Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

 DSC 0091-min

DSC 0100-min

DSC 0097-min

Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінің кіші кеңес залында  2017 жылдың 24 –ші ақпанында Құжаттарды жинақтау қызметінің  басшысы Нурманова Нағима Ташкенбайқызының   қатысуымен «Медициналық  мекемелерде құжаттаманы басқарудағы  үлгілік қағидаларды практикалық түрде енгізу» атты тақырыбында   семинар өткізілді.

Аталған семинарға,  24 қалалық емханалар мен  медициналық ұйымдардың архивке жауапты тұлғалары мен іс жүргізушілері қатысты. Бағдарлама   бойынша,   семинар практикалық  және теориялық  бағытта өткізілді. Семинарды  ведомстволық және жеке архивтердің құжаттарын жинақтау бөлімінің басшысы Наурызбай Гульжан Бейсенбекқызы  алғы сөзімен ашты. Өз сөзінде, бөлім басшысы, Алматы қаласындағы мемлекеттік  ведомстволық  ұйымдарда жеке құрам бойынша құжаттардың   сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық күшімізді салуымыз қажет, өйткені, бұл құжат біздің азаматтарымыздың  еңбек жолын көрсетеді деп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинардың теоритикалық бөлімінде, ведомстволық және жеке архивтердің құжаттарын жинақтау бөлімінің қызметкерлері  Меркуленкова И.С., Амирханова Г.Н. және Волкова Е.Ю. сөз сөйледі. Осы іс-шараның барысында, құжаттарды қалыптастыру, істерді қалыптастыру мен рәсімдеу, ұйымның істер номенклатурасы, құжаттарды жедел сақтау мен ведомстволық архив  тақырыбы толық ашылып, орындау тәртіптері көрсетілді.

Сондай-ақ,  семинардың практикалық бөлімінде қатысушыларға қарастырылған сұрақтар бойынша тестілеу жұмысы жүргізілді және таратпа материалдары  (CD) берілді.

Семинар соңында,  Құжаттарды жинақтау қызметінің  басшысы Нурманова Н.Т. сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын айтып, медициналық ұйымдарда аталған үлгілік қағидаларды жақын арада қолданылатынына сенім білдірді.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту