Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

2016 жылы қыркүйек айының 17-18 күндері сағат 10.00-нан 21.00-ге дейін Алматыда Абай атындағы МАОБТ жанындағы алаң мен саябақтарда «ArtEnergy» креативті индустриялар және шығармашылық бастамалар фестивалі өтеді. Кіру тегін.

«ArtEnergy» креативті индустриялар фестивалі қаланы түрлендіруге және оның мәдени құндылықтарын қалыптастыруға қабілетті шығармашылық күштерді анықтау алаңына айналмақ.

Қалалық мәдени инновациялар мерекесі Алматы қаласы тұрғындарының шығармашылық бастамаларын ұсынатын және қалалық ортаны түрлендіруге бағытталған күштерді анықтайтын іс-шара болып табылады. Бұл – қала тұрғындарына қалалық өмір сапасын жақсартуға бағытталған өз идеялары мен ойларын шығармашылық ортада ұсыну және талқылау үшін таптырмас мүмкіндік.

Фестиваль аясында мынадай алаңдарда іс-шаралар ұйымдастырылады:

  • Сандық өнер. Арнайы шақырылған суретші – Аристарх Чернышев, «ELECROBOUTIQUE» дуэті
  • Өнеркәсіптік дизайн. Координаторы: Асель Джабасова
  • Сәулет. Координаторы: ҚазБСҚА оқытушыларының жетекшілігіндегі «Новые Урбан Номады» креативті кеңсесі
  • Музыка. Алматы қаласының DJ және эксперименталды электрондық жас музыканттары өнер көрсетеді.  
  • Алматы қаласындағы жеке театрлардың арт-қойылымдары
  • Арт-инсталляциялар. Арнайы шақырылған суретші – Эдуард Казарян
  • АРТ-инсталляциялар, шағын сәулеттік пішіндер. Куратор – Яна Малиновская
  • Қалалық креативті бастамалар форумы қаланы дамыту мәселелерін талқылау және бастамашыл топтар мен ұйымдардың шешімдерін ұсыну алаңы.  Координаторы:URBANTALKSALMATY
  • Белсенді тұрғындар мен бастамашыл топтардың қаланы дамытуға бағытталған шешімдері мен ұсыныстарының стенді

Фестиваль туралы толық мәліметті, фестиваль бағдарламасын және алаңдардың орналасу сызбасын www.artenergy.kzсайтынан, сондай-ақ facebookжәнеinstagram әлеуметтік желілеріндегі іс-шаралар парақшаларынан көруге және жүктеуге болады.

Фестивальдің міндеті қаланы көркейтуге және оның тұрғындарының игілігін көтеруге бағытталған тың идеялар мен шешімдерді анықтап, оларды ұсынуға арналған шығармашылық алаңды ұйымдастыру болып табылады.

«Шығармашылық бастамалар арқылы қалалық ортаны түрлендіру сәулетшілер, дизайнерлер, суретшілер, музыканттар, әртүрлі мәдени индустриялардың өкілдері, ортақ шығармашылық іс-шараларды талқылауға және қатысуға тартылған қала тұрғындары, көрермендер, қала әкімшілігінің өкілдері және қаланы көркейтуге атсалысатын инвесторлар секілді фестивальге қатысушы тараптардың арасындағы өзара сұхбаттастық пен әрекеттестікті құруға мүмкіндік береді», – дейді фестиваль ұйымдастырушылары.

Фестиваль Алматы қаласының әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен «FUNK.CREATION» креативті агенттігі (Майра Измайлова, Инна Кантемирова) тарапынан ұйымдастырылады. 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту