Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Тәуелсіз еліміздің тарихындағы мағынасы мен маңызы бөлек мейрам. 130 ұлт өкілдерінің құт мекеніне айналған Қазақстан атты касиетті шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан жұрттың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтып, достастық қарым-қатынасын берік бекіте түсетін шуақты мереке. Қазақстан халқының арасындағы бірлік пен татулық, достық пен ынтымақтастық қарым-қатынас қана мерейлі мемлекетімізді бақытты болашаққа жеткізіп, әлемдік аренада егемен еліміздің абыройын асқақтатады. Тату-тәтті тіршілік пен бірлікті бағалауға, достық пен ынтымақтастықты қастерлеуге шақырады. Біле білсек, татулық тыныштықтың тірегі болып табылады. Адамның жүрегін жылататын асыл қасиеттер ғана ғаламат ғаламның тыныштық бесігінде тербелуіне септігін тизеді. Бірлігі мен татулығы жарасқан Қазақстан халқын ізгі қасиеттермен рухани байланыстыра түсетін осы мерекеге орай Алматы қаласының 8 ауданында мерекелік іс-шаралар өткізу әдемі дәстүрге айналған. Қазақстан халқының бірлігін, достығын, татуластығын, ынтымақтастығын баршаға паш ететін қалалық мерекелік шара 1 мамырда, сағат 11.00-де Республика сарайының алдындағы «Абай» алаңында өткізілмек. Алматылықтарға қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары мен қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері Мәңгілік Елдің ынтымағы мен тату-тәтті тіршілігі туралы әсем әндерін тарту етпек. Қала тұрғындары мен қонақтары этномәдени бірлестіктердің шатырларында әртүрлі ұлттардың тарихымен және салт-дәстүрімен таныса алады.

МЕДЕУ АУДАНЫ

ТҮРКСІБ АУДАНЫ

1 мамырда, сағат 11:00-де Түрксіб ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтеді.

Әсем әнмен әрленген мерекелік шара аясында аудан әкімі В.Устюгов Қазақстан атты киелі шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан жұртшылықты бірлік пен татулық, достық пен ынтымақтастық мейрамымен құттықтайды. Ізгі шара барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен «Асыл әже», «Бахар» көркем өнерпаздар ұжымдары мен «Россиянка», «Поющие сердца» ардагерлер хорлары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталмақ. Бірлік пен татулықты, достық пен ынтымақтастықты ту еткен мерекелік шара аясында қылқалам шеберлерінің Түрксіб ауданының тарихынан сыр шертетін туындыларының көрмесі көрермен назарына ұсынылады. Ұлттық ойын түрлерінен өткізілетін спорттық сайыстарда аудандағы армян, ингуш, түрік, түрікмен, ұйғыр этномәдени бірлестіктердің өкілдері өзара бақ сынаспақ. «Шеберлер қалашығында» он саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері жұртшылықты қолөнер бұйымдарымен тамсандырады. Ал өнерсүйер қауым №6, 7 Оқушылар үйінің, №83 гимназия оқушыларының және «Асыл әже», «Бахар» көркем өнерпаздар ұжымдары мен «Россиянка», «Поющие сердца» ардагерлер хорларының қатысуымен «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты музыкалық-театрландырылған қойылымды тамашалай алады.

НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ

29 сәуірде, сағат 11.00-де Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен №176 мектеп-гимназиясының акт залында 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді. Ізгі шара аясында мереке қонақтарының назарына 11 ұлттың көрмесі ұсынылады. Қазақстандықтарды рухани бірлікке бастап, достыққа шақыратын мерекеге арналған ізгі шарада аудан әкімі Сайран Сайфеденов аудан тұрғындарын құттықтап, ауданның дамуына белсенді атсалысып жүрген наурызбайлықтарды құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттайды.Қазақ өнерін әлемнің әйгілі сахналарында насихаттап жүргенҚұрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі күмбірлеген күйлерімен мерекелік кештің көркін кіргізбек. Сұлу сазды кеште халықаралық байқаулардың лауреаттары – Фархад Көбеев, Біржан Бәзілжан, Ләлә Бақытнұрқызы өз өнерлерімен тыңдармандарды тамсандарады. Ал, түрік және грузин ұлттары сахналық қойылымдар қойып, ұлттық билерімен мерекелік кештің қызықты өтуіне атсалыспақ.

АЛАТАУ АУДАНЫ

Алатау «Қазақстан халқы бірлігі» мерекесін жүгіріп қарсы алады. Алатау ауданы әкімдігі мамыр мерекелерін бекітілген жоспарға сай өткізеді. 1 мамыр «Қазақстан халқы бірлігі» мерекесін алатаулықтар таңғы сағат 8.00-де «Шаңырақ-1» ықшамауданындағы №169 мектеп-гимназиясынан бастау алатын жүгірумен (кросс) қарсы алады. Мәре – Алатау ауданы әкімдігі. Ал мерекелік іс-шара «Трудовик» ықшамауданындағы «Халық стадионында сағат 10.00-да басталады. 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара Алатау ауданы әкімдігі алдындағы алаңда 7 мамыр күні сағат 10.00-да басталады.

АЛМАЛЫ АУДАНЫ

1 мамырда, сағат 14.00-де Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Мега Парк» сауда ойын-сауық орталығының алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты мерекелік шара өткізіледі. Ізгі шараға көркем өнерпаздар ұжымдары, аудан тұрғындары мен қала қонақтары қатысады. Алматылықтар мен қала қонақтарына арналып өнер майталмандарының қатысуымен концерттік бағдарлама, ұлттық-мәдени орталықтары көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік көрсетілімі, спорттық шаралар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады.

ӘУЕЗОВ АУДАНЫ

1 мамырда, сағат 11.00-де Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Fаmіlу» саябағында Қазақтан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты мерекелік шара өткізілмек. Аталмыш мерекелік шараға көркем өнерпаздар ұжымдары, жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының басшылары, мектеп және ұлттық-мәдени орталықтарының-төрағалары қатысады. Алматылықтар мен қала қонақтарына арналып ұлттық-мәдени орталықтары көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік көрсетілімі, ұлттық тағамдар байқауы, спорттық шаралар мен сурет салу жарысы ұйымдастырылмақ.

БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ

1 мамырда, сағат 11:00-де Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Мега Алма-Ата» ойын сауық орталығының алдында (Розыбакиев көшесі, 247)Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді. Шараға ауданда орналасқан құрылымдық бөлімдердің басшылары, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері, білім мен денсаулық сақтау саласының өкілдері, аудан тұрғындары және Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қатысады. Шара барысында аудан әкімі Б.Торғаев қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтайды. №3 Оқушылар үйінің балалары мерекелік концерттік бағдарлама әзірлесе, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындары әртүрлі ұлттардың дәстүрлерімен таныстыратын көрмелер ұйымдастырады. Мерекелік шарада ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіледі.

ЖЕТІСУ АУДАНЫ

1 мамырда, сағат 10.00-да Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Құлагер» ықшамауданындағы «Саябақта» Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтеді. Ізгі шара аясында жиналған қауымға эстрадамыздың жарқын жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт, ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту