Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

4-5 маусымда Алматыда Республика сарайының алдындағы алаңда IV халықаралық Заманауи Этникалық Музыка фестивалі өтеді.

THE SPIRIT OF TENGRI 2016

4-5 маусым 2016 ж.

“The Spirit Of Tengri" IV Халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі 2016 жылы 2 күн қатарынан, 4-5 маусымда Алматыдағы Республика сарайының алдында орналасқан Абай атындағы алаңда (Абай және Достық даңғылдарының қиылысында) өтеді.

Концерттер екі күнде де сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін.

Іс-шара Алматының 1000 жылдығы аясында қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Жобаның бас серіктесі - Kaspi.kz.

Жалпы ақпарат

The Spirit of  Tengri  -  мульти-мәдени жоба. Оның мақсаты – Ұлы Дала және әлем халықтарының мәдени мұрасымен таныстыру, Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнеріндегі нағыз майталмандардың басын қосу.

Жобаның негізін 2012 жылы Tengri FM ұлттық радиостансасы қалады және бұл шара бүгінге дейін әлемнің 40 еліндегі ethnoworld жанрында өнер көрсететін әртістер мен музыканттардыңөнерін қазақстандықтар назарына ұсынды.

Жобаның тұсауы кесілгелі фестивальдарды 50 мың қазақстандық және ел қонақтары тамашалап үлгерді.

Жоба шет мемлекеттерде де танымал. Өткен жылы қазан айында The Spirit of Tengri Будапешт қаласында  өткен Womex әлемдік музыка форумында ұсынылды.  The Spirit of Tengri әртістері мен ұйымдастырушылары концерттік жұмыстарды әлем бойынша қызу жүргізуде. 

The Spirit of Tengri 2016 фестиваліне қатысатын музыкалық ұжымдар.

  1. Baba Zula  (Түркия)
  2. "Айирхаан" (Якутия)
  3. TRAD.ATTACK! (Эстония)
  4. Huun Huur Tu (Тува)
  5. DJ Rizzo (АҚШ)
  6. "Аргымак" (Башқұртстан)
  7. Екатерина Ямщикова (Башқұртстан) 
  8. Tilla Török's Band & Holdviola (Мажарстан)
  9. "Алдаспан" (Қазақстан)
  10. DJ Нариман Исенов (Қазақстан)
  11. "Тиграхауд" (Қазақстан)
  12. Roksonaki (Қазақстан)
  13. Sintas (Қытай)

Іс-шарада Қазақстан атынан "Алдаспан", "Тиграхауд" топтары,  диджей Нариман Исенов пен қазақстандық этникалық сахна майталмандары Roksonaki өнер көрсетеді. 

Көрермен қауым түркиялық BaBa Zula тобы, эстониялық  TRAD.ATTACK! ұжымы сияқты шетелдік меймандардың өнерін тағы да тамашалай алады. Оған қоса, сахнаға Еуразияның еуропалық бөлігінде мекендейтін түркі халқы – мажарлардың шығармашылығын паш ететін Tilla Török's Band & Holdviola ұжымы да шығады. Қытайдың Sintas тобы қазақстандық Roksonaki ұжымымен бірге өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, фестивальға Башқұрстанның музыканттары да қатысады. Атап айтсақ, "Аргымак" тобы мен Екатерина Ямщикова жеке бағдарламасын ұсынады. Биылғы шара кезінде әлемге әйгілі тувалық Huun Huur Tu тобы да шығармашылықтарын паш етпек. Өнер ұжымымен америкалық диджей Rizzo сахнаға бірге шығады.  

Маусымның 4 мен 5 күндері Алматыда Республика сарайы алдындағы алаңда өтетін керемет музыкалық шоуда кездескенше! Басталуы сағат 17:00-де.

Бізбен байланысу:

Фестивальдың баспасөз-атташесі Мария Мирная
email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
тел: +7 777 666 000 5

www. thespiritoftengri.com
www.tengrifm.kz

Видео-канал фестиваля: https://www.youtube.com/channel/UCHSL3-O2MONrAoGzGdBGcHg

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту