Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы аясында Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен қаламызда суретшілер конкурсы - пленэр өтеді. Конкурс – пленэр Қазақстанның кәсіби бейнелеу өнерін қолдау мен одан әрі дәріптеу мақсатында өткізіледі. Пленэр кескіндеме және графика номинациялар бойынша өтеді.

Бағдарламада:

26 шілде, сағат 11.00-де - пленэр қатысушылары және қазылар алқасымен пресс-конференция, «Белый Рояль» арт-галереясы;

27 шілде - 2 тамыз,  шығармашылық пленэр;

8 тамыз, сағат 16.00-де - көрменің ашылуы, «Белый Рояль» арт-галереясы.

Көрмеде пленэрдің қорытындысы бойынша таңдап алынған конкурс-пленэр қатысушыларының ең үздік жұмыстары көрермен қауымға ұсынылады. Бұл әр түрлі техникада орындалған кескіндеме және графика жұмыстары. Сонымен қатар, пленэрлік жұмыстармен бірге көрмеде суретші – қатысушылардың конкурстан тыс жұмыстары болады.

Көрме бейнелеу өнерінің нағыз бағалаушыларын ықылассыз қалдырмайды. 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту