Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Сіздерді Қазақ Мемлекеттік циркі 4 мен 5 маусым күндері «Көңілді арена» атты тамаша мерекелік бағдарламасына шақырады! Цирктің әлемге әйгілі артистері тек қана сіздер үшін екі ғана қойылым көрсетеді! Цирктік шоуда даршылар, әуе гимнастары мен акробаттар, жонглерлер мен эквилибристер, белгілі клоундар, шабандоз жігіттер көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлайды. Сіздерді үйретілген жануарлардың өнері тәнтті етері сөзсіз!

Манежде Монте-Карло, Испания және Қытай, Москва және Астана халықаралық цирк фестивальдары лауреаттарының қатысуымен цирк номерлері қойылады.

«Азия Жаңғырығы» VIII Халықаралық цирк өнері фестивалінің күміс жүлдегері Алексей Храменковтың жаңа технологияны қолдануымен «Лазер шоу» бірегей номері

«Даршылар» нөмеріне спорттық акробатика бойынша спорт шебері Андрей Гиренконың жетекшілігімен фестивальдық номері қойылады. Бұл номердің артистері Жапонияда, Қытайда және ТМД елдерінде цирктік гострольдік қойылымдарға қатысқан. Номердің бірегейлігі арқанмен жүретін артистері көптеген трюктарын 10 метр биіктікпен оданда жоғары биіктікте қауіпсіздік арқансыз жасайды!

Атты акробатикалық «Номад» тобы Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері,«кинемотографтағы спортты дамытуға қосқан үлесі үшін "Америкалық киноакадемияның «Оскар» жүлдегері Жайдарбек Күнгужиновтың басшылығымен халықаралық цирк өнері конкурстар мен фестивальдарының жүлдегерлері шабандоз жігіттердің жаңа эксцентрикалық номерін ұсынады;

«Әуедегі хула хуптар» номері әуе гимнасты Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері 2010 жылы Санкт-Петербург қаласында «Якут циркінің гауһары», Алтын кубок Монте-Карло- дағы VII Халықаралық цирк өнері фестивалінде, «Күміс арыстан» VIII Халықаралық цирк өнері фестивалінде (Учао қаласы, ҚХР) жүлделерінің иегері Алия Канахина ұсынады ;

Акробатикалық дуэт «Әуе бамбугі» Халықаралық цирк өнері фестивалінің лауреаты ҚХР Учао қаласы, Швециядағы V Халықаралық цирк өнері фестивалінің «Цирк ханшайымы», арнаулы «Familly Bronett» жүлдесінің иегері Ольга Демидованың жетекшілігімен.

Асқан шебер номер «Доптармен жонгляж» ҚР еңбек Сіңірген қайраткері Курмангали Досбатыровтың жетекшілігімен цирк артисі Айым Мусабай ұсынады.

Жұп эквилибр номерін VII Халықаралық шығармашыл жастар «Шабыт» фестивалінің алтын жүлдегер иелері Индира Тұтқабекова мен Талғат Оңалбаев ұсынады.

Сондай-ақ бағдарламада көптеген басқа да теңдессіз, ерекше нөмірлер және көптеген үйретілген жануарлар! Қойылым әр қилы жастағы көрермендерге арналады. Қойылым уақытының ұзақтығы 2 с. 20 мин. 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту