Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Қазақстан жерінде қолға алынып, бүгінде ұлттық маңыздағы мәдени бренд мәртебесіне ие болған The Spirit of Tengri халықаралық жобасы биылғы жылдың көктем, жаз, күз мезгілдерінде Астана мен Алматыда бірнеше музыкалық іс-шара ұйымдастырмақ. Концерттер қатарын Алматының басты open-air алаңында өтетін және бүгінгі күні дәстүрге айналған ауқымды фестиваль бастайды. Мамырдың 20-21 күндері The Spirit of Tengri 2017 фестивалінің сахнасына Жапония, Африка, АҚШ, Башқұртстан, Бурятия, Тува, Ішкі Моңғолия (Қытай), Қазақстан және басқа да елдерден келген музыкалық ұжымдар шығады. Керемет музыка мерекесінің қонақтары бас-аяғы 13 ұжымның өнерімен танысып, тәнті бола алады.

The Spirit of Tengri 2017 фестиваліне қатысушылар тізімі:

Oki Dub Ainu Band (Жапония)

DJ Carmen Rizzo (АҚШ)

Huun Huur Tu (Тува)

Sekou Kouyate (Гвинея)

Folk Project Katya Yamshchikova (Башқұрстан)

Speed Caravan (Франция/Алжир)

Robert Yuldashev & Kuraisy (Башқұрстан)

Shono (Бурятия)

Dudu Tassa & The Kuwaitis (Израиль)

Marga Muzika (Литва)

Барабаны Алматы Жобасы (Қазақстан)

«Тиграхауд» (Қазақстан)

DJ Almaty Drums Project (Kazakhstan)

«Tigrahaud» (Kazakhstan)

DJ Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov(Қазақстан)

Мейрам қонақтары үшін ауқымды, әрі мазмұнды музыкалық бағдарлама әзірленіп жатыр.

Қазақстан атынан «Тиграхауд» этно-рок тобы,диджеи Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, пенұрмалы аспапшылардан құрылған «Барабаны Алматы» жобасы өнер көрсетеді.

Көрермендер әлемге әйгілі тувалық «Huun Huur Tu» тобындағы көмеймен ән айту шеберлерінің өнерін бағалай алады. Бұл топ сахнаға «Грэмми» жүлдесін 2 мәрте иеленген америкалық атақты ди-джей Кармен Риццомен бірге шығады.

Ал, Башқұртстаннан келген Folk Project Katya Yamshchikova музыкалық ұжымы орыстың халық әндерін шырқайды. Қалған топтар The Spirit of Tengri жобасына алғаш рет қатысқалы отыр.

Мәселен, жапониялық Oki Dub Ainu Band тобы – жергілікті айну халқының өкілдері.

Литвалық Marga Muzika тобы фестивальда ЮНЕСКО тарапынан қорғалатын әндерді орындайды. Өнер ұжымы шараға Алматыдағы литвалықтар Қауымдастығының және StudioDA дизайн мен сәулет студиясының қолдауымен қатысқалы отыр.

Гвинеялық Sekou Kouyate тобының орындауында Алматы аспанында африкалық әуендер әуелейді.

Роберт Юлдашевтың ұжымы, Башқұртстаннан келетін "Курайсы" тобы өзгелерге ұқсамайтын керемет əуезді əуендер шығарады. Топ мүшелері фестивальда көне аспап - курайдың үнін назарларыңызға ұсынбақ.

Алжир мен Франция өкілдерінің басы қосылған Speed Caravan тобы Алматыға заманауи араб музыкасын әкелсе, Shono тобы Бурятия халқының музыка өнерін паш етеді.

Сахна төріне израильдік қонақтар - Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы да шығады. Олар фестиваль қатысушылары қатарына Израильдің Қазақстандағы елшілігінің белсенді қолдауымен қосылып отыр.

Биыл фестиваль сахнасының орналасуына ерекше мән беріледі. Сахнадағы көріністер алаңның кез-келген жерінен көрінеді.

Сондай-ақ, шоу барысы сахнаның екі жағына қойылатын Led-дисплейлер арқылы көрсетіледі.

Алаңда этникалық ауыл тұрғызылады. Ол жерден шараға келушілер шеберлердің қолынан шыққан киім-кешектер, музыкалық аспаптар мен кәдесыйлар сатып ала алады.

Алаңның логистикасы, сахнаның ерекше орнатылуы, аумақтардың функционалдылығы – мұның барлығы көрермендердің жақсы демалып, көңіл көтеруі үшін ойластырылып отыр.

Мерекенің тосынсыйы – екі дисктен тұратын арнайы DVD-топтаманың тұсаукесері. Таспаларға өткен жылғы фестивальдің бейненұсқасы мен үздік тректер жинақталған.

The Spirit of Tengri 2017 – керемет концептуалды шоу, жарық пен музыка үйлесім тапқан көріністер, жаңартылған құрам, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған әйгілі әртістер. Алматы тұрғындары мен Оңтүстік астана қонақтарының сүйікті отбасылық мерекесіне айналған дәстүрлі шара! Өткізіп алмаңыздар!

Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді

Жарық пен дыбыс ұсынған - KZ Sound компаниясы

Жобаның Бас серіктесі — Kaspi.kz

Басталуы – сағат 17.00-де. Кіру тегін

The Spirit of Tengri 2017 халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалінде кездескенше!

Жалпы ақпарат

The Spirit of Tengri - мульти-мәдени жобаОның мақсаты – Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнері өкілдерінің басын қосып, Ұлы Дала және бүкіл әлем халықтарының бай мұрасымен таныстыру. 2012 жылы Tengri FM Ұлттық радиостанциясы жобаның негізін қалады. Өткен төрт жылда фестиваль сахнасында әлемнің 40 елі және аймағынан жиналған этно-ұжымдар мен орындаушылар өнер көрсетті. Жоба басталғалы концерттерді 70 мың адам тамашалап үлгерді.Жоба шет мемлекеттерде де танымал. Жыл сайын The Spirit of Tengri жобасының қатысушылары Womex әлемдік музыка форумында таныстырылып тұрады. The Spirit of Tengri әртістері мен ұйымдастырушылары әлемнің түкпір-түкпірінде белсенді түрде концерт беріп тұрады.


Бізбен байланысу:

Фестивальдің пресс-атташесі - Мария Мирная
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тел: +7 777 666 000 5

www.thespiritoftengri.com
www.tengrifm.kz

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту