Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

5 қараша күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты мультимедиялық көрмесі мен Алматы туралы фотокөрменің ашылуы өтеді. Астана жұртшылығына мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігіміздің қайнар көзін сипаттайтын Алматы тарих музейі қорынан экспонаттар ұсынылады. Көрменің мультимедиялық контентін Жетісуға және көне дәуірден осы уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын алғашқы қазақстандық мегаполиске арналған бірегей тарихи суреттер құрайды. Сондай-ақ көрмеде Алматы қаласы бойынша 3D тур ұсынылады. Астана қонақтары мен тұрғындары қаланың танымал, мәдени, маңызды нысандарымен таныса алады. Көрме 2016 жылғы 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

5 және 6 қарашада Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасына қарасты Мемлекеттік қуыршақтар театры Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Алтын Адам» эпикалық спектаклінің қойылымын, сондай-ақ «Куклы шоу» мерекелік спектаклін ұйымдастырады. Театрдың фойесінде екі күн бойы театр ұйымдастырған «Қуыршақтар көрмесі» өтеді.

5 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Астана қаласының оқырмандарымен танымал ақындардың кездесуі өтеді, оған Ғалым Жайлыбай, Маралтай Ыбыраев, Қасымхан Бегманов, Жанарбек Әшімжанов және т.б.қатысады.

Дәл осы күні сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, Алматы қаласы әкімінің Эстрадалық-симфониялық оркестрі мен Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі»атты гала-концерт өтеді. Концертке Айқын Төлепбергенов, Луина, Димаш Қудайбергенов, Диана Шарапова, Әли Оқапов, «Мұзарт», «Қоңыр», «КешьЮ» «Жігіттер», «Сарын» және «Ринго» топтары қатысады.

6 қараша күні сағат 15.00-де Бейбітшілік және келісім Сарайында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен Нұржан Жанпейісов, Талғат Әбуғазы, Айгүл Қосанова, Шолпан Даржанова, Ұлжан Байбосынова, Тілеулес Құрманғалиев секілді дәстүрлі өнер өкілдерінің қатысуымен «Мәңгілік мұрат» атты дәстүрлі музыка концерті өтеді.

Барлық іс-шараларға кіру тегін.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту