Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Алматыдағы Халықаралық Классикалық Музыка фестивалі FORTE MUSIC FEST 2016

27, 28, 29 мамырда Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның Үлкен концерт залында FORTE MUSIC FEST 2016 Халықаралық Классикалық музыка фестивалінде өтеді.  

Forte Music Fest Халықаралық классикалық музыка фестивалі Орта Азияның үлкен мәдени оқиғасы болып табылады. 2015 жылдың мамыр айында фестивальдің алғашқы маусымы керемет табыспен өтті. Бірнеше күн бойына Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның Үлкен концерт залының сахнасында Қазақстаннан, Армениядан, Хорватиядан, АҚШ пен Кубадан келген музыканттар өз өнерлерін  көрсетті. Фестивальдің бағдарламасында Карл Стамицтің, Арво Пярттың, Жакоба до Бандолимнің, Абайдың, Антонин Дворжактың, Иоганнес Брамстың, Александр Арутюняннің, Франсис Пуленктің, Роберт Шуманның, Фредерик Шопеннің, Арно Бабаджанянның, Вольфганг Амадей Моцарттың, Карл Вебердің, Қуат Шильдебаевтың, Макс Брухтың музыкасы шырқалды. Үш күн бойына фестивальге 2,500-нан астам көрермен келді, ал филармонияның концерт залының сыйымдылығы 640 орындық екенін ескеретін болсақ, бұл нағыз агншлаг болды. Лық толы залға қосымша орындықтар қоюға тура келді. Әрбір кештің соңында музыканттарға барынша қошемет көрсетіліп, адамдар тік тұрып шапалақ ұрды, концерттен кейін ұзақ уақыт тарамай, фестивальден кейін жылы лебіздер мен таңдай қаққан пікірлер көптеп естіліп жатты. Бұл қала мен елдің мәдени кеңістігінде фестивальдің дер кезінде және нағыз қажет уақытта пайда болғанының белгісі. 

Фестивальдің әртістік директоры болып атақты скрипкашы Арман Мырзағалиев табылады. Біздің елімізді шетелде танытатын қазақстандық орындаушылар мен музыканттардың арасында скрипкашы Арман Мырзағалиев есімінің аса ерекше және қызықты болып табылары, сөзсіз. Қазақ КСР бірінші Халық әртісі, қазақ кәсіби театрының негізін қалаушы Жұмат Шаниннің шөбересі бола отырып, әлемнің концерттік сахналарында біздің елімізді абыроймен танытып келеді.

2016 жылы фестивальге Қазақстаннан, Перуден, Швейцариядан, Румыниядан, Франциядан, Ресейден, Хорватиядан, АҚШ, Германиядан келген музыканттар қатысады.

2016 жылғы фестивальдің бағдарламасы өзінің күрт жаңашылдығымен, батылдығымен және ұсынылған репертуардың бірегейлігімен ерекшеленеді. Кез келген халықаралық фестивальдің деңгейін сипаттайтын музыканың ең үздік үлгілерімен қатар (Чайковский, Шостакович, Шуберт) 2016 жылғы Forte Music Fest фестивалінің бағдарламасында Ерзаковичтің, Бартоктың, Болиннің, Энескудің, Лауроның, Шниткенің, Боккеринидің, Сильвестровтың, Гершвиннің, Дебюссидің, Бриттеннің, Сайдың, Стравинскийлердің музыкасы шырқалады.

Фестивальдің шеңберінде барлық қалаушылар Ыхлас атындағы музыкалық аспаптар мұражайында өтететін керемет майталмандардың, концерт беретін солисттер мен оркестрлердің концертмейстері беретін шеберлік кластарына қатыса алады (шеберлік кластарының кестелері нақтыланып жатыр).

Forte Music Fest-ң басты мақсаты классикалық музыканың ең үздік үлгілеріне назар аударту, жас буынның талғамын тәрбиелеу, музыканттардың арасында кәсіби тәжірибе алмасу, Қазақстан Республикасын заманауилық тұрғысынан маңызды мәдени орталықтардың бірі мәртебесіне шығару.

Концерттердің басталуы 19:00 сағатта. Фестивальдің концерттеріне кіру еркін (көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт болатын күндері кіре берісте орындар  көрсетілген әдемі бэйдж-жолақтарын алуға болады).

Баспасөз конференциясы 27 мамырда 17:00-де Филармонияның камералық залында өтеді (Қалдаяков к-сі,35, Төле би к-ң қиылысы)

Байланысқа арналған ақпарат:

Тел.: +7 727 354 75 33, 701 555 75 03     

email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  web: www.fortemusicfest.com Fb:https://www.facebook.com/fortemusicfest.kz

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту