Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

 

Fartuk 400h600 okon-min 1 500x751

Мінтай Тлеубаевтың 70 жылдығына арналған «Спасибо, Мастер!»

атты еске алу кеші

Өткізілу уақыты: 22 ақпан 2017 ж.

Өткізілу орны: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы, Ш. Калдаяков көшесі, 35

Басталуы: 18:30

2017 жылғы 22 ақпан күні Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармония сахнасында Қазақ ССР еңбек Сіңірген өнер қайраткері, режиссер, балетмейстер, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев Алғыс хатының иегері Мінтай Женелұлы Тлеубаевтың 70-жылдығына арналған концерті өтеді. Концерттік бағдарламада М. Тілеубаевтың ең үздік сахна қойылымдарынан үзінділер және Қазақстан республикасының жетекші би ұжымдары, Астана, Алматы мен басқа да өңірлер өкілдері. Кештің Құрметті қонағы - Мінтай Тілеубаевтың ұлы балет әртісі, балетмейстер, Халықаралық байқаулардың дипломанты , жүлдегері, Токио Жаңа Ұлттық театрының жетекші солисті - МайленТлеубаев.

М. Тлеубаевтың шығармашылығы : өз заманының новаторы болды және алғашқы рет қазақ халқының хореографиялық өнеріне жаңа жанрларды енгізді. Ол Қазақстан Республикасының үкіметтік деңгейдегі аса маңызды іс-шараларының және одан тыс жерлерде режиссер болды. Мінтай Женелұлы тәрбиелеген режиссерлер мен хореографтар, бүгінде цирк, театр және балет өнерінің жетекші мамандары. Мінтай Женелұлы қазақстан өнерінің «шоқ жұлдыздары» қатарына кірді, оның шығармашылығы бірнеше ұрпақтың дүние танымына зор әсер етті.

Мінтай Тлеубаевтың өмір жолы өз таңдауын тамаша, бірегей, әдемі, бірақ сонымен бірге өте қатаң хореография өнеріне бой түзеген жандар үшін үлгі болып табылады. Әдетте көрермен сахнада таңғажайып сенімсіз нәрселерді көреді. Ал мұның бәрі ауыр еңбекпен, төгілген тер мен көз жасы арқылы келетінін әркім біле бермейді. Мінтай Тлеубаев еңбекқор және бақытты адам. Өмірдегі барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп өз шығармашылығының шыңына көтеріле алды. Шыңдардың биігіне шығып қана қоймай сол биіктікте қала білді. Ол кез- келген дарынның қолынан келе беретін іс емес. Мінтай Женелұлы Балет шығармашылығында – өшпестей ізін қалдырған ірі тұлға.

Пресс-служба М. Тлеубаевты еске алу кеші

Игорь Фролов

8 747-745-50-30

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту