Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Жыл сайынғы «Алтын тобылғы» әдебиет сыйлығы конкурсының Ережесі

1.Жалпы ережелер

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры тағайындаған әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығын (бұдан әрі - Сыйлық) беру тәртібін белгілейді

2. Сыйлықтың мақсаты - қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту,  қолдау көрсету және  насихаттау.

3. Конкурстың міндеттері:

  1. жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақсандық қаламгерлерді анықтау және көтермелеу;
  2. тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;
  3. қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.

4.  Сыйлық құрылтайшысы мен ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры (бұдан әрі -Сыйлық құрылтайшысы немесе Тұңғыш Президент Қоры).

Сыйлықты тағайындауға конкурс өткізу бойынша серіктестер - Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры болып табылады.

5. Сыйлық конкурс негізінде төмендегі номинациялар  бойынша тағайындалады:

1) «Жылдың үздік прозасы»;

2) «Жылдың үздік поэзиясы»;

3) «Жылдың үздік драматургиясы»;

4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

5) «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үздік әдеби туынды.

 

6. Әрбір номинация жеңімпазына  әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығының лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тақырыптық номинация жеңімпазына беріледі.  

 2.Өткізу тәртібі

Конкурстың басталғаны туралы хабарландыру Тұңғыш Президент Қорының сайтында www.fpp.kz және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Шығармалар 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қарашаға дейін  қабылданады.

Конкурстың қорытындысы 2016 жылғы желтоқсанның  бірінші онкүндігінде жарияланады.

 3.Сыйлыққа әдеби туындыларды ұсыну тәртібі

  1. Конурсқа 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады.
  2. Бір автор екі номинацияға қатысуға құқылы.
  3. Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
  4. конкурсқа бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;
  5. конкурсқа нормативтік емес лексикасы бар, этикалық нормалар мен авторлық құқықтарды бұзатын шығармалар қабылданбайды;
  6. шығарма А-4 форматында, мәтіні 14 көлеміндегі Times New Rоman шрифтімен 1,5 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
  • проза үшін – 35 беттен кем емес;
  • поэзия үшін – 5 беттен кем емес;
  • драмалық шығарма үшін – 30 беттен көп емес;
  • балалар әдебиеті үшін – 25 беттен көп емес;
  •  «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған түрлі жанрдағы әдеби шығарма (проза – 35 беттен кем емес; поэма – 5 беттен кем емес; драма – 30 беттен көп емес; балалар шығармасы – 25 беттен кем емес;).
  1. Конкурсқа жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деп белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:

Конвертке бөлек салынатындар 1) автордың аты-жөні көрсетілмей бір данада басып шығарылған шығарма, 2) автордың өзі туралы мәліметтер осы конверттің ішінде жеке конвертте болуы тиіс:  аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail.

4. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10 үй, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мекенжайына және  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына  жіберілуі тиіс.

  1.   Конкурсқа қатысуға өтінім бере отырып, автор:
  1. өзінің авторлығын растайды;
  2. Сыйлық ұйымдастырушыларына шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсатын береді;
  3. авторлық гонорарды талап етпейді.

6. Қабылданған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

7. Жұмыстарды Конкурсқа жіберуге және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді.

 

4.Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

1. Қолжазбаларды бағалау және Сыйлық жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды Сыйлық Құрылтайшысы елімізге танымал  ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ конкурс құрылтайшылары мен серіктестері өкілдері қатарынан құрылған (7 адамнан кем емес) Қазылар алқасы жүзеге асырады.

2. Қазылар алқасының құрамы мен Төрағасын Сыйлық Құрылтайшысы бекітеді.

3. Қазылар алқасының Сыйлық талаптарына сәйкес келмейтін шығармаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді шығармаларды) құқы бар.

4. Конкурсқа ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).

5. Қорытынды шешім қазылар алқасының  жалпы санының кемінде 2/3  кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

6. Конкурсқа ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар анонимді түрде бағаланады. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.

7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.

8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.

9. Сыйлыққа лайықты шығармалар түспеген жағдайда, Қазылар алқасы Ұйымдастырушыларға сол номинация бойынша жүлденің толық берілмеуі немесе жартылай бөліп беру туралы ұсыныс беруге құқылы. 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту