Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен ағымдағы жылдың 13 сәуір күні сағат 14.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Алматыфильм» киностудиялары бірлесіп, Гүлсім Оразалиеваның «Нұртас Оңдасынов» атты кітабының желісі бойынша түсірген, Қазақстан Үкіметін ең ауыр жылдарда (1938-1951) 13 жыл табан аудармай басқарған республикамыздың экономикасы мен өнеркәсібінің, мәдениеті мен ғылым-білімінің дамуына ұланғайыр үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың өмірі мен қызметін баяндайтын деректі фильмнің тұсаукесері өткізіледі. Режиссеры: Оңласын Тастанов.

Деректі фильмнің мақсаты халқы үшін қалтқысыз еңбек еткен ердің атын ұмытпай, оның өнегелі істерін бүгінгі өскелең ұрпаққа дәріптеп үлгі ету.

Деректі фильмнің тұсаукесеріне жазушы-драматург Д. Исабеков, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т. Медетбеков, академик С. Қирабаев, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Оңдасыновтанушы Г. Оразалиева т.б. бірқатар беделді тұлғалар қатысады.

Нұртас Оңдасынов Қазақстан Үкіметін ең ауыр –Ұлы Отан соғысы кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда республиканың ішкі экономикасы мен мәдениетінің, ғылым-білімінің дамуына барынша күш сала отырып жан-жақты дамыта басқарған дара басшы.

Ол 1938 жылы Шығыс Қазақстан облысы Атқару комитетінің төрағасы, 1938-1951 жылдар аралығында (13 жыл) Қазақ ССР Үкіметінің Төрағасы, 1951-1953 жылдары КПСС ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқып, 1953-1954 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Төрағасы, 1955-1962 жылдары Гурьев облыстық Атқару комитетінің төрағалық қызметінен кейін 5 жыл облыстық КП ОК бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Соғыс жылдарында, республикамызда Ғылым Академиясының жеке шаңырақ көтеруіне, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институты мен Ұлттық Консерваториясын құруға, Шет тілдер, Дене тәрбиесі және барлық облыс орталықтарында Мұғалімдер институтының ашылуына бірден бір ұйтқы болған қайраткер тұлға.

Сонымен қатар, еліміздегі ірі құрлыстар: Ертіс-Қарағанды, Арыс-Түркістан, Мырзашөл каналдарының, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбедегі ірі зауыттардың, сонымен қатар Мойынты-Шу темір жолының салынуына басшылық жасап, ерекше іскерлігімен танылды.

Ал, бүгінгі «Қазақфильмнің» де негізі сол уақыттан бастау алады. Басқа республикаға эвакуациямен кетіп бара жатқан «Мосфильм» мен «Ленфильмді» Қазақстан Үкіметі атынан арнайы Қазақстанға шақыртқан Нұртас Оңдасынов екенін қазір біреу біліп, көбіміз білмейміз. Екі киностудияның хас шеберлерінің қолдауымен «Райхан», «Абай әндері» фильмдері түсірілді.

«Зейнеткерлікке шыққаннан соң шығармашылық қызметпен айналысып, 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді» — дейді Д. А. Қонаев өзінің «Өтті дәурен осылай» кітабында.

Н.Д. Оңдасынов - үш рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медельдармен, Құрмет грамоталармен марапатталған.

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Алатау дәстүрлі өнер театры».

Мекен-жайы: Алғабас-1, 6 үй. Т. Рысқұлов және Б. Момышұлы көшелерінің қиылысы.

Анықтама телефондары: 7047 47 300, 8 705 879 67 26. 272-22-08, 271-65-34.

Эл. почтаundasinova86@mail.ru

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту