: Ақылбекова А.Р., Ә. Қастеев атындағы директорының көрме қызметі және сыртқы байланыс жөніндегі орынбасары.

Кураторлары: Сатыбалды Нұржан, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ ақпараттық технология және баспа қызметі орталығының жетекшісі 8 707 831 32 81, 395 55 00, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және Танская Оксана, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ экскурсия жұмысы орталығының жетекшісі, 8 777 29 89 049, 394 57 15, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жобаның бас демеушісі: «Вива Фарм» ЖШС

Жобаның серіктестері: «Индиго» бейнелеу өнері студиясы, «Happy Kingdom» компаниясы

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі
050040, Алматы, Көктем-3, 22/1, тел. (727) 394-57-15, 394-57-18, т/факс 3945519, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту