Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

KitapFest кітап фестивалі – бұл Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының басын біріктіретін үлкен мегаполистің мәдени өміріндегі айтулы шарасы.  

Алматы қаласының әкімдігі, «Бауыржан» қайырымдылық қоры, Еуразиялық франчайзинг ассоциациясы  биыл үшінші рет KitapFestфестивалінің кітап әлеміне саяхаттап, аталмыш шараның өткізілуіне ат салысып отыр.

Сонымен, қала күнінің аясында оқтүстік астанамыздың мәдени маңызы бар шараларының бірі –Алматылық III KitapFest кітап фестивалін өткізеді.

Мақсаты – жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты насихаттап, оқырмандарға әдебиеттің маңызы мен деңгейін арттыру.

Фестиваль қатысушыларын келесі бағдарламар күтеді:

- Иллюстрациялы кітапкөрмесі

- Қазақстандық жазушылардың кітап көрмесі

- Ірі кітап алмасу

- Қазақстандық жазушылармен кездесу мен шеберлік класстары

- Live-концерт, түрлі байқаулар мен акциялар

- Өлең оқу және т.б

- Қазақстандық кітап баспалары мен дүкендерінең кітап жәрмеңкесі

Қазақстандық жазушылар мен ақындардың шығармашылық лекциялары мен фестиваль қонақтарына арнайы шеберлік сыныптарын өткізеді.

Сондай-ақ, Алматылық кітап фестивалінде көптеген тосын сыйлар күтілуде, атап өтетіні қатысушылар мыңдаған кітаптарға тегін қол жеткізу  мүмкіндігіне ие болады.

Алматылық кітап фестивалінің басты ерекшелігі- заман ағымы қаншалықты алға басса да кітап оқу дәстүрі артта қалмайтының ескеріп, кітаптан нәр алу әрдайым рухани азық екенін жеткізу болып табылады.

Өткізілетін күні: 3қыркүйек 2016 жыл

Уақыты:  10:00- 17:00 сағат аралығы

Өткізілетін орны: Алматы, ғылым академиясының алдыңдағы алаң, Валиханов көшесі мен Шевченко көшесінің бұрышы (Чоканка)

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласының әкімдігі,«Бауыржан» қайырымдылық қоры, Еуразиялық франчайзинг ассоциациясы 

 

Қосымша ақпарат қордың www.baurzhan.kz арнайы сайтымен KitapFest-2016 әлеуметтік желілерінің арнайы парақшаларында көрсетілген.

Айнура Сәлімбаева

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту