Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

111

2017 жылдың 3,4 және 5наурызкүндері Алматыда алматылықтар мен қала меймандарыөздерінбір сәт болсада «француз» ретінде сезінуге,осы халықтың бай тарихы, тұрмысы жайлы көптеген қызықты дүниелерді білуге, нағыз французша өмір сүру өнерін көзбен көруге мүмкіндік беретін Халықаралық Франция Күндері өтеді.

Ағымдағы жылдың бағдарламасы The Ritz Carlton мейманханасында өтетін «Regard de France» 2-ші Халықаралық Көрме жұмысын ұсынады. 4-5 наурыз күндері Көрмеге келушілердің барлығы Қазақстанда ұсынылған француз компанияларымен, тауарларымен, брендтерімен, қызметтерімен таныса алады. Халықаралық 8 наурыз мерекесінің қарсыңындағы демалыс күндері қаланың ең салтанатты мейманханасы The Ritz Carlton-да барша жұртты Көрменің жанға жағымды сатылымдары, қызықты мәдени бағдарламалары, жүлделер мен сыйлықтар ұтысы, кофе мен тәбет ашар жаңа піскен круассаны күтеді.

Франция күндері аясында ауқымды іскерлік және мәдени бағдарламалар өткізу мақсатында Алматыға келетін Сан-Тропе қаласы делегациясының сапары осы жыл бағдарламасының ерекше оқиғасы болып табылады. Делегация құрамы ресми тұлғалардан, туристік бизнес өкілдерінен, Сан-Тропенің «Byblos» мейманханасының әйгілі бас аспазшысы мен атақты музыканттардан тұрады.

Сан-Тропе қаласының символы болып табылатын әйгілі француз киноактрисасы Бриджит Бардоға арналған «Әйелді де Құдай жаратқан» фотокөрмесі аса тартымды болуына күмән жоқ. Көрмені Сан-Тропе қаласының әкімдігі 4 - 30 наурыз аралығында Есентай-молл сауда орталығында ұсынады. Сонымен қатар Бриджит Бардоның атын әлемге танытқан «Әйелді де Құдай жаратқан» бір аттас кинотаспаның көрсетілімі өтеді.

Бағдаралама аясында, 4 наурызда, тау мен түнгі сырғанауды ұнататындар үшін Шымбұлақ биік таулы шипажайында жыл сайынғы дәстүрлі француз сауық-кешін өткізу жалғастырылады.

Франция Күндерін ұйымдастырушылар – Алматыдағы Францияның Бас консулдығы және Қазақстандық компаниялар Қауымдастығы - Францияның «Amitié» іскери серіктестері осындай мәдени-ағарту шаралары, өндірістік-тұтынушылық көрмелер, іскери кездесулер мен тұсаукесерлер екі жақты қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудың, Франция мен Қазақстанда тұратын азаматтардың өзара түсіністігі мен сыйластықтарын тереңдете түсудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деген сенім білдіреді.

Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қала меймандарын Қазақстандағы Франция Күндері бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Толығырақ ақпаратты келесі парақшалардан білуге болады.

Көрме сайты:www.rdf.kz

Көрме әлеуметтік желілерде:

Facebook– Қазақстандағы Франция Күндері 2017

Instagram- @regarddefrance

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту