Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

 

Біздің ән тамашаӘйгілі ұжым тағы да Алматыда!

1 мамыр күні сағат 19:00-де Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында - Алматыдағы Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында әйгілі «Хор Турецкого» ұжымы нағыз «Ән Мерекесін» ұйымдастырады. Кіру тегін!

Жобаны Халықтық караоке деп аталып кетуі – мұнда ән салмайтын адам қалмайды! Ғажайып дауыстар, уақыт сынағынан өткен хит әндер – қазақ тілінде!

Айта кетсек, жоба Қазақстанда өткен жылдан бастап ұымдастырылған, «Ән мерекесі» Республикамыздың 5 қаласында өтті және қоғамдағы үлкен резонансқа ие болды. Табысы жүзеге аса бастаған бұл жобаның Қазақстандағы географиясы кеңейіп, биыл 10 қалада өткізу жоспарлануда:  Астанада – 28 сәуірде, Шымкентте - 29 сәуірде, Алматыда – 1 мамырда, Өскеменде – 2 мамырда, Семейде – 3 мамырда, Павлодарда – 4 мамырда, Қарағандыда - 14 шілдеде, Жезқазғанда – 15 шілдеде, Балқашта – 16 шілдеде, Сәтпаевта – 27 тамызда.

Жобаның демеушілері: Bank RBK, «Золотое Кольцо» сауда белгісінің лимонадтары мен Kazakhstan Cola. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен өтеді.

Анықтама: 2015-2016 ж.ж. «Ән мерекесі» Ресейдің 25-тен астам қаласында өтті, ол шамамен жалпы 1 000 000 көрермен жинады. Қазақстанда Ән мерекесін өткізу идеясы ұжымның елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен шығармашылық кездесуі кезінде туындады, ол кезде Елбасы Турецкий Хорымен бірігіп «Весна на заречной улице» әнін шырқаған болатын.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту