Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Дәл осындай ұранмен 16 қыркүйек күні Eurasian Beauty Fest Алматы қаласында өтеді. Фестивальде сәнгерлер, визажистер, шаш сәнгерлері, nail-дизайнерлер, косметологтар, сұлулық индустриясының беолді тұлғалары жиналады.

Eurasian Beauty Fest бағдарламасында барберинг, яғни ер адамдардың шаш үлгісі туралы, визаж, тырнақ сәндеу өнері, косметология және «сұлулық» бизнесін қалай басқару керектігі туралы сан алуан тақырыптағы мастер-класстар, кәсіби опа-далап көрмесі өтеді. Кешке қарай Eurasian Beauty Fest фестивалінің салтанатты бөлімі – кешкі ас дастарахан ұйымдастырылады. Кешкі ас қалалық билік өкілдері қатысуымен өтеді.

Eurasian Beauty Fest сұлулық индустриясын дамыту, отандық білікті мамандардың деңгейін Еуразия көлемінде таныту мақсатында өткізіледі, себебі фестивальге Еуразияның түкпір-түкпірінен қонақтар жиналып, олардың алдында біздің отандың мамандар мастер-класстар ұйымдастырады.

Қазақстандық сұлулық индустриясы соңғы онжылдықтар шамасында үлкен өзгерістерге ұшырады. Кез келген көше қиылысынан кем дегенде бір-екі сұлулыұ салоны, косметологиялық клиника немесе спа-орталықты көруге болады. Жалпы, бір Алматы қаласында 2200-ден аса сұлулық салоны бар. Бұл нарықты сарапшылар ең тұрақты, перспективалық нарықтардың бірі деп есептейді.

Қазақстандық сұлулық индустриясы серпінді дамып, көптеген инвесторлар мен шетел мамандарының қызығушылығын оятуда. Бұл, өз кезегінде, Eurasian Beauty Fest-тің уақтылы әрі өзекті екенін көрсетіп отыр.

Eurasian Beauty Fest бірнеше бағытты қамтиды:

1.  Нетворкинг, Фестивал қатысушылары бір-бірімен танысып, өзара пайдалы қарым-қатынас оранатады.

2.  Көрме, мұнда сұлулық индустриясының барлық өнімдері мен қызметтері ұсынылады.

3.  Бағдарлама, бір кұн ішінде сұлулық индустриясының қатысушылары 25-тен аса мастер-класстарға қатыса алады.  

4.  Кешкі ас дастархан, фестивалдің өтуіне орай.

Сіздерді 16 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 23:00-ге дейін күтеміз.

Фестивал ұфмдастырушылары: Smart Satu Beauty – сұлулық индустриясының ортақ сауда алаңы.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту