Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Алматыда Универсиада 2017 арналған «Спорт Әлемді біріктіреді» өнер фестивалі өтті, фестивальды «Дети рисуют мир» ҚҚ ұйымдастырды. Фестиваль 4 жобадан тұрды: «Өнер әлемді біріктіреді», «Балалар әлемді біріктіреді», «Спорт Әлемді біріктіреді» және «Универсиада сәттері». 2017 жылдың 29 қаңтарынан 8 ақпанына дейін спорт жарыстарына келушілер, Универсиада спортсмендері мен қонақтары аталған Фестиваль аясында өткен бірқатар іс-шараларды тамашалай алды.

«Спорт Әлемді біріктіреді» өнер фестивалінде көркемсурет және декоративтік-қолөнер жанрындағы жұмыстар, заманауи өнер мен монументалды өнер, инсталляциялар мен фотосуреттер қойылды. Универсиаданың спорттық нысандарында қойылған жылжымалы көрмелерде ересек суретшілер мен жас дизайнерлердің туындыларымен қатар, жас дарындардың да туындыларын көру мүмкіндігі болды. Оған қоса шығармашылық шеберлік сабақтары мен интерактивтер ұйымдастырылды. Алайда, рет-ретімен баяндайық.

«Спорт әлемді біріктіреді» жобасы ҚР Суретшілер одағымен бірігіп ұйымдастырылды, жоба бірнеше бөлімнен тұрды: көрмелер, пленэр, байқау және пленэр жұмыстарының қорытынды көрмесі. «Алматы Арена» Мұз Сарайының 1-ші қабатында заманауи көркемсурет өнерінің көрмесі орналасты, онда қазақстандық суретшілер туындыларының ретроспективасы көрсетілді. Экспозиция сүйікті қаламызға және сүйікті елімізге арналған Қазақстанның әйгілі суретшілерінің бірегей еңбектерінен құралды.

Сондай-ақ, Фестиваль аясында Республикалық пленэр-байқау өтті, онда Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген қылқалам шеберлері спорттық ойындарды шынайы режимінде суреттеді, этюдтар жазды. Барлық спорт нысандары, жеке жарыстардың сахналары қысқы пленэрдың нысандарына айналды. Универсиада соңына пленэр жұмыстары «Ұлар» галереясында қойылды, онда пленэр-байқаудың қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

«Балалар әлемді біріктіреді» жобасы Орталық Азиядағы мәдениетаралық және шығармашылық білім бойынша ЮНЕСКО Обсерваториясымен бірігіп ұйымдастырылды, жоба балалар суреттерінің үлкен экспозициясын ұсынды, экспозиция «Халық Арена» Мұз Сарайында орналасты. Көрермендердің назарына балалардың көркемсурет және декоративті-қолөнер саласындағы еңбектерінің көрмесі ұсынылды. Бұл Ә.Қастеев ат. Сурет өнері және техникалы дизайн мектебі – ЮНЕСКО-ның І Қазақстандық клубы - оқушыларының еңбектері, олардың жұмыстары еліміздегі және шетелдегі көптеген көрмелерге қатысқан.

Экспозиция түрлі техникаларда және түрлі материалдарды қолданумен жасалған суреттерден тұрды. Бұл жерде көркемсурет, графика, аппликация мен коллаж, пастель мен граттаж болдыДекоративтік-қолөнер экспонаттары арасында шыныдан, металдан, қыштан, киізден, сазбалшықтан, фольгадан, сымнан жасалған еңбектер кездесті.

«Дети Рисуют Мир» ҚҚ ұйымдастырған «Өнер әлемді біріктіреді» жобасы үш спорт нысанын қамтыды: «Алматы Арена», «Халык Арена» және «Медал Плаза». Жоба экспозицияларының бірі Медал Плазада қойылған "I love Universiade" көлемді әріптері болды. Республика Сарайы алдындағы Абай алаңына келген әр демалушы өзін шығармашыл-суретші тәрізді сезініп көрді. Ерекше батылдылар бірден қолдарына қылқалам алып, әріптерді бояу арқылы өз өнерлерін көрсетуге ұмтылды. Осылайша олар қала өміріндегі өздерінің қайталанбас іздерін қалдырды.

Фестиваль аясында, сондай-ақ Медал Плазада, балалар мен ересектерге арналған шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды, оларды «Балалар Әлемді суреттейді» Қоры «Art Invest» Оқу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Ол жерде мүсіндеу, қыш ісі, көркемсурет пен қолөнер болды. Ұйымдастырушылар Фестивальдың көптеген іс-шаралары арасынан әркім өзіне қажеттісін табарына сенімді еді!

«Алматы Арена» Мұз Сарайында Алматының жас дизайнерлерінің «Снежки – Қар кесектерін лақтыру» атты инсталляциясы орналасты. Бұл қыс ойыны әркімге де танымал. Аталған еңбегі арқылы автор бізді бейқам балалық шақ, ойын мен сауық туралы сағыныш естеліктерге бөлегісі келді. Кешкі уақытта бұл инсталляция аса қызықты болды, себебі «кесек қарлар» ішінен жанып тұрды.

«Шығармашылық әлемді біріктіреді» жобасының тағы бір экспозициясы -бұл атақты қазақстандық суретші Ботакөз Ақанаеваның көрмесі еді, оның еңбектері көрермен жанарын қайталанбас сұлулығымен және бірегейлігімен жаулап алды. Көптеген отандастарымыз, Универсиадаға келген шетелдік қонақтарымыз суретшінің еңбектеріне ұзақ уақыт үңіле, көлемді еңбектерінің әр бөлшегін талдай қарады. Таңғажайып тантамарескалар экспозицияның ерекше бір бөлігі болды, онда жаны нәзік жандар өздерін венециялық дәуірдің ханзадалары сезінді, сол дәуірдің бірегей бейнелерін өлшеп көрдіҚолөнер көрмесі «Халық Арена» Мұз Сарайының 2-ші қабатында өтті.

«Дети Рисуют Мир» қоры декоративті-монументалды өнерді де ұсынды. Алматының жас суретшілері «Халық арена» спорт кешенінің бір қабырғасына сурет салды. Сұлба мәскеулік райтер Костя Zmogkтікі, ол Универсиадаға арнап қызықты энергиялы геометриялы дизайн жасады. Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары өз көздерімен «тірі кенеп» жазылу үрдісін бақылады, әсіресе қабырғадағы суреттің күнбе-күн ауысуын тамашалады.

Бұл жобада фотоөнер де қамтылды. Қазақстанның бай әрі сан-алуан табиғаты фотокөрменің стендтерінде орнатылды. Экспозиция Қазақстанның әйгілі суретшісі - Деонисий Мить – жұмыстарынан құралды. Суреттердің авторы осынау ғажайып әлемді бізге фотографтың объективі арқылы көрсеткісі келді. Қазақстандықтарды таңқалдыратын табиғаттың тамаша көріністерімен шетелдік қонақтарды да таныстырғысы келді.

«Халык Арена» сарайында көптеген елдердің, соның ішінде қазақтардың ауыз әдебиетінде жиі кездесетін ежелгі образдар - «Балбалдар мен Тілек ағашы» инсталляциясы орнатылды. Біреулердің пікірінше, киелі ағаш тілектерді өзі орындайды, мыс, екіншілердің пікірінше – ағаштың бұтақтарында армандарды орындайтын мейірімді рухтар өмір сүреді, мыс. Не десек те - балалар да, ересектер де, ғажайыпқа және тілектердің орындалуына сенімін жоғалтқан емес, сол себепті күннен-күнге ағашқа байланған арман жіптердің саны артты. Ал «балбалдар» – оларды үнемі әрі шынайы зұлым рухтардан қорғайды...

"Дети Рисуют Мир" ҚҚ жанкүйерлермен бірге Қазақстанның хоккейден құрама командасын жақсы қолдады. Ойыншылар үшін қолдау аса маңызды екені рас! "Өнер әлемді біріктіреді" жобасында суретшілер қазақстанның рәміздерін жанкүйерлердің беттеріне суреттеді. Былайша айтқанда, аквагримды флешмобшықты, оған балалармен қатар ересектер де белсенді қатысты. Осындай науқан арқылы жанкүйерлер өз еліне және спортсмендеріне «Алға, Қазақстан!» деп ұрандап, қолдау көрсетті.

"Агентство Universal Media Service" ҚҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылған «Универсиада сәттері» жобасы Алматы музейінде қысқы фото-пленэрдің үздік суреттерінің қорытынды көрмесін ұсынды. Пленэрде жасалған фотосуреттер бәсекелесті шайқастың, командалық рухтың, жеңіс қуанышы мен жеңіліс мұңының эмоцияларын, көрермендердің уайымдау сәттерін, төрешілер мен тренерлердің реакцияларын, жарыстардың барлық түрлерінің жалпы атмосферасын, Универсиаданың Ашылу салтанатының тамашалығын, қоршаған табиғаттың әсемділігі мен кербездігін паш етеді.

Ойынды көруге келген көрермендер Универсиада тәрізді спорттық оқиғаға қоса, бірегей Мәдени Универсиаданың бағдарламаларын қоса тамашалағанға таңқалды, олар матчтар арасындағы үзілістерде өнерге қанып, сұлулыққа қолдарын тигізу мүмкіндігін иеленді. Ұйымдастырушылар: «Фестивальға келген әр адам өзіне керектісін таба алды», - деген сенімде.

Ескерте кетейік, Фестивальды "Дети Рисуют Мир" Қоғамдық Қоры Ә.Қастеев ат. Сурет өнері және техникалы дизайн мектебі жанындағы Орталық Азиядағы мәдениетаралық және шығармашылық білім бойынша ЮНЕСКО Обсерваториясымен, Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағымен және "Агентство Universal Media Service" ҚҚ бірлесе ұйымдастырды. Фестиваль Алматы қаласы Әкімдігінің және Алматы қ. Мәдениет басқармасының қолдауымен өтті.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту