Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

ЖОБА

Суретшілер конкурсы – пленэрді өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережесі

Суретшілер конкурсы – пленэр (бұдан әрі – Пленэр) кешенді іс-шара болып есептеледі және Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп отыр.

Пленэр мәртебесі аймақтық, өзіне шығармашылық пленэр өткізуді және қатысушылардың жұмыстарынан тұратын көрмені ұйымдастыруды құрайды.

Пленэр 2016 жылдың 27 шілде – 2 тамыз аралығында.

Пленэр тақырыбы: Менің қалама 1000 жыл.

Өтетін жері: Алматы қаласы.

2. Мақсаты мен міндеттері

Пленэр Қазақстанның кәсіби бейнелеу өнерін қолдау мен одан әрі дәріптеу мақсатында өткізіледі.

Пленэр міндеттері:

ü  Суретшілердің шығармашылық мүмкіншіліктерін іске асыруға қолайлы жағдай жасау;

ü  Суретшілер арасында тәжірибе алмасуын ұйымдастыру;

ü  Алматы қаласының тарихы мұражайы қорларының коллекциясын қазіргі заман авторларының шығармаларымен толықтыру.

3. Пленэрдің құрылтайшысы және ұйымдастырушысы

Пленэрдің құрылтайшысы Алматы қаласының мәдениет басқармасы болып табылады.

Пленэрді дайындау бойынша жалпы жұмысты Алматы қаласының мәдениет басқармасымен бекітілген Ұйымдастыру комитеті атқарады.

4. Ұйымдастыру комитетінің өкілеттігі

Ережеде көрсетілген мерзімге сәйкес берілген өтінімдердің жалпы санынан Пленэр қатысушыларының тізімін бекітеді.

Пленэрдің қазылар алқасы құрамын бекітеді және жұмысын ұйымдастырады.

Ұйымдастыру комитеті құқылы:

Суретшілер – пленэр қатысушылары туралы дерек қорлар қалыптастыруға, ақпараттар жинауға.

5. Пленэрдің қазылар алқасының өкілеттігі

Қазылар алқасының жұмысына номинациялар бойынша өнер саласындағы мамандар тартылады.

Қазылар алқасының өкілеттігі:

ü  Пленэр кезінде орындалған қатысушылардың ең үздік шығармаларын анықтау және бағалау;

ü  Қазылар алқасы екі бірдей дауыс берілген кезде екі және одан да көп қатысушыларға әр номинация бойынша бірдей жүлделі орын беруге құқылы;

ü  Қазылар алқасы номинация бойынша жүлдегерлер анықталмаса жүлделі орындарды бермеуге құқылы.

6. Пленэрді өткізу шарттары

Ұйымдастыру комитеті Алматы қаласы бойынша жол шығындарын көтереді. Алматы қаласына дейін және қайту, тұру шығындары қатысушылар жақтан.

6.1. Пленэр қатысушылары

Пленэрге кәсіби суретшілер Қазақстан суретшілер Одағының және Қазақстанның жас суретшілер Одағының мүшелері шақырылады. Пленэрдің сандық құрамы 12 адамнан көп емес. Қатысушылардың жас аралығы шектелмеген.

Пленэрге қатысу аясында конкурсант көрме ұйымдастыруға 3 жұмысты ұсынады: 2 үй жұмысы (еркін тақырыпта) және Пленэрден 1 жұмыс.

Әрбір таныстырылатын жұмыстың беттік жағынан келесі ақпараттан тұратын этикетаж болу қажет: аты, тегі, жұмыс атауы, материал, техника, үй жұмысына - жасалған жылы. Бұл шарт сақталмаған жағдайда жұмыс конкурсқа жіберілмейді.

6.2. Пленэр номинациялары:

- Кескіндеме (майлы, гуашь, акрил және т.б.)

- Графика (қарындаш, қаламұш, акварель және т.б.)

6.3. Пленэрдің бағдарламасы:

ü  - Алматы қаласы бойынша таныстыру экскурсиясы;

ü  - Пленэр қатысушылары, қазылар алқасымен пресс-конференция;

ü  - шығармашылық пленэр;

ü  - көрменің ашылуы;

ü   қорытынды шығару және марапаттау.

Пленэрге қатысу үшін 2016 жылдың 20 шілдесіне дейін келесі мекен-жай бойынша өтінімді (қосымша №1) жіберу қажет: 050000, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 23, офис 1, тел. 8-727-233-19-38. Эл.пошта: madeni-mura@mail.ru.

Өтінімге үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі және кескіндеме мен графика жұмыстарының 10 дейін бейнесі (қағаз және электронды түрде) қосымша тіркелу қажет.

Ережесі http://www.almatymadeniet.kz/ сайт бетінде орналасқан.

Пленэрде қатысудың міндетті шарты: бір жұмысты Алматы қаласының тарихы мұражайының қорын толықтыру үшін ұйымдастыру комитетіне беру болып табылады. Шығармаларды таңдап алу Пленэрдің қазылар алқасының шешімімен қабылданады.

7. Марапаттау және Пленэрдің жүлделі қоры

Пленэрдің жүлделі қоры: номинация бойынша I орын – 250 000 теңге, II орын – 150 000 теңге, III орын – 75 000 теңге, қалған қатысушыларға 25 000 теңгеден.

Пленэрдің барлық қатысушылары дипломдармен марапатталады.

Қосымша №1

Ұйымдастыру комитетіне

Суретшілер конкурсы-пленэрде қатысуға

ӨТІНІМ

Суретшілер конкурсы-пленэр қатысушылар тізіміне менің кандидатурамды қосуыңызды сұраймын.

Суретшілер конкурсы-пленэрді өткізудің Ережесімен таныстым және шарттарымен келісемін.

Мекен-жай

 

Қатысушының аты-жөні

 

Мекеме немесе жеке тұлға

 

Қызметі, регалии, дәрежесі

 

Туған күні, айы, жылы

 

Білімі

 

Қатысушының байланыс деректері

 

Көрмелер мен пленэрлерде қатысқан туралы қысқаша ақпарат

 

Номинация атауы

 

Өтінімді толтырған күні

 

Қолы

 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту