Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорымен ағымдағы жылғы 12-13 қараша күндері еліміздегі балаларға арналған ең ауқымды жоба «Бала дауысы» I ұлттық балалар әні телевизиялық байқауы өткізілмек. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арнайы ұйымдастырылған жоба 2016 жылғы 14 мамырда еліміздің барлық өңірінің жас таланттарын іріктеу арқылы бастау алған болатын.

Байқаудың басты мақсаты – біздің еліміздегі дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету арқылы, отансүйгіштікке, парасаттылық пен этикалық нормаларға тәрбиелеу арқылы отандық мәдениетті дамытуға ықпал ету. Байқау ерекшелігі – «Бала дауысының» Қазақстанда және Қазақстандық балаларға арнап жасалған ұлттық бренд болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша балаларға арнап жаңа әндер жазылып, еліміздің бала бақшалары мен мектептеріне тегін сыйға тартылады.

22 мамыр мен 5 тамыз аралығында шығармашылық телевизиялық топ еліміздің барлық өңірінен дарынды балаларды іздеген болатын.

Іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, талантымен көзге түскен қаламыздың жас өнерпазы, қаладағы №40 ЖББМ-нің 8 «А» сынып оқушысы Бекмұхамедов Ермек барша ел алдында Алматы қаласын таныту мүмкіндігіне ие болды. Ермек Қазақстандағы ең үздік бала дауысы атағы үшін өз бағын сынап көрмек. Байқаудың финалы 12-13 қараша күндері КТК телеарнасында сағат 18:30 да тікелей эфирде көрсетілмек. Өз жерлестеріңізді смс-дауыс беру арқылы еліміздегі ең үздік бала дауысы атағына ие болуына ықпал ете аласыздар.

«Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының финалы көрерменді сүйікті Отанымыз, шексіз мейірімге толы балалық шақтың балдәурен әлемі туралы жаңа әндердің тұсаукесеріне куә болуға шақырады.

 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту