Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада бойынша мәдени бағдарламалар аясындағы жобаның презентациясы

 

«Universal Media Service» агенттігі» қоғамдық қоры, «Алматы музейі» мен Алматы қаласы әкімшілігінің«Спорт объединяет мир» фестивалінің аясында «Универсиаданың сәттері» атты біріккен жобасы.

 

Жоба, Универсиаданың ашылу салтанаты, спорттық сайыстардың ең қызықты сәттері көркем деңгейде суретке түседі.

 

Көрмені ұйымдастырудың және өткізудің басты мақсаты Қазақстан Республикасының 2017 жылғы басты спорт ойындарының көркем деңгейде түсірілген фотосуреттерді көпшілік назарына паш ету.

 

Фотошеберлердің өз туындылары арқылы бәсекелеске толы күрестің тірі эмоциясын, топтық рухты, жеңістің тәтті дәмі мен жеңілістің күйзелісін, жанкүйер көрермендердің жанкешті қобалжуын, төрешілер мен жаттықтырушылардың көңіл күйлерін, барлық жарыс түрлерінің жалпы атмосферасын, Универсиаданың ашылу салтанатының қайталанбас көріністерін жеткізіп, сондай-ақ айналадағы табиғаттың сұлулығы мен ұлылығын айшықтай түседі.

 

Фотосуреттердің басты ой өзегі достық, ынтымақ, жастық және белсенділік болуы тиіс. Көрме жастардың назарын спортқа және саламатты өмір салтын ұстануға аудару, ой-өрістерін кеңейту мақсатын көздейді.

 

 

Өткізілетін күні: 07 ақпан 2017 ж.

 

Уақыты: 11.00

 

Өткізілетін орны: «Алматы музейі», Қабанбай батыр к-сі,132

 

Үйымдастырушы: «Universal Media Service» агенттігі»ҚҚ

 

Алматы қаласы әкімдігі, КМҚК «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» көмегімен үйымдастыруда

 

Қымбатты журналист достар,Сіздерді мына мекен-жайда күтеміз:

 

«Алматы музейі»

 

Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 132

 

Құрметпен,Ұйымдастыру комитеті

 

Байланыстар:

 

Тел: +77014163342, +77021538080, +77017571070

 

E-mail

 

https://www.facebook.com/almatymuseums

 

 

 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту