Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Көрменің әр түрлі элементтері бір тілекке - ажалды жеңу деген тілекке, бірақ оған қарсы тұра алмауға бағышталған шағын шіркеудің кеңістігін құрайды.

NewReligion – бұл әлемнің қазіргі заманғы ең елеулі суретшілерінің бірінің жібекке жазылған туындылары мен мүсіндерінің көрмесі. ЖобаныBritishCouncil ұйымы PaulStolperGallery және Қастеев атындағы өнер мұражайларымен серіктестікте іске асырды. 

Көрмеде адамның бақилығының және оның нанымының арасындағы өзара күрделі қарым-қатынас, сондай-ақ оның ғылым мен техникаға жан-тәнімен берілуі зерттеледі. Ойлануға қозғау салатын және кейде көптеген дау тудыратын суретші Дэмиен Хёрсттің шығармашылығында осы тақырыптар көптеген жылдар бойы өзекті мәселе болып табылады.

NewReligion алғаш рет 2005 жылы Пол Столпердің галереясында көрмеге қойылды, содан кейін көрме Ослода, Мәскеуде, Венецияда, Софияда, Уокингте, Гданьскіде және Лондондағы Барлық Әулиелер Шіркеуінде өтті.

Көрме 12 қарашадан 19 желтоқсанға дейін Алматы қаласында, Қастеев атындағы өнер мұражайында өтеді.

БИЛЕТТІҢ ҚҰНЫ

12 - 30 қараша аралығында мұражайға кіру тегін болады, 1 - 19 желтоқсан аралығында билеттің құны: 1 500 теңге

Көрме туралы ақпарат: https://www.britishcouncil.kz/kk/programmes/arts/damien-hirst

ДӘРІСТЕР

New Religion көрмесі өткізілетін кезеңде әр сенбіде сағат 14.00 – 16.00 аралығында Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Дэмиен Хёрсттің шығармашылығы мен Young British Artists дәуірі туралы баяндайтын дәрістер топтамасы өтеді. Эмма Декстер, Борис Байков, Мәди Мәмбетов, Юлия Сорокина, Владислав Слудский, Валерия Ибраева Ұлыбританияның өнер сахнасында 1990-шы жылдардан бері үстемдік етіп келе жатқан мәдениет туралы әңгімелеп береді.

Кіру тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет.

Дәрістің тақырыбымен және аптаның баяндамашысымен іс-шараның сайтында танысуға болады.

ЭКСКУРСИЯЛАР

Сондай-ақ, New Religion көрмесі жайында және жалпы алғанда қазіргі заманғы өнер туралы көбірек білгісі келетіндер үшін тегін экскурсиялар өткізіледі. Экскурсияға қатысамын деушілер әр сенбі  мен жексенбіде сағат 14.00 - 16.00 аралығында іс-шараға қосыла алады.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту