Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

30 қазан сағат 18:00-де Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Алматы қаласының Әкімдігінің қолдауымен, халықаралық жұлдыздардың қатысуымен өтетін  «World ballet stars in Kazakhstan» спектакльдер циклінің шеңберінде, “Ұйқыдағы ару” атты балетті спектакль қойылады.

Басты партияларды орындайтын Берлиндік балеттің прима-балеринасы, корольдік Ковент-Гарден театрының шақырылған солиткасы Яна Саленко және Ресейлік Үлкен театрдың Премьеры Семён Чудин.

 “2010 жылдан бастап біз әлемдік жұлдыздардың қатысуымен он шақты балетті спектакль өткізген болатынбыз. Осы уақыт аралығында алматылық көрермен алдында Корольдік «Ковент Гарден» театрының жетекші солисті Вадим Мунтагиров, «Париж Опера этуальдері Жозуа Хоффальт және Соледад Паглиеро, Ресей халық әртісі Светлана Захарова сияқты көптеген әлемді дүр сілкіндірген жұлдыздар өнерлерін ортаға салды.” – деп «ArtClassic» компаниясының негізін салушылардың бірі Данияр Шманов баяндады.

1890 жылы  Санкт-Петербург қаласында Императорлық Марииндік театрының сахнасында алғаш рет қойылған, аты аңызға айналған “Ұйқыдағы ару” балет-феериясы осымен үш жүз жыл бойы әлемдегі үздік труппалардың репертуарының жауһары болып келеді.

Осы жылы біз Алматы және Астана тұрғындары үшін екі жобаны іске асырдық. Астанадағы шығармашылық коллаборация барысында біз астаналық опера және балет театрының әртістерімен, Женева (Швейцария) қаласының Үлкен театрымен және экспериментальді «Divisar» театрымен бірге виджинг элементтері және сандық музыка қосылған бір актілі спектакль қойған болатынбыз. Бізде көптеген стратегиялық серіктестер пайда болды. “Ұйқыдағы ару” спектаклінің ұйымдастырылуы мен танымал болуына Алматы қаласының Әкімдігі үлкен үлес қосуда.” -  деп продюсер Мансур Смагамбетов атап өтті.

П.И. Чайковскийдің шығармалары “Ұйқыдағы аруда” кездесетін романтикалық әуендермен ерекшеледі. Балеттегі әр қойылым -   музыкалық жауһар. Соңында естілетін Үлкен Адажио махаббат апофеозы секілді. Чайковкий суретші-психолог қабілетіне ие болған, ол адамның ішкі жандүниесін дұрыс түсіне, әрі оны әуенмен сипаттай білген.

Музыканың адамның рухани тәрбиесіне көрсететін әсері зор. Ол пенденің ішкі жандүниесін байытады, жақсыға ұмтылуға құштар етеді, қиялдауға жетелейді. Біздің басты мақсат - Қазақстанда балет өнерінің дамуына үлес қосу.  Испания, Австрия, Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания және АҚШ-та бірге билеген би өнерінің қайраткерлерін қазақстандық қауымға барынша көп көрсеткім келеді. Халықаралық тәжірибе арқасынды біз көрерменмен үздік нәтижелерімізбен бөлісе аламыз.” - «ArtClassic» компаниясының негізін қалаушы Ерлан Андагулов толықтырды.

Тек бір кеш шамасында Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын шынайы өнер мейрамы күтуде: Яна Саленко мен Семёна Чудиннің би әлемінің аристократиялық пластикасы және Абай атындағы МАОБТ симфониялық оркестрінің орындауындағы Петр Чайковскийдің ғажап музыкасы.

 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту