Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Өтетін орны: Уақыты:

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК 18 мамыр

«Алматы музейі» 2017 ж.

Қабанбай батыр, көшесі 132 сағ.19.00

т\ ф. 272-43-21

тел.8702-153-80-80

18 мамыр 2017 жылы сағ. 19.00-23.00-де Алматы музейінде «Музей түні» атты мерекелік іс-шара өтеді.

Жылда 1977 жылдан бастап мамырдың 18-жұлдызында музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелері- Халықаралық музейлер күнін мәдени мереке ретінде атап өтеді. 1978 жылдан бастап әлемнің 150-ден астам елінде тойланатын болды. Бұл күні музейлерде қалалық «Музей түні» акциясы өтеді.

Мерекені атап өтудің басты мақсаты жалпы қоғам мен жеке адамның өміріндегі музейлердің алатын орны мен мәніне назар аудару.

«Музей түні» акциясы аясында Алматы музейі арнайы бағдарлама ұсынады: музейдің экспозициялық залдарында тегін экскурсиялар, концерттік бағдарлама, қолданбалы қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі, шеберлік сабақтар, викториналар, квест ойыны, «Музейдегі үздік Селфи» конкурсы, «жәдігерлер жерде қалмасын» акциясы және көптеген өзге шаралар.

Акцияға келушілер саны шамамен 3500 адам.

Алматы музейі барлық алматылықтар мен алматы қонақтарын мерекелік бағдарламаны көруге шақырамыз.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту