Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

 

АЛМАТЫ, 3 тамыз  –Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық уәкілдігі Алматы қаласының әкімшілігімен бірге “USKZ Fest” фестивалін ашады. Фестиваль АҚШ пен Қазақстан арасындағы екі жақты қарым-қатынасының 25 жылдығын тойлауы мақсатында ұйымдастырылып жатқан бір жылдық кампаниясының ең ірі шарасы болып келеді. “USKZ Fest” 5-7 тамыз аралығында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Бұқараға ашық фестиваль аясында АҚШ пен Қазақстан арасындағы адамгершілік пен достық қарым-қатынасты көрсететін әртістердің өнер көрсетілуі және басқа да шаралар өткізіледі. Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол шараға қатысып, 5 тамызда фестивальді алғы сөзбен ашады.  

Үшкүндік фестиваль кезінде “Break of Reality” атты американдық рок-виолончельшілер тобы қазақ әншісі Ғалымжан Мөлданазармен және джаз орындаушысы Чарльз Тернер ІІІ жергілікті музыканттармен бірге ойнайды, Грейс Гарретт өз өнерін көрсетеді, KIMEP университеті ағылшын тілінде театр қойылымын қояды, қазақстандық ASSYL тобы ән шырқайды, Нұргүл Нүсіпжанова пианинода ойнайды, алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ-та болып келген дизайнерлердің сән көрсетілімі өтеді, Айсұлу Азімбаева мен Шыңғыс Капин би билейді. Сонымен қатар, фестиваль американдық және қазақстандық спикерлердің сөз сөйлеуін, АҚШ-та білім алу жайында презентацияларды, спорттық сайыстарды, “Maker Space” интерактивті технологиялық семинарларда, UNI жылжымалы кітапхананы, тамақ және отбасыларға арналған ойын-сауықтарды қамтиды.

АҚШ елшісі Джордж Крол фестиваль жайында сөз қозғай отырып: «Біз АҚШ пен Қазақстан арасындағы екі жақты қарым-қатынасының 25 жылдығын мыңдаған қазақстандықтар мен олардың американдық достарын біріктіретін мереке шеңберінде тойлап отырғанымызды мақтаныш тұтамыз. Мен американдық пен қазақстандық орындаушылардың бірлескен ойынын және өз тәжірибесімен бөлісетін американдық бағдарламалардың үлгілі түлектерімен кездесулерді асыға күтемін. Мен барлықтарыңызды менімен бірге осы фестивальді тойлауға және болашаққа үмітпен қарай отырып, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты осыншама қызықты, әрі әсерлі еткен адамдарға алғыс айтуға шақырамын».

Жыл бойы өткізілетін іс-шараларымыз туралы мәліметті #USKZ25бойынша әлеуметтік желілерден бақылаңыздар.

Күні: 5-7 тамыз аралығында

Уақыты:18:00-20:15 – 5 тамыз; 11:00-21:30 – 6 тамыз; 11:00-18:00 – 7 тамыз

Өткізілу орны: Алматы қ. Орталық мәдениет және демалыс саябағы, бұрынғы Горький саябағы

 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту