Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

2016 жылдың 5 тамызында сағат 21.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Алматы – ғасырлар куәсі » аттыкөрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Ұйымдастырушылар – Алматы қаласы әкімдігі,ҚР Мемлекеттік орталық музейі.

2016 жылдың маңызды оқиғаларының бірі – ЮНЕСКО-ның халықаралық күнтізбесіне енгізілген Алматы қаласының  1000-жылдығы.

Археологиялық зерттеулердің, жазба және нумизматикалық деректердің негізінде Алматының тарихы Х-XI ғасырлардан бастау алатындығы ғылыми дәлелденген болатын.

Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен 2016 жылға арналған мерейтойлық және даталы күндерінің Күнтізбесіне ресми түрде енгізілді.

Бұл тарихи оқиға отандық және шетелдік аудиторияның санасында Алматының заманауи мегаполис, ірі мәдени, қаржы-экономикалық және туристік орталық ретінде сақталуына ықпал етеді.

Көрменің мақсаты – Алматының ежелгі, сонау – қола дәуірі, ерте темір, орта ғасырлар, XIX ғ. (Верный қ.) кезеңі мен бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу, даму, өркендеу жолын көрсету. Өткені мен бүгінгіні саралай отырып, көрерменнің болашақты бағамдауына жағдай жасау.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қомақты қор коллекциясы негізінде ашылып отырған бұл көрме Алматы қаласының көне заманнан бүгінге дейінгі қалыптасу, дамуымен байланысты  экономикалық, саяси және этномәдени үдерісіндегі тарихи мәнді оқиғаларды толық ашып көрсетеді деуге болады.

Шара аясында ҚР Мемлекеттік орталық музейі ғимаратын сәулеттік жарықтандыру қосылатын болады.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің барлық залдары келушілерге сағат 24.00 ге дейін тегін түрде жұмыс жасайтын болады.

Өткізілетін орын:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі

Алматы қ., Самал-1, ықш. ауд., 44 үй.

Байланыс телефондары: +7(727) 2 272 11 09, 271 65 24, 8 7788598895.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту