Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Екінші Халықаралық Ресей мәдениетінің "Ресейді сезін" (FEELRUSSIA) фестивалі 23-24 сәуірде Алматыда өтеді. Шараны Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, сонымен бірге Ресей Федерациясының Қазақстандағы Бас Консулдығының қолдауымен Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі ұйымдастырып отыр.

2016 жылы FEELRUSSIA фестивалі әлемнің алты мемлекетінде орталық қалалық саябақтар мен орталық қалалық алаңдардағы ашық алаңдарда өтеді. Сан салалы Ресей мәдениетінің көпқырлылығы алғаш рет Алматы қаласында ұсынылатын болады. Одан әрі эстафетаны Германия, Австрия, Финляндия, Испания және Грекия қабылдайды.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Ресей мәдениетінің Қазақстандағы фестивалі 23 сәуірде 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта басталып, 24 сәуірде өз мәресіне жетеді.

Фестивальдің ашылу салтанатында Ресей мен қайта өмірдің басталуын білдіретін орыстың музыкалық аспаптары арасында баламасы жоқ "звонницалар" ойнатылады. Звонница Мәскеу Кремліндегі Спасск мұнарасында сағат тілінің қайта соғылуына себепші болған. 1996 жылы, 58 жыл үнсіздіктен кейін елдегі бас сағат соғылды, сонымен бірге Михаил Глинканың «Славься» мен «Патриотическая песня» туындылары да жалпақ жұртқа насихатталды.

Ресей мәдениетінің Қазақстандағы фестивалін Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі, Алматы әкімдігі, сонымен бірге Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас Консулдығының өкілдері осы жалпақ қоңыраудың көмегімен салтанатты жағдайда ашып бермек.

Алғашқы соққыдан кейін қоңыраудың үнін, звонницаны керемет меңгерген Александр Дорошкевич шараны қоңыраудың әуезді үнімен жалғастырады.

Екі күн қатарынан 13-00 мен 21-00 сағат аралығында мультимедиялық, интерактивті және көрме алаңдары кеңістігінде фестиваль қонақтары Ресей мәдениетінің атмосферасын сезінеді.

23 сәуірде мультимедиялық кеңістікте, Ресейдегі кино жылы аясында, танымал Ресей режиссерларының толықметражды, қысқаметражды, деректі және анимациялық фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылады. Фестиваль барысында режиссер Андрей Прохоровтың "Бақыт - бұл..." кинолентасы, "Короче" кинофестивалінің жеңімпаз туындылары, сонымен бірге "Маша және Аю" мультипликациялық сериалы көрсетіледі. Осында кинокартина авторларымен қызықты шығармашылық кездесулер өтеді. Сонымен бірге, мультимедиялық алаңда көрермендер Орыс Географиялық қоғам әзірлеген "Ең әдемі ел" фотокөрмесімен танысады.

24 сәуірде көрме кеңістігінде Ресейдің жарқын бейнелері қолданылған, рамкаға салынған авторлық жібек орамалдарының керемет коллекциясы ұсынылмақ. Фестиваль қонақтары экспозициялармен және коллекциялармен тамсанып қоймай, дизайнерлік FEELRUSSIA орамалдарын әзірлеуге қатыса алады. Фестивальдің ең кішкентай қатысушылары "Петрушка" интерактивті қуыршақ спектаклін тамашалайды.

Фестиваль аясында Қазақстанға ХХ ғасырдың 20-40-шы жылдарындағы суретшілерінің мейлінше дәлме-дәл картиналарының көшірмелері тарту етіледі. Оның ішінде В.В.Купцовтың «Дирижабль» картинасы, М.Б.Грековтың «Трубачи Первой конной армии» туындысы, А.А.Дайнеканың «Раздолье» және «Бегуны» туындылары бар. Суретшілердің қайталанатын мінезін жеткізу үшін Ресей мамандары дайындаған, туындының рельефті үлгілерін басып шығаратын үш деңгейлі технологиясы қолданылады. Туындыларда суретшілердің қолтаңбалары сезіледі, көркем дәлдіктер сирек кезігеді.

Фестиваль қонақтары "Калинка" халық биі ансамблінің, "Тау ырғақтары" талантты балалар ансамблінің, "Бонквинтон" квинтеті, дәстүрлі славян көпдауысымен өнер көрсететін әрі композицияларын заманауи электронды әрлеумен орындайтын «Folk Beat RF» тобының өнерін тамашалай алады. 24 сәуірде фестивальдің қазақстандық қонақтары «Дауыс international» тобы өнер көрсетеді. Тілек білдіргендер нағыз орыс шайынан дәм татып, "ГОСТИ" мейрамханасының орыс стилінде дайындалған тағамдарынан ауыз тиеді.

«FEELRUSSIA – өте заманауи жоба. Мұндай ауқымды мәдени шараны ашық аспан астында өткізу орыстың кең мәдениетін қалың көпшілікке паш етуге, әлемдік аты бар орыс жұлдыздарын көрсетуге мүмкіндік береді. Өйткені, фестивальдің басты мақсаты да орыс мәдениетінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, - деді РФ Мәдниет министрі Владимир Мединский.

Халықаралық FEELRUSSIA фестивалі мемлекеттер арасындағы мәдени алмасуды, сонымен бірге мәдени байланыстарды күшейтіп, ұлтаралық қатынасты адамгершілік жолға жетелеуге үндейді.

Фестивальдің мақсаты - Ресей Федерациясындағы халықтардың салт-дәсүрлерін қорғай отырып, орыс халқының бай мәдениетін көрсету, сонымен бірге елдегі фольклорлық ұжымдардың тынысымен таныстырып, қалың көпшілікке музыкалық, хореографиялық, көркем және өнер мен кино театрының үздік үлгілерін көрсету.

«Ресейде расымен де мәдениеттің даму әлеуеті зор. Әлем кеңістігінде көшбасшы болып келе жатырмыз. Ондай өзге салаларда жоқ. Бүгінде біздің басты мақсатымыз – жаңа мәдени байланыстар орнату керек, өйткені, осы салада жұмыс істейтін кәсіби қауымдастық пен адамдар - әлем мәдениетін жеткізу құралдары», - деп атап өтті сұхбаттарының бірінде Ресей Үкіметі Төрағасының орынбасары Ольга Голодец.

Фестиваль аясында жобаға қатысушы мемлекеттерде баспасөз конференциялар мен концерттер, көрсетілімдер мен көрмелер, сонымен бірге, тақырыптық кездесулер өтеді. FEELRUSSIA қонақтары орыстың мәдени дәстүрлері туралы көбірек біліп, орыс бояуын сезіне алады.

Ұйымдастырушылардың айтуларына қарағанда, FEELRUSSIA фестивалі жылдың ең жарқын оқиғаларының біріне айналып, қатысушы мемлекеттер арасында халықаралық деңгейде мәдени ынтымақтастық аясындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге мұрсат береді.

FEEL RUSSIA фестивалі

www.feelrussia.com

Қазақстандағы Feel Russia 2016 фестивалініңресмихештегтері

#feelrussia #feelrussiacom #feelrussia2016

#почувствуйроссию #почувствуйроссию2016

#feelrussia_kazakhstan #feelrussia_almaty #почувствуйроссию_казахстан #почувствуйроссию_алматы

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

Фестивальдің бірлескен продюсері және PR-директоры

Софья Чмух, моб.: +7 967 040 33 32, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

БАҚ-ты аккредитациялау:

Карина Жестовская, моб. +7 968 447 78 24, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту