Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Алматы қаласындағы Грузияның Мәдениет күндері шеңберінде «Мемлекеттік Академиялық Аджария ән және би ансамблінің» Концерті

Күні: 29 мамыр 2016 ж. сағат 18:00.

Өткізілетін орны: Республика Сарайы

Мелитон Кухианидзе атындағы Мемлекеттік Академиялық Аджария ән және би ансамблі.

Мемлекеттік Ансамбль 1921 жылы құрылған, 11 шілде 1922 жылы ансамбльдің алғашқы концерті өтті.

1961 жылы 40-жылдық мерейтойына байланысты, Ансамбльге «Грузияның Еңбек сіңіргенАнсамблі» мәртебесі берілген.

Ансамбль кәсіби бишілер, әншілер мен музыканттардан тұрады.

2014 жылы Мемлекеттік Ансамбль ғимаратында алғашқы тарихи музей ашылды.

2014 жылы Ансамбльдің тарихы туралы "Даарсебидан Дгемде" атты деректі фильм түсірілген.

Мәдениет министрлігінің, Грузия фольклорлық орталығы мен Грузия шығармашылық қызметкерлерінің хореографиялық одағының қолдауымен Грузия хореографиясына орасан үлес қосқаны үшін 2016 жылы Үкімет қаулысымен Ансамбльге Мемлекеттік Академиялық Ансамбль мәртебесі берілді.

2016 жыл - Мемлекеттік Академиялық Ансамбль үшін мерейтой жылы, оған 95 жыл толады. Мерейтойлық жыл үшін қарқынды шығармашылық жұмыстар жүруде. Өзінің шығармашылық жолында Ансамбль әлемнің түрлі елдерін табысты аралады: Египет, Дания, Иран, Италия, Канар аралдары, Кипр, Сирия, Турция, Судан, Германия, Бельгия, Испания, Польша, Больгария және т.б. Сондай-ақ Ансамбль Белорусь, Молдавия, Латвия, Литва, Эстония, Ресей және т.б. посткеңестік елдерде де болған.

Ансамбльдің репертуарында Грузияның бүкіл өңірінің ән, би үлгілері бар.

Ансамбль көптеген фестивальдар мен конкурстардың лауреаты болып табылады.

Ансамбль Директоры - Отар Микеладзе: Батуми қаласының құрметті азаматы, Адалдық Орденінің иегері, Сияния орденімен марапатталған.

Директордың бірінші орынбасары, Көркемдік жетекші Гиорги Чачава: Батуми қаласының құрметті азаматы, Грузияның Еңбек сіңірген әртісі.

Бас Хореограф- Георги Фарсенадзе: Енвер Хабадзе атындағы сыйлықтың лауреаты.

Лотбар -Гиорги Чхартишвили.

Оркестрдің жетекшісі - Иасон Хомерики.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту