Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

2016 жылдың 15 қазанында сағат 16.00-де Алматы қаласының  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының көрме залында,ЖасStar Шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан монументалды өнеріндегі заманауи тенденциялар: көркем витраж және мозаика-2016» атты монументалды өнер көрмесі өткізетінін хабарлаймыз. 

Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының және Алматы қаласының Мәдениет басқармасының  қолдауымен  өткізіледі.

Көрменің негізгі бағыты:

  • Көрменің ашылу салтанаты.
  • Заманауи монументалды өнердің түрлі техникаларында мастер-класстар (сграффито, мозаика, витраж, тиффани, әйнекке сурет салу).
    • Көрмеде: Тәуелсіз Қазақстан бейнелеу өнеріндегі жаңа ағым ретінде қалыптасып келе жатқан классикалық және заманауи үлгідегі көркем туындылары қойылады. Көрмеге Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы мүшелері, жас суретшілер одағы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен колледжінің ұстаздары мен түлектері, шығармашылық топтар мен жас суретшілердің  кескіндеме мен мүсін өнеріндегі сграффито, фреска, мозаика, көркем витраж, гобелен сынды шығармаларыұсынылады.
    • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры;
    • Алматы қаласының Мәдениет басқармасы;
    • «Метрополитен»МКМ-сі;
    • Қазақстан Республикасының суретшілер Одағы;
    • Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы.

Көрме ұйымдастырушылары:

Көрменің  өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Махатма Ганди көшесі,10, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының көрме залы.

Көрменің өту мерзімі: 2016 жылдың 15-30 қазан                                      

Көрменің жұмыс істеу уақыты: дүйсенбі-жұма, сағ.10.00-18.00

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту