Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

КСРО халық артисі Ораз Әбішевтің 100 жылдығына арналған салтанатты кешке шақырамыз.

Абай атындағы МАОБТ, сәуірдің 26-ы, сағат 19:00

Ораз Әбішев (01.05.1916 ж.т. қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Қайнар а. - 14.03.2013 жылы қайтыс болды. ) — кинорежиссер, Қазақстанның халық артисі.

1938 ж. Алматы қазақ музықалық театрының (қазіргі Абай атынд. Қазақ опера және балет театры) жанындағы студияны бітірген.

1939 жылдан бастап деректі кино түсірумен айналысқан. “Дина Нұрпейісова” (1947), “Шалғай жайылымдарда” (1950), “Абай” (1953), “Біздің қалада” (1956), “Мәскеуге сәлем” (1958), “Денсаулық аралы” (1961), “Апа”, “Қол құдіреті”, “Тастағы таңба” (бәрі де 1968), “Бір хаттың ізімен” (1971), “Тарихпен тілдесу” (1972), “Мәукен даласы” (1976), “Сынақ” (1977), “Талғаттың зеңгір аспаны” (1979), “Еліктер мекені” (1980), “Ертегішілер” (1983) т.б. фильмдер түсірген. “Арман аралы”, “Кеншілер әулеті”, “Мұқан Төлебаев”, “Желден жүйрік” деректі фильмдері үшін Қазақстан Мемлекеттік. сыйлығын алған (1974).

Октябрь Революциясы, екі мәрте “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту