Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

30 наурызда Алматыда Қазақ мемлекеттік Филармониясында «XVI Халықаралық Джаз Мерекесі, Алматы, Қазақстан 2017» жыл сайынғы музыкалық фестивалі ашылады. Шараның ұйымдастырушылары: Тагир Зарипов, Джаз мектебінің директоры және Қарлығаш Мақатова, жобаның менеджері.

Фестивальдің ашылу күнінде Израильдік Леонид Пташканың триосы және Испаниялық Фламенко джаз триосы өнер көрсетеді. Джаз мерекесіне алғаш рет испандық музыканттар – Фан Молина (Fran Molina, гитара), Кармен Сервантес (Carmen Cervantes, фламенко бишісі), Фернандо Аландэс (Fernando Alandes, соқпалы аспап) өнер көрсетеді. Сонымен қатар фестивальде Элизабет Контоману (Elisabeth Contomanue, Франция), Oles Brоthers & Anotni Gralak жобасы Primitivo (Польша), Antonio Flinta quartet (Италия), Fun Horns (Германия), Вероника Харча және Балинт Гимант (Венгрия) және Holler der Dear (Австрия) өнер көрсетеді. Қазақстандық музыканттар Виктор Хоменков (соло), Назия Альжанова тобымен, сонымен қатар Khalilov brothers тәжік тобы фестивальдің екінші күнінде өнер көрсетеді. Almaty Jazz Youth Band мектеп оркестры фестивальдің үшінші күнінде өнер көрсетеді.

Концерттер 30 наурыз және 2 сәуір аралығында Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның залында өтеді, онда концерттерге билет сатылуда. Фестиваль бағдарламасында оған қатысатын музыканттардың дәстүрлі шеберлік сыныптары да бар.

Осы жылы Фестивальдің өтуіне Алматы қаласы Әкімдігі, сонымен қатар «Француз Альянсы» және «Гёте Институты» қолдауымен Қазақстандағы қатысушы-елдер дипломатиялық миссиялары қолдау көрсетті. Музыка мерекесінің серіктестері ЮНЕСКО және Франция, Германия Сыртқы істер министрліктері. Халықаралық джаз мерекесіне MOLGROUP, CIS, Arba Wine, «Қазақстан» қонақ үйі, Gloria Jean’s, Devikа, Assorti мейрамханалар желісі қолдау көрсетті.

Фестивальдің ақпараттық демеушілері: Қазақстандық пресс-клуб, Tengri FM және «Классик» радиостанциялары, «Деловой Казахстан» газеті және «Меломан» компаниясы.

Фестивальдің ұйымдастырушысы Тагир Зарипов айтқандай, «Біздің Almaty Jazz Youth Band жақында Американың Жаңа Орлеан қаласында сапарда болды, онда топ Америкадағы джаз оқытушыларының конференциясында өнер көрсетті. Біздің джаз мектебіміз - Орталық Азия аумағында жастарға арналған жалғыз мектеп болып табылады. Мектепте 6 жас пен 18 жас аралығындағы түлектер оқиды. Біз өткізіп отырған джаз фестивалі қала мен еліміздің мәдени өмірінде маңызды оқиға болып табылады. Бұл біздің жас музыканттарға кәсіби деңгейде өрлеуге мүмкіндік береді. Оған тек қатысушылар мен көрермендер ғана қолдау көрсетпей, сонымен қатар шетелдік қатысушыларға қазақстандық джазмендердің деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Осындай фестивальдер Алматы қаласының 15 жылдан көп уақыт бойы аумақтың ірі мәдени орталығы болып қалуына ықпал етеді».

Естеріңізге сала кетсек, алғаш рет Алматы халықаралық джаз фестивалі 2002 жылдың көктемінде өткен.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту