Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Ағымдағы жылы біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейлі 25-жылдығын мерекелеудеміз.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық дамуында Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізді және ТМД елдері арасында модернизация мен даму ісінде көшбасшыға айналды.

Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігімізді, Қазақстан халқының рухани-мәдени консолидациясын әрі қарай нығайту мақсатында, сабақтасты әрі прогрессивті дамуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу туралы» Жарғысы қабылданды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында Алматы қаласының әкімі Алматы қаласында Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеудің жүйелі кестесін бекітті. Кестеге сәйкес Алматы қаласының Мәдениет және мұрағаттар басқармасы 70-тен астам түрлі форматты іс-шара өткізуді жоспарлады.

Бүгінгі күнге дейін 60-тан астам түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Олардың арасында 23 концерт пен фестиваль, 6 шығармашылық байқау, 4 спектакль көрсетілімі мен 2 айтыс, 25 музей және кітап көрмесі, 5 қайырымдылық науқан т.б.

Негізгі іс-шаралар Қала күнін мерекелеу аясында өтті: Отбасы күнін мерекелеу – 10 қыркүйекте Орталық Мәдениет пен демалыс бағында, «Күміс көмей–жез таңдай» дәстүрлі музыканың қалалық байқауы - 15 қыркүйекте «Алатау» дәстүрлі өнер театрында, «Алматым жүрегімде» концерті - «Қазақконцерт» ғимаратында, «Gakkuдауысы» қазақстандық музыка фестивалі - 17 қыркүйекте Астана алаңында, Алматы қаласының 1000-жылдығына арналған салтанатты гала-концерт – 18 қыркүйекте Мұзды аренада өтті.

Оған қоса бүкіл елімізде «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күнге старт берілді.

Сонымен, жыл соңына дейін Басқарма Алматы қаласының Тарих мұражайының ғимаратын және мұражайдың жаңа экспозициясын салтанатты түрде ашуды, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы декларациясын қабылдаған орын ретінде бұрынғы Жоғары кеңес ғимаратында естелік тақтайша ілуді, «Алтын топтама» қазақстандық кино күнін өткізуді, «Арман қала» фотокөрмесін ұйымдастыруды, «Тәуелсіздіктің жарқын бояулары» атты қарда сурет салу фестивалін өткізуді жоспарлап отыр.

 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту