Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

18 МАМЫР 2016 ЖЫЛЫ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ – МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ 

Ұйымдастырушылар

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті;
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РММ;
  • Алматы қаласының Білім, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Қаржы, Мәдениет басқармалары;
  • Алматы қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтары.

Алматы қаласы «Ғылым ордасы» РММ-нің мәжіліс залы. Мекен жайы: Шевченко көшесі, 28 (кіру Құрманғазы көшесі жағынан Қонаев көшесінің қиылысы)

Бахтияр Камалұлы Камалов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы

БАЯНДАМАЛАР

  1. Әлімхан Шынарай Әлімханқызы – Департамент басшысының орынбасары. Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі»
  2. Әміртаева Гүлбану Ғаниқызы - Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары. Тақырыбы: Жалпы білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары.
  3. Әдірәсілова Бағдагүл Ысқаққызы – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. Тақырыбы: Денсаулық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен олардың іске асыру негіздері.
  4. Болатбекова Әсем Болатбекқызы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы –«ХҚКО» департаменті басшысының орынбасары. Тақырыбы: Мемлекеттік қызметтер көрсетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан мәселелер.

Мемлекеттік мүлік – сенімді қолда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РММ, Алматы қаласының Білім, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Қаржы, Мәдениет басқармалары мен Алматы қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» атты конференция өткізді.

Конференцияға мемлекеттік органдардың басшылары, білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету, квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Департаменттің басшысы Бақтияр Камалов кіріспе сөзінде квазимемлекеттік секторларда, білім, ғылым, денсаулық, халыққа қызмет көрсету салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттің әлеуметтік мәдени қызметтерін жүзеге асырудың ашықтығы туралы мәселелерді түсіндірді.

Департамент басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан бүгінгі күнгі мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша жаңа қабылданған заңдардағы мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мәселеріне тоқталды.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Әміртаева Білім басқармасына қарасты 243 мектеп, 86 колледж, 392 балабақшада сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыруда айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқандығын баяндады. Мектепке дейінгі мекемелер, мектептер мен колледждер педагогтарының біліктілігін арттыру мен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және сауаттандыру мәселелері жөнінде» курстар ұйымдастыру мәселелері міндеттеліп, 2015-2016 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және сауаттандыру мәселелері жөнінде» іс-шаралар енгізілді. Барлық білім мекемелерінде ата-аналар кеңесі толыққанды жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әдірәсілова өз сөзінде қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету былтырғы жылға қарағанда биылғы көрсеткіш екі есеге өскенін хабарлады. Медициналық қызмет көрсету орындары тұрғындардың дәрігерге қалай жазылу мен оларды үйге шақыру, скринингті қалай өту мәселелері барлық емханалардың интернет-режимінде жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес барлық тұрғындар тегін дәрілермен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменті басшысының орынбасары Әсем Болатбекова жаңадан құрылған мемлекеттік мекемеде көрсетілетін қызмет түрлерін бір жерден алу мүмкіндігі мен мемлекеттік қызметтер көрсетуде әкімшілік кедергілер азайып, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі арта түскендігі жөніндегі мәселелерді мәлімдеді.

Конференция барысында жарыссөзге шыққан Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ескерту жүйесін және құқық бұзушылықты туындататын себептер мен жағдайларды азайту мақсатында өз пікірлерін ортаға салды.

Конференция барысында көтерілген ұсыныстар мен пікірлер қаперге алынып, алдағы уақытта бірлесе отырып шешу мәселелері келісілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік – мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі»

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының негізінде басқарма бойынша келесі іс-шаралар атқарылады:

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінен және басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшыларынан жазбаша түрде қолданыстығы заңнамамен бекітілген шек қоюлармен келісетіндігі жөнінде міндеттемелер алынады және мойнына алған шек қоюларды бұзған жағдайда құқық бұзушылық салдарының қандай болатыны жөнінде ескертіп отырамыз. Олардан табыс туралы декларацияны уақтылы тапсырулары қамтамасыз етіледі.

Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшылары және мемлекеттік мүлікке жауапты қызметкерлерге мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп отырады және аталған қызметкерлерге 2016 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметшілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында жиналыс өткізілді. Жиналыста жемқорлықтың салдары жөнінде видео роликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қалалық кітапханаларда жастардың санасында елімізге деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында дәрістер өткізіліп, сыбайлас жемқорлықты жою арқылы халқымыздың экономикасын дамыту жолындағы мүмкіндігіміздің шексіздігі жөніндегі дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырамыз.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқармаға қарасты «Алматы хайуанаттар бағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының кассасына электронды турникеттер орнатылды, аталған құрылғының арқасында билет сатылымдарын қадағалау мүмкіндігі туды.

Бюджет қаражатын бақылауды да қазіргі кезде ерекше назарға алып отырмыз. Мем­лекет тарапынан бөлінген бюджет қаражатының тиімсіз, әрі жөнсіз пайдаланылмауын және оны бөлуде жемқорлық көріністерін болдырмау үшін қала басшылығы да аталған жағдайды қатаң бақылауда ұстауда.

Қызметкерлердің командалық құрамының ауысу, оларды жұмыс­тан шығару фактілерінің азаюына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің қосқан үлесі үлкен. Аталған шаралар әр қызметкердің бойында уақытша қыз­мет атқарамын деген ойды болдырмау үшін және басшылыққа деген сенімсіздіктің пайда болмауына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

Атқарылған шараларға Нұр Отан ХДП көмегін де ескере кетуіміз қажет және сыбайлас жемқорлықты болдырмау аясында аталған партиямен алдағы уақытта тығыз жұмыс жасауды жалғастыратын боламыз.

Аталған іс-шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлықпен күресу жолындағы барлық қызметкерлерді тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Президентіміздің саясатының тиімділігін арттыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оларды ескерту жүйесін және құқық бұзушылықтың туындауына себепші жағдайлардың қатарын азайту мақсатында алдағы уақытта басқарма қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жалғастырылып отыратын болады.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту