Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Ашаршылық құрбандарына қойылатын ескерткіштің ең үздік жобасына  конкурс өткізудің бағдарламасы мен шарттары 

 

1.Конкурстың  мақсаты

Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегi мемлекеттiк комиссияға ұсыныс енгізу мақсатында   ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің  (мүсінінің)  мүсіндік-көркемдік шешімін табу.

    2. Конкурстың  бағдарламасы

Ескерткіш жоғары көркемдік деңгейде, айналадағы сәулет және жергілікті көрініспен үйлесіп, жоғары идеялық мазмұндылығын ашуы тиіс. Жобада ұзақ мерзімге төзімді материалдар (мрамор, гранит, қола және т.б.) қарастырылуы керек.

Ескерткіштің (мүсіннің) орналасатын орны: Алматы қаласы, Алмалы  ауданы, Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан саябақта.

3. Конкурстың  шарттары

Конкурсқажеке авторлар және авторлық ұжымдар қатыса  алады. Байқаудың мерзімі: 2016 жылғы 01тамыз – 01 қазан  аралығы. Жобалар       01 қазанға дейін мына мекен-жайға: Алматы қаласы, Республика алаңы,4, Алматы қаласының Мәдениет басқармасына (444 бөлме) тапсырылады.

Байқау жобалары алты таңбалы санмен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран байқауға ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ  конверттің  оң жақ бұрышына жазылады (биіктігі 1см.). Желімделген ұрандық конвертте  автордың аты-жөні, мекен-жайы  көрсетілген  ақпараттық парақ салынады.

Қысқаша түсініктеме жазба ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді «Times New Roman» шрифтімен бірінші жол аралығымен басылған 2 парақтан аспайтын мәтіннен тұратын, 2 данада көрсетіледі.

Конкурстың қорытындысы бойынша Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы  шешім қабылдайды.

  Конкурс шарттары сақталмаған жобалар  конкурсқа жіберілмейді және комиссияда қаралмайды.

4. Конкурстың  жоба ұсыныстарының  құрамы және ұсынылатын

материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Ескерткіш (мүсіннің) эскизі                                           масштабы   1:10 

(көп пішінді композицияға арналған)                               масштабы   1:20

2. Бас жоспар (схемалық жоспар)                                       масштабы   1:200

3. Ескерткіш (мүсіннің) 2 фасады, 1 перспективасы          масштабы   1:10

4. Түсініктеме жазба

Барлық графикалық жұмыстар  60х80 см планшетте беріледі. Графикалық орындау әдістері макеттің түсі, техникасы, материалы және мүсін автордың өз қалауы бойынша орындалады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 272-11-09  телефоны  арқылы білуге болады.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту