Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Дәстүрлі «Бозторгай» балалар шығармашылығы халықаралық конкурсы Алматыда осымен он сегізінші рет өтпек болып отыр. Өткен жылдардағыдай, конкурс Алматы қаласының Орталық Демалыс Паркінде ашық алаңда орын алады. Алматы қаласына жас әншілер, бишілер, халық орындаушылары және сән театрлары Қазақстанның барлық аймақтарынан және Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, Белорусиядан, Украинадан, Армениядан, Литвадан, Болгариядан, Италиядан, Португалиядан келмек. Конкурсқа шамамен 850 бала қатысады!

Үш күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары сағат 10.00 - 19.00 уақыт аралығында Алматы қаласының орталық сая бағында жас таланттардың өнерін тамашалайды. 1-ші маусым балаларды қорғау күні жарыс жеңімпаздарының гала-концерті және лауреаттарды мараппаттау рәсімі сіздерді мол қуанышқа бөлейді.

Жас конкурсанттар орындаушылығы өте сыйлы және кәсіпкерлік төрағаларымен бағаланады. Төраға мүшелерінің аттарын атап шыққанның өзінде осы конкурстың деңгейі қаншалықты жоғары және маңызды екені білінеді. Вокал және халық орындаушылар номинациясы бойынша төраға тобының бас төрағасы - Кеңес Одағының халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, академик Бибігүл Ахметқызы Төлегенова, Хореография және сән театры номинациясы бойынша - Қазақстан Халық әртісі, профессор Болат Аюханов.

Әділ қазылар алқасы үш күн бойы 82 ден астам әншілерді, 30-дан астам халықтық орындаушыларды және 46 би топтарының сайысын бағалайды.

Осы өте белгілі және өте сыйлы адамдардың әрқайсысының өздерінің толып жатқан кәсіпкерлік жұмыстары және мәселелері бар, дегенмен, республикадағы балалар өнерін дамытатын конкурстың маңызды ролін түсінгендіктен, олар өздерінің жұмыстарын ысырып қойып, конкурс өтіп жатқан жаздың ыстық күндерінде, таң ертеңнен кешке дейін адал ниетпен төраға мүшелігінде қызмет атқаруда.

Конкурстың ашық аспан астында өткізілетіндігі оған балалар мейрамдарына тән демократиялылық, қағілездік және пәктілік қосады. Ашық түрлі түсті сахналық костюмдер, қатысушылардың сахнаға шығар алдындағы зейінді түрлері, олар үшін жанкүйер болып келген жақындарының қам жеп, олар үшін назасызданғандары, қатал және сынмен бақылап отырған жетекшілері мен ұстаздары, және де, әрине, әр бір ән мен биге қосылып, барлық орындаушыларды ынтамен қарсы алып отырған көрермендер – мұның бәрі ұмытылмас ерекше көрініс.

Өзінің пайда болған кезінен бері «БОЗТОРҒАЙ» Балалар Шығармашылығы Халықаралық Конкурсы біздің еліміздің өнер өміріндегі ескерілетін көрінісіне айналды, әрі бұл конкурсқа қатысу, абыройлы, мәртебелі іс болып саналады. «Бозторғай» лауреаты аталу, Қазақстан жас таланттарына өнер әлеміне жасағалы жатқан сапарларына лайықты өнер бастамасы бола тұра, оларға өмірлік жолдама ретінде қызметін көрсетеді.

Әр лауреат немесе дипломант тағдыры бақыланып отырады, «Бозторғай» конкурсының Халықаралық фестивальдер мен конкурстар дүниежүзілік Федерация (FIDOF) қатарына енгендігі арқасында Қазақстанның дарынды балалары Халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысу ерекше мүмкіндігін алады. Міне сол қатысулар барысында біздің балалар әрдайым керемет нәтижелерге жетуде: АҚШта, Болғарияда, Латвияда, Литвада, Эстонияда, Ресейде, Белоруссияда, Түркменстанда, Тәджікстанда, Германияда, Кореяда, Польшада, Түркияда, Италияда, Португалияда, Чехияда, Францияда және Испанияда жеңіп алған гран-при және сыйлы орындар өзі үшін сөйлеп тұр емеспе!

Конкрусты өткізіп жатқан жылдар ішінде дарынды өнер балаларды анықтау және дамыту бағытында көптеген жұмыс жасалды. Бұл жұмыс бір кезеңдік жұмыс емес екендігін айта кету қажет, ол осы жылдар бойы жоспарлы түрде әрдайым жасалып келген әрекет. Тағы айта кететін жағдай – «Халықаралық конкурс «Бозторғай» Қоғамдық қоры мемлекеттік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Аузымызды толтыра айтқымыз келетіні, ол мемлекеттен АЛМАТЫ ҚАЛА ӘКІМШІЛІГІНЕН өте күшті қолдау алып отырғандығымыз.

ХVIII БОЗТОРҒАЙ» Балалар Шығармашылығы Халықаралық Конкурсының өткізілу тәртібі:

27, 28 мамыр – келу, орналасу

29, 30, 31 мамыр-конкурстық орындау – 10.00–12.30 және 14.00–20.00-ге дейін, Алматы қаласының демалыс саябағында

1 маусым – лауреаттарды марапаттау және гала-концерт, Алматы қаласының демалыс саябағында, сағат 13.00.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын конкурстық орындауларға және Халықаралық Блалар Қорғау күніне арналған үлкен мейрамды гала-концертке шақырамыз.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту