Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Сипаттама:Алматы қаласының мәдениет басқармасының қолдауымен «Adaman agency» агенттігі Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған бейнероликтер конкурсын жариялайды.

Негізгі конкурсқа іріктеуден өткен Алматы туралы түсірілген ең үздік бейнероликтер  үлкен экранда шақырылған арнайы қонақтар мен қазылар алдында көрсетіледі.

Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері:

-    Қалаға өз сезімін, алғысын білдіргісі келетін талантты және креативті тұрғындарды анықтау.

-    Байқауды Алматы қаласының мыңжылдығына арналған ең қызық шараларының біріне айналдыру. 

-    Мәдени мұрасымен бай, сұлу табиғатымен ерекше, терең тарихы мен  тамаша тұрғындары бар ғажап қала жайлы ой бөлісетін орта         ұйымдастыру.

-     Алматының туристтік жарнамасын көтеру.

Байқауға кез келген 15 жастан жоғары қатысушының әуесқой түсірілімі және профессионалды топтың бейнематериалы қабылданады.

Байқау Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ретінде ұйымдастырылады. Өтінім 24.10.2016ж дейін қабылданады. Финал 28.10.2016 ж. мерекелік шара түрінде өтеді.

Жүлде қоры:

-          1 орын – 1000 000 тг – басты жүлде

-          2 орын – 300 000 тг

-          3 орын – 100 000тг

Конкурсқа қатысу үшін:

-          Креативті видеоролик түсіру керек;

-          Әлеуметтік желіге орналастыру: instagram, facebook

-          #millenniumalmaty хэштегін белгілеу.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Конкурсқа бір автордан тек қана бір бейнеролик қабылданады.
  2. Материалдың хронометражы  – 1 минут.

Толық ақпарат:

Instagram: @millenniumalmaty

Facebook: @millenniumalmaty

Vkontakte: @millenniumalmaty

Қорлан Маратбекқызы 87471040480

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту