Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

 

Алматы қаласы Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың маусым айының 10-шы жұлдызында, сағат 18.00-де домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлерінің 1-ші Республикалық байқау-бәйгесі өткізіледі.

Байқаудың мақсаты – сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптар жасау шеберлігін жандандыру, сол арқылы жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту.

Байқау-бәйгеге 9 орын белгіленген. Олардың арасында: 1- бас жүлде, 2- бірінші, 2 - екінші, 4 - үшінші орындар. Сарапшылар алқасына елімізге белгілі өнер шеберлері қазылық жасайды.

Байқау-бәйгенің қорытындысында жүлделі орынға ие болған домбыралар музей қаржысына сатып алынады және музейдің негізгі қорына қалдырылады. Сол арқылы аспап және оны жасаушы шебердің шығармашылық жұмысы кең көлемде насихатталады.

«Аңыз домбыра» байқау-бәйгесінің қорытындысында жүлделі орын алған домбыралардың және өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концерт өткізіледі.

Ерболат Мұстафаев, Мұрат Әбуғазы, Рамазан Стамғазиев, Шәміл Әбілтаев, Абдулхамит Райымбергенов, Еркін Шүкіман, Нүркен Әшіров, Батыржан Мықтыбаев, Ұлжан Байбосынова гала- концертінде өнер көрсетеді.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту